Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Информатика жұлдыздары» сайысы


«Информатика жұлдыздары» сайысы

«Информатика жұлдыздары» сайысы

Күні: 13.12.2012ж.

Қатысушылар: 7-11 сынып оқушылары.

Түрі: сыныптан тыс сайыс-сабақ

Мақсаты

Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.

Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық  жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК, таратпа тапсырма, оқушылардың қолдан жасаған туындылары.

Сайыстың жоспары:

1-кезең. Таныстыру.

2-кезең. Ойлан, тап!

3-кезең. Ескіден жаңа жасау.

4-кезең. Кім жылдам?

5-кезең. Марапаттау.

Сайыстың барысы:

1-кезең. Таныстыру.    

Мұғалім:

Информатика әлемі,

Неткен ғажап әсерлі.

Шыққан сонау ертеден,

Орын алды көңілден

Интернетте құстай ұшып самғаймыз,

Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.

Технология дамып жатыр күнбе-күн,

Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!

Осылайша сайысымызды бастаймыз!

Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған информатиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің «Информатика жұлдыздары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер. 1-ші топ «Интернет», 2-ші топ «Windows».

Енді әділ қазы алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Мектеп психологы – Қасымжанова Марал Төлегенқызы
  2. Тарих пәнінің мұғалімі – Дюсенова Рысжан Қаратаевна
  3. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалім – Мухаметжанова Индира Еркеновна

-Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.                                                                                         

Бүгінгі кеш төрінде

Дарындылар елінде

Тапқыштардың тілінде,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппенен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық

Жұмбақ шерді шашайық

Ат салысып аянбай

Бар өнерге басайық.

Бүгінгі сайысымыз 4-кезеңнен тұрады.

1-кезең. Таныстыру

2-кезең. Ойлан, тап!

3-кезең. Ескіден жаңа жасау.

4-кезең. Кім жылдам?

Әр кезең біткен соң әділ қазы алқасы топтарға ұпай санын береді, жоғарғы ұпай 5, төменгі ұпай саны 3.

1-кезең. Таныстыру.

Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Ортаға «Интернет» тобын шақырамыз... Келесі «Windows» тобы қарсы алыңыздар!

Әділ қазы алқасы бірінші кезең бойынша топтардың бағасын берсеңіздер.

2-кезең. Ойлан, тап!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,

Интернеттің, жаңалықтың бәрін де

Мүмкін емес информатикасыз түсіну-дей отырып «Ойлан, тап!» атты 2-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әрбір топқа информатика саласы бойынша 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай. Экранға назар аударамыз,әр сұрақтың 5 жауабы келесі фигураларда жазылған, егер жауаптарыңыз дұрыс болса фигура жасыл түске, қате болса қызыл түске боялады. Олай болса «Интернет» тобының сұрақтары, экранға назар аударыңыздар.

  1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т.б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы (Ақпарат).
  2. Ресейде XVI-XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал (Есепшот).
  3. Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды  қалай атайды (Кодтау).
  4. Paintграфикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады? (16)
  5. Санның цифрына бөлінетін позицияны қалай атайды? (Разряд)
  6. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру (Алгоритм).
  7. “Кибернетиканың атасы” деп қай ғалымды атайды? (Норберт Винер)
  8. Integer сөзі қандай типті білдіреді? (Бүтін)
  9. Microsoft Word қандай редактор? (Мәтіндік)
  10.  

 Келесі кезек «Windows» тобында.

  1. Көрінетін бейнелер мен символдар арқылы берілетін ақпарат түрі? (Визуалды)
  2. Графикалық редакторды табыңыз? (Paint)
  3. Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі. (Санау жүйесі)
  4. Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. (Мәтінді форматтау)
  5. “Қосу машинасын” ойлап тапқан ғалым? (Блез Паскаль)
  6. Сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған бағдарлама. (Excel)
  7. Трансляторлар неше түрге бөлінеді? (3)
  8. Паскаль тілін ұсынған швейцариялық ғалым? (Никлаус Вирт)
  9. Графикалық файлдардың кеңейтілуі (gif)
  10.  

Әділ қазы алқасы 2-кезең бойынша топтардың ұпай сандарын білсек.

3-кезең. Ескіден жаңа жасау.

Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар - дей келе біз «Ескіден жаңа жасау атты» 3-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде оқушылар компьютердің ескі заттарынан жасаған өз туындыларын таныстырады. Ортада «Интернет» тобы. Келесі кезекте «Windows» тобы.

Әділ қазы алқасы 3-кезең бойынша топтардың ұпай санын білсек.

Құтқарып  ауыр  бейнеттен

Техниканы  үйреткен

Роботтай –адамды

Тіл  бітіріп  сөйлеткен

Компьютер  емей  немене

Білмегенді  білдірген

Өлшеп  киім  кигізген

Барлық  істі  атқарып

Пайдасын  елге  тигізген

Біз «Кім жылдам» атты 4-кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде әр топтан 1 оқушыдан шығып, ортадағы компьютерлерде менің қолымда тұрған «Достық» тақырыбындағы мәтінді қатесіз, әрі суретпен әдемілеп теру керек. Жылдам әрі қатесіз терген топқа 5-ұпай беріледі.

5-кезең. Марапаттау.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болды

Білімдірек шәкірт озып

Қиынырақ тапсырма болды-дей отырып бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Әділ қазы алқасына сөз берейік


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Көңілді тапқырлар» сайысы
Информатика білгірлері мен тапқырлары
Информатика жұлдыздары
Информатика әлемінде сайысы
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Қазақшаңыз қалай?
Тіл мәртебесі- ел мәртебесі
Қызықты Информатика
Ғажайып информатика
Информатика патшалығында
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 7259 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык