Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бізде жасай аламыз»


«Бізде жасай аламыз»

«Бізде жасай аламыз»

Тақырыбы: «Бізде жасай аламыз»

Мақсаты:Ұзындыққа секіру техникасын үйрету.Балалардың дене қимылдарын жетілдіру.Ырғақты қимылдар жасау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке,достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,мадақтау.Қайталау,ойын,қызықты сәт.

Көрнекіліктер: Музыка,мысық пен балапандар атрибуты.

Сабақ барысы: Музыканың сүйемелдеуімен балалар залға кіреді,шеңбер жасап тұрады.

Тәрбиеші:Балалар айналаға қараңдаршы,қандай тамаша!Бізге қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:Армысың,асыл кун!

               Армысың,жер ана!

               Амансыңдарма достарым,

               Сендерді көрсем қуанам!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қазір дене шынықтыру сабағы болады.

Денеміз әдемі, әрі күшті болып  өсу  үшін жаттығулар жасаймыз. Денсаулыққа байланысты мақал айтайықшы.

Балалар: «Денсаулық  зор байлық» (хормен айтады)

Енді шеңбер жасап жүрейік

Жүріс түрлері: Жай жүріс, сарбаз, атаны жүрісі, аю, бақа, қоян, жүгіру.

Тамаша балалар!

Ал енді денеге арналған жаттығулар жасаймыз. Біз бүгін кішкентай балапандар боламыз.

Бас:      1. « Балапандар оянды» . Басты оңға , солға бұру. (3-4 рет)

Қолға: 2. «Қанатын созу», бастапқы жағдайда қолдарын жанға созу,саусақтарын қозғау. (3-4 рет)

  1. «Үйренеміз ұшуды». Қолын жоғары төмен түсіру.

Денеге:

  1. «Айналаны қарау». Оңға, солға бұрылу. (3-4 рет)
  2. 5. «Су ішеді балапан», алға қарай еңкею (3-4 рет).

Аяққа: 6. «Шаршап қалды балапан» отыру , тұру. (3-4 рет)

  1. «Ұшып кетті балапан» Секіру шеңбер бойымен жүгіру. (3-4 рет)

 

Қазір балапандарым серуенге шығамыз.

 Шеңбер бойымен жүру, жолда кездескен кедергілерден өту .Балалардың бәрі бір-бірінің соңынан аттап етеді. Мынау не балалар?

  • Су деп жауап береді. Бұл судан секіріп өту керек. Ол үшін мен сендерге  қалай секіру керектігін көрсетемін.  Сендер мұқият қарап алыңдар жарайма? Енді өздерің секіріңдер. Балалар секіріп өтеді. Тамаша! Өте жақсы!

Кедергілерден өттік . Көңіл күйімізді көтеріп, би билеп жіберейік.

Музыка қосылады. «Көңілді балапандар » биін билейді.

Қызықты сәт: Кенет мысық мияулап келеді. 

  • Қандай әдемі балапандар?
  • Мен сендерді жегім келіп тұр

Тәрбиеші: Жоқ-жоооқ мысық

Сен біздерді жеу үшін , ең әуелі ұстап ал.

Мысық:   «Жарайды» мен сендерді қазір тез ұстап алам ғой.

Қимылдық ойын: «Мысық пен балапандар» ойын шарты: Мысық ұйықтайды ал балапандар оны оятып қашу керек.( 1-2 рет қайталау.)

Мысық балапандарды ұстаймын деп суға түсіп кетеді.Мысық жылайды,балалар қуанады.

Тәрбиеші: Мысық көрдің бе? Бізді ұстаймын деп суға түсіп кеттің, сен бізге тимесең  саған судан қалай секіру керектігін үйретеміз.

Мысық: Жарайды, мен сендерді жемеймін, тек маған көмектесіңдерші.

Балалар мысыққа судан қалай секіру керектігін үйретеді.

Мысық балаларға алғысын білдіреді.

Ризашылығын білдіріп «поезд» ойынын ойнатады. Сабақ соңында балаларды мадақтау , қорытынды жасау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Күнді іздеген достар" ертегі қойылымы
Секіру
Саялы бақ
Гимнастика
«Ұқсасын тап »
Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?
«Қош келдің көңілді қыс»
Қамқор болып өсемін
Ойыншықтар сыры
Мысығым менің керемет
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4265 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык