Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппемен қоштасу


Әліппемен қоштасу

Әліппемен  қоштасу    

Тақырыбы: Әліппемен  қоштасу                                                                                                                                       

Мақсаты: 1) оқушылардың алған  білімдерін   «Әліппемен  қоштасу» кешінде бекіту;

2)  өз  ата-аналарға, ұстаздарға  білімдерін  көрсету;

3)  адамгершілікке , ұқыптылыққа,ертеңгілік  барысында  өздерін  дұрыс ұстай  білуге баулу.

Көрнекілігі:  оқу, білім жайлы ұлағатты  сөздер.  

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар , оқушылар!  Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті меңгеріп, Енді міне сүйікті  Әліппесімен қоштасқалы отыр. Бүгінгі той –сіздер  мен  біздер үшін ортақ салтанатты  мереке.

Қош келдіңіздер, дей отырып , «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігімізді бастауға ұлықсат етіңіздер.

Бала деген шіркін -ай балдай екен ,

Тәтілігі жал  мен жаядай екен .

Арып – ашып даладан келгеніңде ,

Бал иісін тарттырып алдайды екен!- деп  Кенен Әзірбаев  айтқандай келесі кезекті оқушыларға берейік.

Шашу, шашу, шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастандығын жасайық

 

1-жүргізуші :Қайырлы  күн, уа халайық?

2-жүргізуші: Армысыздардар, мұғалімдер, әз жандар,

                    Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

                    Құшақ жая  қарсы алайық сіздерді,

                    Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.

1-жүргізуші : Қош келдіңіздер, ақ жаулықты аналар

                      Жүздеріңнен  мейірім нұр тамар

                        Алдарыңызда жауқазындай құлындар.

                         Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Ән:әліппе

1-жүргізуші:-Достар! Осы мен  әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.

2-жүргізуші : -Ой, не болды? Неге олай дейсің?

1-жүргізуші. Ал  мен  жылағым келіп тұр

 2-жүргізуші: -О,несі ,неге  жылағың келіп тұр?

1-жүргізуші : Айтпаймын  өздерің тауып алыңдар.

      Мұғалім:   Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден  бұрын біліп тұрмын.Себебі сендер 4 ай бойы оқыған білім атасы  «Әліппемен » қоштасқыларың  келмей   тұрсыңдар.  Солай ма?

1-жүргізуші : Дұрыс айтасыз.Әліппемізге рахмет айтсақта ,қимай тұрмыз.

2-жүргізуші:  Балалар, Әліппені ортаға шақырайық.

Бәрі:    Әліппе,әліппе,әліппе.

Әліппе: Армысыздар, жас достар

             Армысыздар ата-ана

            Бүлдіршіндер,балғындар

            Менің атым-Әліппе

            Міне өзіңді дәріпте

             Міне осылай ер жеткен

             Ағаң менен әпкең де

-Сәлеметсіздер ме,менің сүйікті, достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға,оқуға үйрендіңдер.Ал,енді бүгін маған өз білімдерің мен өнерлеріңді көрсетіңдер.

 

Мұғалім:  Әліппе, біздің балалардың жаттаған тақпақтары бар. Соны сізге айтып берсін:

Әліппе : Жарайды, айтып берсін

Әліппе:-Қане, бері қарайық,                            

Зейін қойып тыңдайық

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық.

Айналдым сені аяулы менің Әліппем,

Құралған қымбат 42 әріптен

Үйреніп,оқып,жаздым мен қолға қалам ап

Қадірледім қасиетіңді танып мен.

 

 

Бар кітапқа бас болған

Әліппе- ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

 

 

Ең алғаш  алғанымда «Әліппені»                              

Қызығып  қарай  бердім  әріптерді.

Мен  үшін  жұмбақ  болып  қалар ма еді,

Ұстазым  оның  кілтін  алып  берді.      

Көлге  ойнаған  бұлақтың

Қайнар  көзін  көріп  пе?

Том-том  қалың  кітаптың

Басы  болар  «Әліппең»

 

Әліппем,  менің  Әліппем

Сені  қолға  алып  мен,

Есігін  аштым  мектептің

Ертеңгі  сәуле  жарықпен.

 

Ата-анаға еркелеп,
Ортасында өстік біз.
Жақсы оқып, қуантып,
Бестік күнде алдық біз....


Болашағын баланың,
Талабынан білесің.
Жақсы оқыса сабағын,
Жақсы көріп жүресің....
 

Әліппені бітірдім,
Әріптерді танимын.
Мен атаның баласы,
Мен оқушы баламын....
 

Ата келші тезірек,
Ана тілін бастадым.
Өзіңе айтар тағы да,
Дайын менің тақпағым.....
 

Қош  бол , құтты  «Әліппем

Көп  нәрсені  үйреттің

Таныстырып  әріппен,

Тақылдатып  сөйлеттің.

 

Оқулықпен  достассақ,

Әліппемен  қоштаспақ.

Өсті  білім , бойымыз,

Құтты  болсын  тойымыз.

 

Әліппем,  менің  әліппем,

Өмірді  келем  танып  мен,

Қайталап  айтам  мың  рет,

Өзіңе  көп  рақмет!

Әліппе  деген  алтын  жол

Апарар  сені  алысқа.

Жеңіл  емес ауыр  жол

Тырысып  бақ  намысқа.

               

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы,

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы

 

Таныстырған  42  әріппен

Қош  бол  менің , қасиетті  Әліппем.

Сенің  арқаң  оқи  жаза  білгенім,

Сауатты  адам  санатына  енгенім.



Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
 

Әліппе:- Жарайсыңдар,  балалар.

Балалар кетеді

Ән дуэт

                                     Көрініс:  Қожа мен оқытушы

Қамажай

Көрініс: «Жетпіс пен жеті» музыка

Автор:

Жеті жасар баласын

Жетпісте шал жетектеп

Келе жатыр көшеде

Қайда әлгі мектеп деп

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келеді жүгіріп

Ата:

Балам, балам, жақсы бол

Міне, сенің мектебің

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол, тентегім

Немере:

Қыркүйекте келдім де.

Сыныпқа кірдім қуанып

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып

(атасы кетіп қалады, немересі ұстазына гүл сыйлайды)

 

 

 

Жүргізуші:   Біз  әліппені  бітірген  соң  не  істейміз?

  1. Жүргізуші:   Соны  мен  де  ойлап  тұрмын
  1. Жүргізуші : Шынымен де  не оқимыз?

 Әліппе:  Қиналатын  түгіде  жоқ,  Достарым ,  менің  жолымды жалғастыратын  « Ана тілі»  пәнімен  таныстырамын.  Ана тілін  оқитын боласыңдар. Жаңа  достарыңыз  «Ана тілін»  қарсы  алайық.

Оқушылар: - Қош  келдіңіз , Ана  тілі .

Ана тілі : Армысыздар , балалар !  Неткен  білімділер  десеңізші  әліппеден  үйренген  өнерлеріңізді  ортаға салып  жатырсыздар ма?

Кітап оқу адамға

Әкеледі жақсылық

Ой ұшқындап санада

Оянады жақсы үміт

Ұсынылатын тектілік

Кітап қана қорғаның

Көп оқысаң көп біліп

Нағыз жігіт болғаның

Балалар! Менің жұмбағым  бар  кәне кім тез ойланып шеше алады екен?

1.Алтын сандығым ашылды,

   Ішінен күміс шашылды.              (жұлдыз)

2.Бір   үйдің  қырық баласы бар ,

   Сөзге шорқақ  екі данасы бар.    (40 әріп,2 таңба)

3.Ақ  қағазға  сан  қайталаған

   Жазудан  еш  шаршамаған.    (дәптер беті, қалам)

4.Бүлдірсең  дәптерді ,

   Кетірем , тап мені .   (өшіргіш)

Ән: ойыншықтар

Ән

Би

Ән

Бауырсақ

Ән

нико

Әліппе:Мен ,сендермен қоштасайын.

Хор: Қош бол, құтты  әліппе.

Іңкәр    Әліппемен  қош айтысып қаламыз,

                      Енді қолға  Ана  тілді    аламыз   

                             Ата-ана қуанышына ортақ  боп

                        Сауаты боп шықтты міне  балаңыз

ән: «-------------------» орындайтындар 

 

Қорытынды:                     Құттықтау сөздер. Куәлік тапсыру рәсімі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Әліппеге рахмет!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Қош бол, құтты Әліппем
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 7540 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык