|
|
Өзін- өзі тану физика
Өз денеңнің көлемін есептеу.
Адам денесінің моделін өте қарапайым түрде, келесі геометриядық пішіндер жиынтығы деп есептеуге болады;
Бас – шар, дене – тікбұрышты параллелепипед, қолдар мен аяқтар – қиылған конустар.
Есептеулер жүргізіп, дененің толық көлемін табыңдар:
Vтолық = Vб + Vд+2Vқол+2Vаяқ= l3б + Lg·bg·cg+2Lқол(l2 қ1 + l2 қ2+ lқ1· lқ2) + Lаяқ (l2 а1 + l2 а2+ l а1lа2)
Мұндағы:
Vб - бастың көлемі, Vд - дененің көлемі, Vқол – қолдың көлемі, Vаяқ – аяқтың көлемі, l б – бас айналасының ұзындығы, Lg bg cg – дененің ұзындығы, ені, қалыңдығы, Lқол – саусақтың ұшынан, шыққа дейінгі қолдың ұзындығы, lқ1 + l қ2 – шыққа дейінгі қолдың айналасы және алақанның айналасы, Lаяқ – аяқтың ұзындығы, l а1, lа2 – санның айналасы мен өкшеге дейінгі аяқтың айналасы.
Суға кірген кезде табылған көлемді, осы есептеп тапқан көлеммен салыстырыңдар.
Қадамның орташа ұзындығын анықтау.
- 1 шам бағанынан 2 шам бағанына дейінгі қашықтықты жүріп өтіп, неше қадам N жасағандарыңды санаңдар.
- Шам бағандарының арақашықтығын біліп (ГОСТ бойынша қалада ол 40м тең), қадамның ұзындығын l1 (м) табыңдар.
- Бірнеше шам бағанынан үшінші шам бағанына дейін жүріп барып, l2 қадамның ұзындығын табыңдар.
- Бірнеше бағаннан 4 –ші бағанға дейін жүріп өтіп, l3 қадамның ұзындығын есептеңдер.
Ескерту: Егер, бағандардың арақашықтығының ділдігіне күмәндансаңдар, 1 – 4 тапсырмаларды мектептің спорт алаңында немесе стадионда орындаңдар. Ол жерлерде жүріп өткен жолды есептеу оңай болады.
- Қадамдарыңның орташа ұзындығын lорт табыңдар:
Өз денеңнің тығыздығын және көлемін анықтау.
- Өз үйіндегі жуынатын ваннаның ұзындығын l(м) және енін b (м) өлшеу;
- Ваннаны жылу сумен толтырып деңгейін өлшеу;
- Суға толық батқандағы деңгейін белгілеу. Судың көтерілу биіктігін өлшеу h (м) ;
- Ығыстырылып шығарылған судың көлемін және басты еске алмағандағы дене көлемін анықтау Vg = l b h.
- Басты еске алу үшін, оның диаметрін өлшеу;
- Басты шар деп есептеп, оның көлемін анықтау:
Vб= π d3
- Өз денеңнің толық көлемін анықтау;
Vж =Vд+ Vб
8.Таразы арқылы өз денеңнің массасын өлшеу;
9.Өз денеңнің тығыздығын есептеп шығар:
Өз денеңнің тығыздығын судың тығыздығымен салыстырып, қорытынды жасау.
Өз дененің бетінің ауданын анықтау.
- Алдыңғы тапсырманың есептеулерінің нәтижесін пайдаланып, өз денеңнің бетінің ауданын есептеңдер:
Sортақ= Sб+Sg+2Sқ+2Sа= + 2(Lgbg + Lgcg + bgcg ) + 2π (Lқ + Lқ + ) + 2π (Lа + Lа + )
- Денеңнің m (кг) ассасын, бойыңды һ (м) өлше, өз денеңнің ауданын, медицинада қолданылатын бағалау (эмпирикалық) формуласымен есепте:
S= 0,16
- Алынған нәтижелерді салыстырыңдар.
Отырып-тұру жаттығуы кезінде өндірілетін орташа қуатты анықтау.
1.Беліңіздің биіктігін өлшеңіз Н(м).
2.Еңкейіп тұрып, денеңіздің биіктігін өлшеңіз һ(м).(бұл кезде ауырлық центрі шамамен 0,5һ биіктікте болады)
3.Денеңіздің m (кг) массасын таразымен өлшеңіз.
4.Белгілі бір уақыт аралығында n рет отырып-тұру жаттығуын жасаңыз.
5.Өндірілетін қуатты есептеңіз. N(Вт)
N= n (Н – 0,5 һ)
Денеңнің бетке түсіретін қысымын анықтау.
- Шақпақ бетті қағазға аяғымызды қоямызда , оның пішінін қарындашпен сызып өтеміз.
- Өкшенің манайыңдағы толық шақпақтар N мен n толық емес шақпақтарды санаймыз.
- S1 өкшенің ауданын табамыз:
S1= (N + )0,000025 м2
1 – 3 тапсырмаларды суланған аяқты қағазға қою арқылы жүзеге асырамыз. Оның тәт тіреу ауданының нақтылығын көрсетеді. S2; оны S1 мен салыстырамыз.
- Екі өкшенің ауданын табамыз. Sорт;
Sорт=2 S2
- Денелеріңнің m массасын таразымен өлшеңдер.
- Денелеріңнің P салмағын табыңдар. Ол сендердің денелеріңе әсер ететін ауырлық күшіне тең:
P=F=mg
- Өздерің тұрған бетке түсіретін қысымды р(Па), табыңдар:
«Перекладинада» жаттығу орындау кезіндегі қолымыздың күшін анықтау.
- Спортзалдағы перекладинада бір қолымызбен қолдарыңыздың бұлшық еттері қатайғанша бірер уақыт ілініп тұрыңыз.
- Таразымен денеңіздің m массасын өлшеп, оған әсер ететін ауырлық күшін есептеңіздер:
F=mg
- Алдыңғы тапсырмадан денеңіздің көлемінің өлшеу нәтижесін алыңыз.
- Ауаның сіздің денеңізді итеру күшін табыңыз. FА(Н):
FА=ρgVорт
Мұнда ρ=1,3 кг/м3- ауаның тығыздығы, ауаның итеру күші, сізге әсер ететін 0,1% - ке сәл үлкен, сондықтан FА ескерілмейді.
- Перекладинаға әсер ететін қолыңыздың күшін Fқ анықтаңыз:
Fқ= Fg - FА ≈ F
Штанга көтерген кездегі меканикалық жұмысты анықтау.
- Жұдырығыңызды түйіп, қолыңызды жоғары көтеріңіз, сол биіктікті белгілеп, өлшеп алыңыз.
- Көтеретінштанганың массасын m (кг) анықтаңыз.
- Штанганы көтеріңіз. Осы кезде орындалған жұмысты есептеңіз:
А= mgһ
Биіктікке секірген кездегі механикалық жұмысты анықтау.
- Денеңіздің m (кг) массасын таразымен өлшеңіз.
- Беліңіздің биіктігін Н(м) өлшеңіз. (сіздің денеңіздің ауырлық центрі жуық шамамен осы биіктікте орналасқан.)
- Сіз секіріп өтетін планканың биіктігін өлшеңіз һ(м).
- Секіріңіз де, осы кездегі орындалған механикалық жұмысты А(Дж) есептеңіз:
А= mg (һ – Н)
Баспалдақпен көтерілген кезде өндірілетін қуатты өлшеу.
- Мықты жіпке жүк байлап, баспалдақтардың арасындағы саңылаудан, оны төмен түсіреміз, жүк 1-ші этажға түскен кезде жіпке белгі жасаймыз. Баспалдақтың биіктігін һ(м) өлшейміз.
- Баспалдақпен көтерілген кезде кеткен уақытты секундомердің көмегімен анықтаймыз.
- Денеміздің массасын өлшейміз.
- Баспалдаққа көтерілген кездегі өндірілетін қуатты есептеп табамыз:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |