Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болат өндірісі


Болат өндірісі

Болат өндірісі

БҚО әкімдігі білім басқармасының

«Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Болат өндірісі»

Құрастырған: Арнайы пәндер оқытушысы Сариева Д. А

Орал қаласы, 2012-2013 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Болат өндірісі

Мақсаты: Білімділік -оқушыларға болат өндірісінің мәні мен түрлерін, таңбалануын және өндіру әдісін түсіндіру, темір көміртекті қорытпалар  туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық- болат түрлерін, маркаларын ажырата отырып, материал таңдау, салыстыру қабілетін қалыптастыру, көңілдерін аудару, қорытынды жасау.

Тәрбиелік оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілетін арттыру, сауатты сөйлеуге үйрету, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, сабаққа деген талпынысын арттыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ, диалогты, көрсетілмелі, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, ойын элементтері.

Көрнекілігі: «Болат өндірісі» тақырыбындағы презентация,  мультемедиалық тақта, ноутбук, тақта, материалтану оқулығы.

Пән аралық байланыс: Химия

2. Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушылар, біз материалтанудың  қандай тарауын қарастырып жатырмыз? (Болат өндірісі)

Олай болса, бүгінгі сабақта осы тарауды қорытындылап, алдыңғы өтілген материалдарды еске түсіреміз. Бұл үшін біз 3 топқа бөлініп, жарыс сабағын өткіземіз. Ал енді алдын-ала бөлінгендегідей  отырған болсаңыздар, сабақты бастайық, дайынсыңдарма? (Оқушылар жауабынан кейін). Олай болса әр топты таныстырып өтейін.

1-топ – топтың аты- «қыран», 2-топ – топтың аты – «тұлпар», 3-топ – топтың аты «бәйтерек

Ал енді қатысушы топтармен таныс болсақ, сабақ ережесімен таныстырып өтейін. Сабақ 6 бөлімнен тұрады: 1- бөлім. «ДОМИНО»  – сұрақтарға жауап беру. 2- бөлім. «Ойланып жауап бер» - болаттарды өндірудің үш әдісіне билет арқылы жауап беру. 3- Бөлім. «Жолыңды тап жолаушы» маркаларды сәйкестендіру.4- бөлім. «Кім жылдам» тақтада көрсетілген болат маркаларын жіктейсіндер. 5- бөлім. «Видео –сұрақ.» тақтада берілген видео сұраққа жауап бересіздер. 6 – бөлім «Қорытындылау» жинаған ұпайларымызды санап, жеңімпаз топты анықтау. Ал топтарды бағалау плакат бойынша жүргізіледі. Яғни қай топ оқушысы жауап берсе, сол топқа «+» қойып отырамыз, ең соңында қай топта  «+» көп болса сол топ жеңімпаз атанады. Сайыс ережесі түсінікті болса, алғашқы бөлім  «ДОМИНОны» бастайық. Бұл бөлімде қойылған сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

  1. Болат дегеніміз не? (Егер темір көміртекті қорытпаларда көміртек мөлшері 2,14% - ға дейін болса болат деп аталады).
  2. Болаттарды қайда өндіреді? (Мартен, конвертор,электр пештерінде).
  3. Болаттар химиялық құрамына қарай қалай бөлінеді? (Көміртекті және легірленген)
  4. Көміртек мөлшеріне қарай болаттар қалай бөлінеді, және әрқайсысындағы көміртек мөлшерін ата? (аз көміртекті-0,25%, орташа көміртекті -0,25-0,6%, жоғары көміртекті- 0,6-2 %ке дейін).
  5. Көміртек мөлшері көбейген сайын болаттың қасиеттері қалай өзгереді? (болаттың қаттылығы, беріктігі және серпімділігі артады, бірақ икемділігі мен соғуға төтеп беруі төмендейді, ал өңделуі мен пісірілуі нашарлайды).
  6. Болатқа марганец пен кремнидің беретін қасиеттері қандай? (Марганец- болаттың беріктігін арттырады, ал кремний- темірді тотықсыздандыратын тотықсыздандырғыш ретінде қолданады).
  7. Болатқа күкірт пен фосфордың беретін қасиеттері қандай? (Екеуіде зиянды қоспа, күкірт - болатта ыстықтай морттылығын арттырады, қажауға және коррозияға төзімділігін кемітеді, ал фосфор- суықтай морт сыну қасиеттерін береді).
  8. Қолданылуына қарай көміртекті болаттардың түрлерін атаңыз? (құрылымдық, аспаптық және арнайы деп 3-ке бөлінеді ).
  9. Құрылымдық болаттарды қайда қолданады?  (машина тетіктерін және металл конструкция жасауға қолданылады).
  10. Құрылымдық болаттарды сапасына қарай қалай бөледі? (қалыпты сапалы, жоғары сапалы деп 3- ке бөледі).

ІІ тур. «Ойланып жауап бер!»  Бұл турда шойыннан болат алу процесінің мәні – шойын құрамындағы қоспаларды таза оттекпен,  ауа оттекпен, немесе руда оттегімен қажетті дәрежеге дейін тотықтыру арқылы болат алудың үш әдісі – конвертор, мартен, электр балқыту тәсілдерінің мәнін талдаймыз. Енді әр топтан бір оқушыдан келіп, менің алдымдағы қағаздардан сол 3 тәсілдің біреуін таңдап алып, жауап бересіздер. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі. Топтан бір оқушы жауап береді, қалғандарыңызға толықтыруларыңа болады.

ІІІ тур. «Жолыңды тап жолаушы»   Бұл турда тақтада көрсетілген кестеде болат маркалары көрсетілген және екінші бағанда оның сипаттамасы келтірілген. Осы кестеден әр маркаға сәйкескелетін сипаттамасын тауып, бағыттауышпен көрсетіңіз.

Болат маркасы

Сипаттамасы

Х12

Төмен көміртектіге жататын болат

ВСт3

Жоғары легірленген болат

У8А

Төмен легірленген болат

ХВГ

Кесетін аспап жасау үшін қолданылатын болат

ХН70ВМТЮ

Көміртекті құрамында марганеці жоғары болат

ШХ9

Сапасы кәдімгі болат

А20

Тез кескіш болат

Р18

Автоматты болат

Ст6сп

Шарикті подшипникті болат

20Г

Құрамында алюминиі бар болат

ІV тур. «Кім жылдам» . Бұл турда тақтада көрсетілген болат маркаларын жіктейсіңдер. Қай топтан бірінші болып қол көтерген оқушы тақтаға шығып жіктейді.

40 Х15Н7; 35 ХГС;  40 ХН; ХВГ; Р9; ШХ15;  У7А; У11; А20

V тур. «Видео сұрақ». Бұл турда тақтадан сан таңдайсыздар, сол таңдаған сандарыңыздың астындағы сұрақтарға жауап бересіздер. Ойлануға 10 секунд уақыт беріледі, егер жауап бере алмасаңыздар басқа топтарға жауап берулеріне болады.

VІ тур. «қорытындылау» Плакат бойынша жинаған ұпайларымызды санап, жеңімпаз топты жариялаймыз.

3.Үйге тапсырма.

Ал енді оқушылар бар назарымызды тақтаға аударайық. (видео қаралады)

Тапсырма: Қазіргі болат өңдеудің даму келешегі қандай? Деген сұраққа жауап іздейсіздер. Жауапты кітапханадан, интернет беттерінен қарап, салыстырып, айтып келіңіздер.

4. Оқушыларды бағалау.

Орнымыздан тұрайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
«Ішкі энергия» тарауын қайталау
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Үй бөлмесін не пәтерді жөндеу барысында болат және шойын түтіктерді біріктіру жұмыстарын жүргізу
Шойын және болат өндірісі
Өзара кері есептер
Өзара кері есептер
Жылу машиналары
шойын мен болат
Металлургия
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 7644 | Қосты: Сариева Данагул Алибековна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык