Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Күбі жасау технологиясы


Күбі жасау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Күбі жасау технологиясы

Сабақтың   мақсаты:  оқушыларды   күбінің   түрімен,жасалу   жолдарымен     таныстыру   қандай  ағаш   түрлерінен   жасалатының  айту
Оқыту   мен   тәрбиелеудің   міндеттері:
1.Білімділік: күбінің   жасалу   жолы   мен  оның   қолданылатын     орны   жайлы  ақпарат   беру,ұлттық   бұйым   түрі    екенінайту.
2.Дамытушылық:  оқушылардың    ермексазбен   жұмыс   істеу   дағдыларын    арттыру.
3.Тәрбиелік:  оқушылардың    жұмыс   істеу  ептілігін   қалыптастыру,еңбек  мәдениетіне    баулу.
Көрнекіліктер:    Күбі,мақал-мәтелдер,слайд.
Сабақ   түрі: еңбекке   баулу,Әдебиеттік   оқу.
Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап,түсіндіру,жасау.   
Сабақ   барысы:
   I.Ұйымдастыру    кезені:  оқушыларды   түгендеу, сабаққа   дайындығын   тексеру.
   II. Үй   тапсырмасын   тексеру   
   III. Жаңа   сабақ:
Оқушыларға   сұрақ   қойылады:
Күбі   дегеніміз   не?  Күбіні   қай   кезде   қолданады?
Күбі - май   шайқайтын, көже,ашымал   ашытатын,саба   орнына   қолданылатың    қымыз,шұбат   пісетін    ыдыс.
Күбінің   жасалу   технологиясы    қиын   болғандықтан   сирек   кездеседі.Күбінің   ауыз   жағы   тарлау   келеді  де,дөңгелек   қақпағының   ортасына  піспек   өткізілетін   тесік   жасалады.Қымызға   арналған   күбілер   әдетте   аласалау,кеңдеу   болады.Кейбір    күбінің   сыртына   ою   өрнек   салынады.

Жасалу   жолы: Күбіні,піспекті    жасауға- қайың,емен,арша,талдан   дайындалған   жұқа   тақтайшалардан   құрап   жасайды.Жеке    тақтайшалардан   құрап   жасаған   күбіге   түп   салынады,сыртынан   темір    құрсаулармен  тартады.Күбіде   төрт   құрсау   болады.
Күбінің   келесі   түрі-ағаш   діңінің   ортасын   тұтас    ойып   жасалған   күбі.Мұндай  күбі  жасалу  техналогиясының  қиындығына  байланысты  өте  сирек   кездеседі.Оның  іші  тегіс  болу  үшін  күйдіріледі.Күбінің  сыйымдығы  әртүрлі  болады.Шаң-тозаң  түспес  үшін, дөнгелек  қақпақ  жасалады.Піспек  сабы  шығып  тұратын  тесік  қалдырады.
Қажетті   заттар: ермексаз, босаған  құрғақ  желім  құтысы, төсеніш  қатырмақағаз,таза  шүберек,т,б
Сабақты    қорыту:  Күбіні   жасау   үшін   қандай   ағаш   түрлерін   пайдаланған?
Күбіде   неше   құрсау   болады?  Бұрынғы   заманда   неге   ата   бабаларымыз   күбіні   ыдыс   ретінде   ұстаған?
Сабақты   бекіту: Топтастыру
Қымыз, шұбат  ашытады   Май  шайқайды
Күбі 
Сусын  ұзақ  сақталады   Көже,ашымал  ашытады
  Бағалау:  Оқушылардың   істеген   жұмыстарын  қарап,тексеріп  бағала у.
Үйге   тапсырма:  Күбіде  айранды,сүтті,іркітті   қалай  пісетінін  үлкендерден   сұрастырып   көр? Піспекті   үйде  жасап   келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жаңа жыл шыршасын безендіру.Жұлдызша жасау
Шығармашылық жоба бойынша ағаштан оқтау жасау
Еңбекке үйрету
Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау
Халық қолөнері. Кебеже жасау технологиясы
Ағашты көркемдеп оюдың түрлері
Ағашқа түсірілетін оюлар түрлері. Әшекейлі ағаш беттеріне өң беру және күйдіру әдістері
Ағашты ою. Ағаштан сувенирлік бұйымдар дайындау
Сандық және кебеже беттерін әшекейлеп оюға эскиздер дайындау
Ағаштарды көркемдеп өңдеу, жиналмалы балалар орындығын жасау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6823 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык