|
|
Сабақтың тақырыбы: Шойын және болат өндірісі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу. Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беріп кету;
Тәрбиелік: Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту, сипаттау және ізденіс жұмыстары тірек-сызба жүргізіледі.
Сабақта қолданылатын технология элементтері: СКТ технологиясы және деңгейлеп оқыту
Сабаққа қажетті құралдар: Интерактивті тақтаны слайд көрсету барысында және плакаттар, сызбалар, бейне баяндамалар, тақта, таратпа көрсетілімдер.
Сабақтың барысы:І Ұйымдастыру кезеңі:
Құйма– металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны, т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама. Құйманы легирленген шойыннан, көміртектік және легирленген болаттантүсті қорытпалардан (мысалы, алюминий, т.б.) әзірлейді.
Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Шойын-темірдің көміртекпен құймасы,оның да құйылғыштық қасиеті жоғары.
Қола мыс 80-90,қалайы-10-20 жақсы құйылады. Машина жасау, көркемдеп құю
Жез мыс 60-90 мырыш 10-40 қаттылық машина жасау, тұрмыстағы техника
Дуралюмин алюм 95-97 мыс 1,4 магний 04-2.8 марганец0,2-1 жеңілдік ,беріктік авиа машина
ІІІ.Жаңа сабақ мазмұны
ШОЙЫН МЕН БОЛАТ
Темір-жер қыртысында таралуы бойынша АL кейін 2-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды.
Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.
Металдарды алу әдісі
1 оқушы Гидрометаллургия Пирометаллургия Электрометаллургия
Соның ішінде темір Пирометаллургия әдісі арқылы көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.
Өнеркәсіпте алынуы:
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
Пирометаллургиялық әдіспен:
оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
2 оқушы.Шойын мен болат өндірісіне қолданылатын оксидтерге сипаттама беру.
С,О2, СО2, СО, Fe2O3, Fe, MnO2, SiO2,CaO,P2O5 ,FeO сипаттама беру.
Видиоролик жүреді.
Шойын (Чугун)
1. жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
2. темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |