Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әйгілі Вена опералық театры


Әйгілі Вена опералық театры

 Әйгілі Вена опералық театры 

Пәні:

Музыка

 

Сыныбы:

4 «а»

 

Уақыты:

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Әйгілі Вена опералық театры

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзіреттілік:

 

 

Оқушыларға әйгілі Вена опералық театры туралы ақпарат беру. Балалардың шығармашылық қабілетін жетілдіру. Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру.

 

ә) коммуникативтік құзіреттілік:

 

Музыканың көркемдеуші құралдарын ажырата білуге үйрету. Әнге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

б)  проблеманы шешу құзіреттілігі:

 

 

Ән айту дағдыларын арттыру. Отанды сүюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

аралас сабақ

 

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

 

 

Ынтымақтастық, дамыта оқыту, білім беруді ізгілендіру.

 

Сабақтың әдісі:

 

Түсіндірмелі - иллюстративті, сөздік, сұрақ-жауап.

 

Пәнаралық байланыс:

 

Қазақ тілі, математика, бейнелеу өнері

 

Оқыту құралдары:

 

Оқулық, суреттер, бейнеролик, аспап, плакаттар

Сабақтың барысы

     Мұғалімнің қызметі

  Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру

        Бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Музыка сабағында қалай отыру керек екенін еске түсіреміз.

- Көңіл-күйіміз қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Құралдарымызды шығарып, сабағымызды бастайық.

« Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен «Мен жақсы оқушымын, мен әдемімін!» деп 2 рет қайталаңдар. Бір-біріңе қарап, жымиыңдар!»

- Амандасады. Отырады.

 

 

- Жақсы, дайынбыз. Құралдарын шығарып, сабаққа кіріседі.

 

 

«Мен жақсы оқушымын, мен әдемімін! Мен жақсы оқушымын, мен әдемімін!»

 

 Қарым-қатынас орнайды.

 Оқушылар зейінін сабаққа аударады.

 

 

Сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырманы қайталау, пысықтау.

Чайковский өмірі туралы мәлімет айтады.

 

 

 

Чайковский Петр Ильич — Ресей композиторы, дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. 1852 жылы Чайковскийдің отбасы Санкт-Петербург қаласына қоныс аударды.

Алғашында Құқықтану училищесінде (1850 — 59) оқып, оны бітіргеннен кейін Заң министрлігінде (1859 — 63) лауазымды қызмет атқарды. Бірақ музыкаға деген шексіз ынтызарлық оны орыс музыка қоғамының музыка класына (1861 — 62), одан кейін Санкт-Петербург консерваториясына (1862 — 65) алып келді. Консерваторияны үздік бітірген Чайковский  аталмыш оқу орнында комп. А.Г. Рубинштейннен тәлім алды. 1866 ж. Мәскеу қаласына қоныс аударған ол ұстаздық етіп, консерваторияның професоры  ретінде көп еңбектенді. Осы кезде 1-симфониясын (“Қысқы ойлар”, 1866) және “Воевода” операсын (1968) жазды әрі музыка сыншысы ретінде (1868 жылдан) танылды. Ол — Ресейде гармония туралы тұңғыш оқулық жазды.

 

 

Үй тапсырмасына дайындық деңгейлері анықталады.

 

 

 

Чайковскийдің өмірбаяны туралы өздері қарап келген мәліметтерін айтады.

Өздері ізденіп келген мәліметті айту барысында басқа оқушылардың білімдері кеңейіп, түсініктері молаяды.

Шығармашылық жолы қай уақыттан басталғаны туралы әңгімелейді.

ІІІ. Өткен материалды қабылдау

арқылы жаңа

материалды

қабылдауға

дайындық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстыңыздар? Жақсы тақырыпты еске түсіріп пысықтап  алайық.

- Дүние жүзіне танымал алдыңғы қатарлы опера және балет театры, Ресейдің ұлттық музыкалық театр мәдениетінің ең ірі ошағы?

- Театр шымылдығы қай жылы ашылды?

 

 

- 19 ғасырдың 70-жылдары аяғында Үлкен театрда қандай шығармалар қойылды?

 

 

 

 

 

- Қазақстанның  мемлекеттік  академиялық опера және балет театры Мәскеу қаласындағы Үлкен театрдың сахнасында қандай спектакльдер қойды?

 

 

 

Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты айқындайды.

 

 

                          

 

 

 

 Е     

          

              Н                      

 

 

 А                                   

                                         

 В

 

 

 

 

 

-Үлкен театр

-1825 ж. 18 қаңтарда  А.Н. Верстовский мен А.А. Алябьевтің “Музалар салтанаты” атты прологымен ашылды.

 

- П.И. Чайковскийдің “Аққу көлі” (1877), “Евгений Онегин” (1881), “Мазепа” (1884), “Қарғаның мәткесі” (1891), “Иоланта” (1893), “Ұйқыдағы ару” (1899)

Ребусты шешіп, жаңа тақырыпты айқындайды.

 

 

 

- (Жұбанов пен Хамиди, “Абай”; Төлебаев, “Біржан — Сара”; Е.Г. Брусиловский, “Дударай”, Ғ.А. Жұбанова, “Еңлік — Кебек”; А.Серкебаев, “Ақсақ құлан”)

 

 

 

Ребусты шешкенде «Вена» сөзі шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой толықтырады, білімдерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындай отырып. Жаңа сабаққа жақындайды.

 

 

 

Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өткен тақырып толығымен қайталанады, оқушылар естеріңе түсіреді.

 

 

 

Маңызды мәліметтер естеріңде сақталады.

 

 

 

 

Фигуралардың орнына әріптерді қою арқылы ребусты шешеді және жаңа сабақтың

тақырыбын айқындайды.

IV. Жаңа материалды меңгерту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық.

 

Он тоғызыншы  желтоқсан

Әйгілі Вена опералық театры

Жаңа сабақты түсіндіремін.

 

 

Дионис тәңірінің құрметіне табынған ежелгі гректер үлкен өнердің бастау алуына себепші болатындарын сірә, сол кезде білмеді. Көне грек театрының негізін қалған Еврипид, Софокл, Аристофан есімдері кез келген жанға таныс. XVI ғасырда Еуропада көпшіліктің көңілін көтеру мақсатында алғашқы театрлар салына бастады.

Бұл күндері театр үлкен мәдени ошаққа айналды. Қазіргі таңда кез келген мемлекетте бірнеше өнер ордалары тұрғызылған. Оның ішінде аты алты құрлыққа жайылған танымал театрлар бар.

Вена операсы

Әлемнің ең үздік театрларының бірі Австрия астанасы Вена қаласында орналасқан өнер ордасы 1869 жылы мамыр айында Моцарттың «Дон Жуан» операсымен ашылды. Театр ғимараты ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде біраз қиратылды. 1955 жылы ғимарат қалпына келтіріліп, Бетховиннің «Фиделио» операсымен ашылды. Әр жыл сайын театрда 60-тан астам жаңа операның тұсауы кесіліп, театр жылдың 285 күні жұмыс істейді. Сондай-ақ, театр жыл сайын «Опера балын» ұйымдастырады.

 

 

Әйгілі Вена опералық театры

 

                                                                

Музыкалық  сауат  ашу :

   Нота  дыбыстарының  бірыңғай  ұзақ  немесе  қысқа  болып,  белгілі  заңдылығы , саналу  реті  бар.

 Бүтін  нота  - саналу  реті    

  О     (1- ге , 2- ге, 3- ге ,4- ке.)

 Жартылық   нота  - саналу  реті  

   о/ - (1- ге, 2- ге .)

 Төрттік  нота  - саналу  реті    

  о/  - (   1-ге)

 

 

 

 Ән:  «Жан анам»

 Әнін жазған: Е.Өміров

Сөзін жазған: Қ. Жаленова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар дәптерге күннің жадын жазады.

 

Он тоғызыншы желтоқсан

Әйгілі Вена опералық театры

 

Жаңа материалды тыңдайды.

Қосымша материалдарды оқып танысады, өз білімдерін кеңейтеді.

    

 Әйгілі Вена операсының елордада гостролі өтеді, ал Австрияда қазақстандық «Астана опера» театрының қойылымы болады.

 

Вена театры – әлемдегі беделді сахналардың бірі. Осы жоспарлардың жүзеге асырылуы 2 мәдени сарай жетекшілерінің Венадағы кездесуі барысында талқыланды. Сахнада Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй» операсы басталады. Ал оның дирижеры  Пласидо Доминго. Билеттердің барлығы алдын ала сатылған. Зал көрерменге лық толы болады деп күтілуде. Сахнада қойылымға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Декорациялар қойылмаған. Вена мемлекеттік операсының директоры қазақстандық әріптесі Төлеген Мұхамеджановқа ғимарат ішін көрсетуде. Вена опера театрының репертуары 2018 жылға дейін белгіленіп қойған. Бір маусымда 350-ден астам опералық және балет қойылымы көрсетіледі. Мұнда әртістер тынымсыз еңбек етеді. Вена опера театрының тарихы 1869 жылдан бастау алады. Ол кезде мәдениет ордасы Вена императорының сарай операсы деп аталған. Театр шымылдығы Моцарттың «Дон Жуан» қойылымымен ашылды. Сондықтан жыл сайын Венаға әлемнің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған саяхатшы осы театрға келуге тырысады.

- Вена опера театрымен ынтымақтастық жас театрымыз үшін өте маңызды. 2015-2016 жылдары Астана театрының Вена сахнасында өнер көрсету мәселесін талқыладық.

 

Австрия операсының майталмандары Еуразия жүрегі Астанада ашылған жаңа театрға үлкен қызығушылық танытты. Еуропа театрлары үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін бұл ынтымақтастық өте маңызды. Олар биыл көктемде біздің әртістердің шеберлігін Қазақстанның Австриядағы мәдени күндері аясында байқаған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Нота ұзақтығы туралы түсініктері қалыптасады.

 

Бүтін  нота  - саналу  реті    

  О     (1- ге , 2- ге, 3- ге ,4- ке.)

 Жартылық   нота  - саналу  реті  

   о/ - (1- ге, 2- ге .)

 Төрттік  нота  - саналу  реті     

  о/  - (   1-ге)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа тақырып бойынша мәлімет жинақтайды, білімдерін кеңейтеді.

 

 

Алғашқы театрлардың салынуы жайлы мәлімет беріледі.

 

 

 

 

Оқушылар қосымша материалдарды өз беттерімен оқу арқылы өз білімдерін, түсініктерін кеңейтеді.

Аты алты құрлыққа жайылған танымал театрлар туралы айтылып өтіледі.

 

 

 

 

 

 Солардың бірі әйгілі Вена опералық театры туралы мәлімет беріледі.

 

 

 

Вена операсымен Қазақстан операсының арасындағы байланыс туралы ақпарат жинайды.

 

 

 

 

Оқушыларға әйгілі Вена опералық театры суреті көрсетіледі.

 

 

 

Оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасы кеңейіп, музыкалық құбылыстарға деген қызығушылығы дамыды.

Көркемдік талғамдары қалыптасты.

 

 

Нота ұзақтығы туралы түсініктері қалыптасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жан анам»  әнін дәптерлеріне жазып,  ән айтып дауыстарын жаттықтырды.

 

 

Ән мазмұны бойынша талданды.

Өлең шумақтарында кездесетін күрделі сөздердің мағынасы ашылып, оқушылар ұғынды.

 

 

 

Көңілдері көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады.

V. Жаңа материалды бекіту.

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс

 

«Адасқан әріптер» (дұрыс сөзді табу)

Ал-калас  - Ла-Скала

Полиметротен    -    Метрополитен

Кенүл – Үлкен

Наве – Вена

 

 

Берілген тапсырманы мұқият орындайды.

Әріптерді орнына қою арқылы  әлемдегі әйгілі театрлардың аттарын табады.

 

 

 

Сұрақтарға жауап беріп бүгінгі жаңа сабақты қаншалықты түсінгендіктерін көрсетеді.

Шығармашылық қабілеттерін артытрады.

VI. Үйге тапсырма.

Үйге тапсырма:

Ұрмалы аспаптардың бір түріне сипаттама беріп, суретін салып келу.

 

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

VII. Бағалау.  

     Қорытынды.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

- Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Күнделіктеріне баға қойғызады.

Марапатталады.

- Сау болыңыз!

Сабақ қорытындылана-

ды.

                                                                     


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ойындар сайыс сабағы.
XVIII ғасырдағы музыка өнері.
Халық әні және опера
Қазақстандағы балет өнері.
Сергей Васильевич Рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы.
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қатысуы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Мусоргский шығармаларындағы халық әндері
Римский-Корсаков. Ақшақар операсы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10282 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык