Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу


Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу

Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді алу

Тікелей (экономикалық) араласу
Сабақтың мақсаты: 
б) оқушыларды көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдерді ала білуге үйрету;
д)  өзіндік ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
т)  жұмыс жасату арқылы іскерлікке, төзімділікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, сарамандық жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымдарын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ
Матаны пішіп, пішімдер алу үшін алдын-ала сызбалар дайындалады. Пішімдер жасау өте жауапты операция. Ол үшін тігін бұйымының қандай бөлшектерден тұратынын және өлшемін дәл білу керек.Пішімді дайындаудың бірнеше әдісі бар: есепті-графикалық жүйе, макет жасау, муляжді әдіс, яғни матаны сәнмүсінге немесе дене бітімге түйреу. Көптеген есепті-графикалық жүйе әдістері үшін кез-келген пішімнің негізі сызба боллып табылады. Мұндағы стандартты өлшемдер дене бітімге арналады.
Киімді конструкциялауда негізгі операциялардың бірі «өлшем алу» болып табылады. Киім тігу үшін алдын-ала өлшемін алу керек. Өлшемді қысқартылып алынған сөздердің бас әріптерімен белгілейді. Бас әріптің оң жағындағы әріп өлшем бөлшектерін көрсетеді. Мысалы: жартылай бел айналымы – ЖБа, жартылай мықын айналымы – ЖМа, иықтың қиғаш биіктігі – Иқб.
  Өлшем алғанда белді алдын-ала белбеумен буып алады. Дене бітімінің шығыңқы тұстарында (кеуде бездері, мықын айналысы) таспаны көлденең жағдайда ұстайды. Сантиметрлік таспаны қаттаы тартып ұстауға немесе бос ұстауға болмайды. 
Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдермен танысайық:
Сарамандық жұмыс  (Өлшем алу)
Сұрақ-жауап: 
1. Сән сөзін қалай түсінесіңдер?
2. Осы заманға сай сән киімдерінде қандай бағыттар бар?
3. Силуэт дегеніміз не?
4. Пішім дегеніміз не?
5. Стиль дегеніміз ен?
6. Костюм дегеніміз не?
7. Тұлға өлшемдері қалай алынады?(орамдар, ендер, ұзындықтар)
8. Қосымша дегеніміз не?
Үйге тапсырма:
Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдер
Өлшем атауы Әріппен белгіленуі Өлшем орындары Өлшем алу
Жартылай мойын айналымы ЖМойа Мойынның мөлшерін анықтау Мойынның басталған тұсынан бастап, жетінші мойын омыртқасын бойлай, мойын шұңқырына дейін
Жартылай кеуде айналымы, бірінші ЖКаІ Бұйым енін және бүкпе анықтау Артқы жағынан – жауырынды көлденеңінен, артқы қолтық астын шұңқырын бойлай, ал алдыңғы жағынан кеуде безі үстімен
Жартылай кеуде айналымы, екінші ЖКаІІ Иық бұйымдарының енін және өлшемдерін анықтау Артқы жағынан – жэауырынды көлденеңінен, артқы қолтық асты шұңғқырын бойлай, ал алдыңғы жағынан кеуде безінің шығыңқы нүктесі тұсынан
Жартылай бел айналымы ЖБа Бұйымның бел бойынша енін анық Белбеу бойымен көлденеңінен бел сызығын
Жартылай мықын айналымы ЖМа Бұйымның мықын бойынша енін анықтау Бөксенің шығыңқы нүктесінен, алдыңғы жағынан – қарынның дөңестігін ескеріп
Жартылай кеуде ені ЖКе Кеуденің алдыңғы жағынан енін анықтау Алдыңғы жағынан қолтық асты шұңқыры аралығын кеуде безі үстімен
Кеуде биіктігі КБ Кеуде бүкпесінің ұзындығын анықтау Алдыңғы жағынан – мойынның иық ылдиы бойымен кеуде безінің шығыңқы нүктесіне дейін
Алдыңғы бойдың бел сызығына дейінгі ұзындығы Албұ Алдыңғы бойдың жоғары нүктеден бел сызығына дейінгі ұз. ан. КБ ұқсас, бірақ бел сызығына дейін
Артқы бойдың бел сызығына дейінгі ұз. Арбұ Бел сызығының орнын анықтау Артқы жағынан – мойынның иық ылдиы бойымен бел сызығына дейін
Иықтың қиғаш биіктігі Иқб Иық ылдиы сызығының орналасуын анықт. Артқы бойдан бел смызығының омыртқа мен қиылысқан тұсынан иық нүктесіне дейін
Жартылай артқы бой ені ЖАрбе Арқа енін анықтау Жауырындарды бойлай, қолтық асты шұңқыры бұрыштары аралығы
Иық ені Ие Бұйымның иық енін анықтау Мойын мен иық қиылысының басталған жерінен иықтың шеткі нүктесіне дейінгі аралық
Жең ұзындығы Жұ Жең ұзындығын анықтау Қолдың иілуін иық нүктесінен бастап, қалаған ұзындыққа дейін, шынтақтың тұсын есепке ала отырып өлшеу
Иық айналымы Иа Жең енін қолдың ең енді тұсынан анықтау Қодың ең енді тұсын қолдың қолтық асты шұңқырының жанынан өлшейді
Білезік айналымы Ба Төменгі жағынан жең енін, қаттама ұзын. анық. Қолдың ең жіңішке тұсын анықтау
Бұйым ұзындығы Бұ Бұйым ұзындығын анықтау Мойынның басталған тұсы жобаланған иық тігісінен қалаған ұзындыққа дейін, бұл кезде омыртқа ұзындығын да есепке алу керек

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өлшем алу. Әйелдер шалбарын модельдеу.
Қазақтың ұлттық ойындары.
Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін анықтау
Өзін- өзі тану физика
Тік белдемшеге қажетті өлшемдер алу
Сүйек сынғанда және буын шыққанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Тыныс алудың маңызы. Құрылысы мен қызметі.
Қаңқа бөлімдері
VI – IX ғасырлардағы отырықшылар және көшпелілер мәдениеті
Киімнің жағасы туралы түсінік
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6877 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык