Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ана- өмір гүлі


Ана- өмір гүлі
ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу – 2 бастауыш мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жуматаева Мейрамкул
Сабақтың тақырыбы: Ана - өмір гүлі
Мақсаты: Жас ұрпақты жаңа дәстүрге қалыптастыру арқылы білімдерін жетілдіру; оқушы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту; баланы ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Әнұраным жан ұраным
Айтар әнім сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Әнұранды орындау
Құрметті аналар! Бүгінгі «Ана - өмір шуағы» атты тәрбие сағатымызға қош келдініздер. Сіздерді Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Аяулы аналарға, әжелерге ұзақ ғұмыр, бақытты өмір, отбасыларына амандық пен қуаныш тілеймін. Балаларыңыз жақсы оқуымен, үлгілі тәртібімен сіздерді қуанта берсін.
Ана, Ана, Ана!... не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз едіосынау үш әріптеу құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиетті, бар махабатпен шапағатқа тұнған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық аталуының барлығы да ананың сүтінен таралған. Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.
Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды
Ел жатқанда жатпаған ,
Ешбір тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман-сау бол, ақ мамам –
деген әдемі әндер балалардын аузынан түспей мәңгі айтыла берсін! Балаларыңыздың сіздерге арнаған шағын музыкалық сәлемдемесін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
2-жүргізуші.Құтты болсын,ардақты ана,
Асыл ана мерекең.
Құтты болсын теңдік алған-
Қуанышты берекең.
1-жүргізуші. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір теңіз емес пе? Ананың айналып толғанғанына не жетсін!
2-жүргізуші.Шырылдап жерге түскеннен ақ сенің бір жақының, бір досың, бір ұстазың бар. Ол –ана!
1-жүргізуші.Жер бетіндегі ең әдемі сөз - Ана.
2-жүргізуші.Дүнинде анасыз адам жоқ
1-жүргізуші.Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
2-жүргізуші.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек дей келе бүгін «Ана біздің күніміз Біз ананың гүліміз» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар
1.ЭйвазБүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз –
Адамның
Анаға айтар лебізі.
2.Айжан Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағыңда қысылмай.
3.БекжанҮмітіңдей көзіме
Көп қарайсың үңіліп.
Еркелеген сөзіме
Ертеңіңіз тұр күліп.
4.НасибаЖүре берсем қасыңда,
Әйбат, анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
6.НұрдәулетАналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
7.ИродаӘлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
8.НикитаБізді өсіріп баптаған
Жақсы болсам шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам.
2-жүргізуші. Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қыз сыны
Айналайын ана, мерекеңізбен!
Ана - өмір шуағы.
Ана мерейі
«Қыз еркем-анасымен көркем»
Ана- бақыт, ана -нұр
Мерекеңізбен аяулы - Анашым!
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана – өмірдің шуағы

Автор Жуматаева Мейрамкул

ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу - 2 бастауыш мектебі

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 2980 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар