Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » МОДУЛДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ


МОДУЛДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

МОДУЛДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ХХI  ғасырдығы жан-жақты зерделі,дарынды,талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күн талабы.Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға оқу-әдістемелік жүйе-           ге жаңа талаптар қойылуда.Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
     Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту тех-налогияларын шығаруға ұмтылу.
     Оқыту технологиясының бір ерекшелігі - оның білімде меңгертуде,жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерін:яғни,жадының алуан түрлерін (есту,көру,қимыл және т.б) ойлауды,ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған қауіпсіздігін,өзін-өзі бекіту,қарым қатынас жасау,ойын,танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыуға:белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілде) дамытуға бағытталуында.
     Бұл техналогияның тағы бір ерекшелігі - дарынды балалармен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігінде.
   С.И Ожегов: " Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі",-деді.
   Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу цикілі ретінде үш құрылымды бөліктен:кіріспеден,сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
   Әр оқу модуліне сағат саны әр түр лі болады.Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыптар тобына немесе сағат санына байланысты.Біздің зерттеулеріміз 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлм тиімді екенін көрсетті.   
    Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан,кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі.Қалған барлық сағат сөйлеу бөліміне бөлінеді. 
   Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,оның мақсат-міндеттерімен таныстырады.Сонан соң мұғалім осы оқу модулін барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба,кесте және т.б белгілі үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
   Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен оқушылар-дың өзара әрекет етуіне құрылған.
   Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын таңдау,жазу,көру және айту мүмкіндігі болатындай құрылған.Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында,кейіннен алынған білімді талдау,жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
    3,4 - сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (I, II және III деңгейлер)
I деңгей тапсрмалары дарнындылықтың екі түріне - интелектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған. 
   Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды.Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезек-кезегімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
    Оқу модулінің сөйлесу(даярлық) бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар.Зерттеу көрсеткеніндей,оқудың белсенді және  ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте (13-тен 24ретке дейін) қайта оралып,жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
    Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде біз оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық (шын мәнінде үш балдық) жүйесін емес,тоғыз балдық жүйені қолдандық,бұл оқушыға бір деңгей тапсырмаларынан екіншісіне жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді,өйткені әр деңгей ауқымында "өте жақсы" "жақсы" немесе "қанағаттанарлық" баға алуға болады.
    Үшінші "жеңілдетілген" деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді.Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінде-ақ орындап болған оқушылар,қалау бойынша мұғалімге көмекші бола алады. Олар кеңесшілер,жүргізушілер, т.б.рөлдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлеу бөлімі оқушылардың өзін-өзі бағалауына,бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған.Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар емес,олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады.
    Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі - бақылау.Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі,бірін-бірі оқытуы,түрлі ғылыми көздерді пайдалану құпталынып келсе,енде қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін,білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
    Оқушылардың өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысуына "Модульдік оқыту" технологиасы тиімді. Оның ерекшелігі оқушының білімді өз бетінше меңгеруге ұмтылғандығы,алуан түрлі (есту,көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға,шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыруға, сөздікқорын (ауызша,жазбаша) дамытуға бағытталады.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Экономикалық білім беруде жаңа технологияның тиімділігі
Білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерді пайдалану
p-элементтер химиясы 10-сынып
Тұңғыш ғалымдар
Ұлттық тағам. Бас табақ тарту
Жаңа технология – сапалы білім кепілі
Деңгейлеп оқыту технологиясы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Оқушыларға әріп таныту арқылы танымдық білімдерін жетілдіру
«Модульдік технологияны оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда пайдалану»
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2696 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык