Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ана-әлем шуағы ашық сабақ


Ана-әлем шуағы ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ана-әлем шуағы».

Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
 
Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер,магнитофон
Жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. ! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.Бүгінгі «Ана-әлем шуағы» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші:
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым-деп 2-сынып оқушыларының  музыкалық сәлемдесін қарсы алыңыздар. 
Айнара: Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.
Жібек:Сөздерді ең аяулы,
Жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды
Кімнің ойлап тапқанын.
«Ана» деген сөзді де,
«Аға» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Тәте» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де,
«Апа» деген сөзді де, - 
Ойлап тапқан балалар!
«Жаным, күнім» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді,
«Қошақаным» дегенді,
«Айналайын» дегенді,
«Толған айым» дегенді,
Ойлап тапқан аналар!
Ринат:Мен үшін не керек-
Бәрін іздеп табасың,
Айналайын анашым,
Жұмысыңа барасың қайта мені көргенде,
Шын сағынып қаласың.
 
Нұрсерік: Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан.
Мен қуансам қуанады ол бірге,
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан ,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.
 
Жүргізуші:Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән:»Мама»
 
Әйгерім: Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.
 
Нұржанат:Мен гүлдерді жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзін тыңдаймын
Анашымды сыйлаймын!
Отбасның ордасын,
Періштелер қорғасын.
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім жақсылық жолдасын.
 
Ерболат:
Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.
 
Қалматай: Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесем елің берген бақыт бағың,
Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
 
 
Жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті Рысқұлова Жібектің орындауындағы «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.
Ән:»Асыл әжем» 
Мансур:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың,
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
Аяулым:»Адал бол,-деп,-балдырған»
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат,
Тілегінде марқабат,
Аналарға мың алғыс!
 
Жүргізуші:Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім,
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің.
Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,
Болмас - ты басқа перзенттік менің тілегім-дей келе Азамат Арманның орындауындағы «Менің анам алтын» әнін қабыл алыңыздар.
Ән:»Менің анам алтын».
Аружан:Ерлік,еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын,ақ анам.
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болса шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ анам!
Арман:Аялаған,баптаған
Асыраған,сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен.
Айтып бәрін үйреткен,
Анамызға мың алғыс!
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!
 
Жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен әжелеріміздің құрметіне Тұрғалиева Інжуді  «Әже туралы» әнімен қарсы алыңыздар.
 
Ән:»Әже туралы»
 
Жүргізуші:Әжем мені «Жаным»-дейді
Жан жүрегім балым дейді
«Сен үшін мен әлемдегі,
Бар асылды алам»дейді
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы ісімді мақтан қылып,
Мәпелеген ақ мамамды
Жүрсем деймін шаттандырып,-дей келе келесі кезекте көрініс «Әжесі мен Бағлан».
 
Көрініс:»Әжесі мен Бағлан».
 
Жүргізуші:
Ана –өмір қолдаушысы әлемнің,
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы,
Сейілмесін жанарынан ананың,
Тіршілікке тіккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым,
Қуанышқа бөлейікші өздерін,
Әжелердің ,аналардың,қыздардың,
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін-деп 2-сынып ұлдарынның «Жастар биі» сіздердің құрметтеріңізге.
Жүргізуші:Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың.
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме анашым-дей келе келесі тамашалайтындарыңыз КТК.Алдарыңызда 2-сынып оқушылары.
Жүргізуші:Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, өз перзентін асылым мен алтыным, жасыл желек жарқыным,, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, өмір бойы, күні-түні перзентінің тілегін тілейді. Не деген құдіретті мейірім десеңші.Ендеше келесі кезекті 2-сынып ұлдарының барша аналар мен қыздар қауымына арнаған жүрек жарды тілектеріне береміз.
Хор:Құттықтаймын мама, туған күніңмен!
Жүргізуші:Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің  тірегі-дей келе құрметті ата-аналар,ұстаздар ,оқушылар біздің «Ана-әлем шуағы» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.Барлықтарыңызға көп рахмет!

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
«Ана біздің күніміз»
Қыз сыны
Аяулы анашым.
Мерекеңмен анашым
Анамызды аялайық
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Айналайын ақ анам!
Ана-әлем шуағы
Ана- өмір гүлі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6655 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык