Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұр, тоқпақ ертегі


Ұр, тоқпақ ертегі

Сабақтың тақырыбы: Ұр, тоқпақ ертегі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға  ауыз әдебиетінің  көлемді саласының бірі – ертегілер және оның түрлері туралы  кеңінен түсінік беру.Ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Білімділік:  Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Халқымыздың  тұрмыс – салтын, әдет- ғұрпын, нанымын, дүние танушылық көзқарасын сақтауға, жат әдеттен аулақ болуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой – өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын,танымдық- шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Түсіндіру, әңгіме, сұрақ- жауап, көрнекілік, топтау
Пәнаралық байланыс :  Дүниетану, математика, бейнелеу өнері, өзін –өзі тану.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : Тірек – сызбалар, топтастырулар, плакаттар,
 
Сабақта қолданылатын технология: Ойын арқылы оқыту.
Сабақтың барысы: 
І.Алғашқы ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен амандасу; жалпы жан- жақты дайындығын тексеру.Сабаққа назарын аудару.
ІІ.Психологиялық дайындық
« Шаттық шеңберін » құрып, қол ұстасайық.Бір – бірімізге зор денсаулық, оқуда табыс, сенімді дос тілейік.
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
 
 Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
 
1)« Қасқыр мен түлкі » ертегісін оқып түсінігін айту.
2)Үй тапсырмасына барлығымыз дайынбыз ба?
3)Ертегіні сахналау.
4) Ертегідегі кейіпкерлерге  мінездеме беру.
 
 
« Венн диаграммасы »
 
Пікірлесу сұрақтары.
ІҮ.Жаңа тақырыпты түсіндіру
 
Кіріспе сөз:
Қазір, балалар ,сіздерге бұлттың суреттері берілген. Бүгінгі сабағымызда өз мақсатымызға жету үшін мына бұлттардың қабағын ашайық. Ол үшін математикалық  тапсырмаларға жауап берейік! Осы тапсырмалар арқылы сабағымыздың негізгі тақырыбын ашып алайық. Олай болса, 10  саны – қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт. 20 саны – ең кіші бір таңбалы санды ата. 32 санында неше ондық,неше бірлік бар? 
 
 
Жарайсыңдар оқушылар. Олай болса , сабағымыздың тақырыбы « Ұр, тоқпақ » ертегісі.
Ертегі- ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.Ертегілер- бірнеше ғасырлардың жемісі.Өз халқымыздың тарихын, тұрмыс- салтын, әдет- ғұрпын , нанымын, дүние танушылық көзқарастарын білеміз десек, ертегілерді аттап өтуге болмайды. Ертегінің түрлеріне жеке- жеке тоқталу, түсінік беру.
 
Ү.Оқулықпен жұмыс
Ертегіні нақышына келтіре оқу; ертегідегі негізгі ойды  ұғындыру; оқушыларға тізбектей оқыту; төмендегі кесте бойынша әңгімелеу. Топтық жұмыс.
Қаздың тұзаққа түсуі
 
Шалдың қазды іздеп шығуы
«Піс,қазаным, піс »
« Құс, есегім, құс»
« Ұр, тоқпағым, ұр»
ҮІ. Сергіту сәті
 
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Жаңа жауған қардаймыз.
Ақпыз, сары, қарамыз,
Біз бақытты баламыз! 
 
ҮІІ.Дәптермен жұмыс
     Егер сендер де ертегідегі шал сияқты тұзақ құрған болсаңдар. Ол тұзақтарыңа қаз түссе не істер едіңдер? Бірден тұзақтан босатып, бауыздайсыңдар ма, әлде қаздың өтінішін орындап мұраттарыңа жетесіңдер ме? ( өз ойларын дәптерге жазады). Оқушылардың жауаптарын тыңдау, талдау.
ҮІІІ.Семантикалық карта
№ Тапсырма Оқушының жауабы
1 Оқулықта берілген сурет ертегідегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
 
2 Шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болған?
 
3 Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата.
Тапсырма
Оқушының жауабы
Шалдың тұзағына не түседі?
Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар ма?
ІХ..Қорытынды бөлімі.
Ойын: « Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап »  сұрақ – жауап
Х.Бағалау
Оқушыларды мадақтап бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма
Ертегіні оқып, мазмұнын айту.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Қарабатыр" ертегісі 4 сынып
Құстар айтысы (Үнді ертегісі).
Ертегілер елінде
Құстардың королі (литван халық ертегісі)
Байлық пен ақыл
Түлкі мен қасқыр
Сатқын жапалақ (ертегі)
Ғажайып бақ
Жалқау немере (ертегі)
Менің сүйікті кейіпкерім
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 20488 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык