Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әлемнің жарығын сыйладың сен маған


Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Бозай ауылындағы Сергиополь жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі  Наширбекова  Гүлім Мұратбекқызы

Ашық тәрбие сағаты:

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Сабақтың мақсаты: Балаларды мейірімділікке,аналардың өлшеусіз еңбегінбағалай білуге,анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, балалардың ашық хаттары,аналар туралы үн таспа.

Сабақтың түрі: Мерекелік кеш.

Сабақтың барысы:  1.Ұйымдастыру

 2.Жүргізушілердің сөзі.

3.Аналарға арналған тілек,өлең-жырлар,ән,би.

4.Ана туралы эссе жазу.

5.Аналармен жұмыс.

А)анасы мен қызына арналған виктариналық сұрақтар.

Ә)анасы мен ұлына арналған виктарналық сұрақтар.

6. «Мен аналарды қаншалықты білемін»

7.Түйін.

1-жүргізуші:  Армысың,ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй,өлең мен би,

Сендер үшін мереке  шашулары.

2-жүргізуші:  Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін ,                      

Жинадың сен маған.

Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құрылған қасиетті сөздің түп-төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін  жан бар ма өмірде? Жақсылық атаулының бәрі де         ананың ақ сүтінен жаралған. Олай болса, «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған» атты бүгінгі  кешімізге хош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Көктемді қанатына қондырып,  жан жылуын   көкірегіне толтырып, әйел-аналардың дәстүрлі мерекесі - 8-наурызда ару ауылымызға  келіп жетті. Өздеріңізді анадай шуақты, құлпырған қызғалдақтай әсем мерекемен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Құттықтаймын мейрамыңмен аналар,

 Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегінді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

Деп кезекті Мақпал мен Салтанатқа берейік. Ән: «Жан ана».

 

1-жүргізуші:  Бала деп соғар әрбір ана жүрегі

Бала қашан ер жетер деп жүреді.

Ер жеткен соң баласына ең қимас

Адал болсын деген ана тілегі  -  деп

Кезекті асыл аналарымыздың тілегі мен бүгінгі кешімізді толтыра түссек.

 

2-жүргізуші:    Аналарға арналған

Өнерлерін көрейік

Ынта қойып тыңдаңыз

Тақпаққа кезек берейік.

Өлең – жырларға кезек беріледі.

 

Қуаныш:       Жүрегі – күн, жаны – нұр, жүзі шапақ.

Ана – мақтан, ана – өмір, ана – атақ.

Ана – дәуір, ана – абырой, ана – жауһар

Олармен күн кешудің өзі ғажап!

 

Аналар шаңырақтың сәулеті ғой!

Ана деген баршаның дәулеті ғой!

Адамды адам еткен ақ сүт беріп,

Жан бағыштап өмірге жетелеген.

 

Айзере: Мереке келді, шаттықтың ған тарт күйін,

Ән айтқың келсе, қуаныш әнін айт бүгін.

Жасарып дүние ұмытып кетті қарыштығын,

Көктеммен келген 8-Наурыз бүгін!

 

Нұрлы таң атты шуағын төгіп келді күн,

Бақытың қолда, қолында  сенің теңдігін.

Өзіңсіз бәрі – ғалым да ұстаз, қайраткер,

Егеменді елдің сүйіктісі де сен бүгін.

 

Айнұр: Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,

Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.

Үйдің сәні, түздің де сәні өзіңсің,

Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.

Маған қымбат адам жоқ бір Анадан,

Бар жақсылық аналардан жаралған.

Жер бетне өмір нәрін себуші,

Аналарға барышты ғой бар адам

Салтанат: Мен ананы шуағы толы, күн деймін,

Анадан зор құдіретті білмеймін.

Анам аман – сау жанымда жүрсе егер,

Бақытым да әр кез бірге жүр деймін.

 

Дүниедегі ең ардақты Асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

 

Мақпал: Ана деген кім десе,

Шуақ шашқан күн дер ем.

Сәбиі үшін ұйықтамай, арпалысқөан түнімен,

Ана үні өмірде, ең мейірімді үн дер ем.

 

Тірілткен қайта су алып қалған бұлақты.

Қуарып қалған аққайың мекен құрақты,

Сырлы да жырлы, сазды да назды шуақты,

Жасай бер, жайна, Аяулым көктем сияқты.

 

2-жүргізуші:  Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай,

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болдып сағыныштан ақтарылмай.

Ән: Айзере мен Айнұрдың орындауында   «Асыл әжем».

 

1-жүргізуші:  Анам менің жасыл бағым жайнаған,

Сол бағында асыр салып ойнағам.

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентің,

Бар бақытты жалғыз маған сыйлаған,

Деп қазір балалар үйге тапсырылған «Өмірде ана – бақыт, ана – пан» тақырыбында эссе жазып келді, соны оқиды.

2-жүргізуші:  Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,

Ана – дейді жас сәби де жарқылдап

Ана – деген бәйтерегі өмірдің,

Ана – деген алтын қазық, алтын бақ.

Деп енді аналармен біраз виктариналық сұрақтар жүргізейік.

 

1-жүргізуші:  Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,

Туған елің сүйсіне мақтасын деп.

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың,

Анасының ақ сүтін ақтасын деп.

Дей келе «Мен анамды қаншалықты білемін?» деген сұрақтарға жауап берсек қалай? Жауап береміз бе?

 

2-жүргізуші:  Мінеки, жер көгеріп көктем келді,

Шығарып сан боранды, өкпек желді,

Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық,

Өткен өтті, салауат өткенге енді.

 

1-жүргізуші:  Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр – әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Ән Мақпал мен Салтанаттың орындауында «Аялайық ананы»

Түйін: Біз өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде,

Ана сүтіңді ақтап өту арманым.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
Менің анам – осындай
Менің анам – осындай
Анашым, мерекеңмен!
«Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады»
Мерекеңмен анашым
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана- өмір гүлі
Ана – өмірдің шуағы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6085 | Қосты: Гулим Наширбекова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык