Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.


Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.

Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.

Сыныбы

Күні

Тақырыбы

 

 Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.

Мақсаты

 

Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын әңгімелей отырып, топтық талқыға салу,постер жасақтап,презентациялау,ой қорыту.

Күтілетін нәтиже

А.Судың адам ,жануар, өсімдік үшін маңыздылығын біледі , түсінеді, топтық талқыға салып талдайды,постерге  түсіреді,презентациялайды,ой қорытады,бағалайды.

В.Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндауы, түсініп оқуы, ойлауы, есте сақтау қабілеттері дамиды.
 

С .Табиғатты сүйе біледі , оны қорғай алады , өмірде қолдана алады.

 

Дереккөздер, құрал-жабдықтар

флипчарт, маркерлер,бояулар,оқулық,дәптер « Табиғатты қорғайық» атты видео ролик

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

 

 

Қуан , шаттан алақай !

Қуанатын күн келді !

Күліп шықты күн бүгін қайырлы таң , қайырлы күн сәлеметсіз бе?

-Табиғат неше бөлікке бөлінеді?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

 

 

Амандасып

 

 

 

 

-Тірі , өлі болып бөлінеді.

 

 

 

- Адам ,өсімдік, жануар .

 

 

Адам ,өсімдік , жануар болып топқа болып отырады .

Тұсаукесер

 

 

 

 

-Адамға , өсімдікке , жануарға тіршілік ету үшін нелер қажет ?

 

 

 

 

-Су күйі неше күйден тұрады  ?

 

 

- Судың қандай

.қасиеттерін білеміз ?

 

- Адамға тағам , ауа, жарық , жылу , су  қажет . Өсімдікке

қоректік заттар ,жануарға қорек ауа ,жарық , жылу ,су қажет

- Су сұйық , қатты газ күйінде болады .

 

 

 

-Су түссіз ,мөлдір , дәм болмайды , иісі жоқ , сұйық  суда еритін және ерімейтін заттар болады .

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

  • Мәтінмен жұмыс.
  • Судың   маңыздылығын оқып бір –біріне сұрақ қояды.
  • Сергіту сәті «Шырша»
  • Топтық  жұмыс. Маршруттық картамен жұмыс .
  • « Судың адам

 өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды» Маршруттық картамен жұмыс .

 

-Жоғары, төмен мәртебелі сұрақтар қояды.

Шыршаның қимылын көрсетіп жасайды.

1-топ Адам өміріне судың маңызы.

2-топ Өсімдіктер тіршілігіне судың маңызы.

3-топ Жануарлар тіршілігіне судың маңызы.

  Адам өміріне , жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне байланысты мәтін беріледі,  талқылап постер шығарады. Топ басшысы қорғап шығады.

Қорытынды

 

 

 

 

  • «Табиғатты қорғайық» бейне таспа көрсетіледі .
  • Осы бейне таспадан қандай қорытынды шығардыңдар ?
  • Қандай тыйым сөздерді білесіңдер ?
  • Оқушылар сондықтан да үнемі суды үнемдеп , қоргап отыру керек .

-Үйге тапсырма «Біздің отбасымыз суды қалай үнемдейді?» тақырыбына

әңгіме жазу.

Бағалау . Рефлексия жазу.

Өз ойларын айтады .

-Су ішкен құдығыңа түкірме!

-Су бетін ашық қалдырма!

-Түнде суға барма!

-Шелектегі суға аузыңды батырма!

- Суды ластама

 -  Суды үнемде
- Қайнамаған суды ішпе

 

 

 

 

 

Бағдаршам арқылы бағалайды .

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 

Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.

Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .

Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.

Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек . Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең , оны бұрап бекіт . Суды ретсіз шашып , ысырап етуге болмайды

 

Адам өміріндегі судың маңызы

Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді.Су адам бойында қан  айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су  ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса,адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды.Егер адам денесіндегі  судың 6-8 %азайса ,адам жартылай есінен танып қалады.10% азайса  сілекейін жұтады,ал 12% кемісе адам өліп кетеді.Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет.Суды тамақ пісіруге , ішуге , жуынуға , кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері) ,тіпті судан электр қуатын өндіреді.Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы) .Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика) .Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход) .

 

Жануарлар тіршілігі үшін судың маңызы

Бірде бір жануар сусыз тіршілік ете алмайды .   Ұзақ уақыт су ішпей жүруге шыдайтын жануарлар да бар .  Түйе сусыз қырық күнен астам уақытқа шыдайды . Оның өркешіне жиналған май оған қорек те , су да бола алады . Суда тіршілік ететін жануарлар  бар . Су олар үшін мекені . Жануарларда суда шомылады  .  Өсімдікпен қоректенеді .Ал өсімдік сусыз өспейді .


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Суды қорғау
Су.Судың күйі.
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Су-тіршілік нәрі
Сусыз тіршілік жоқ
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды
Суды қорғау
Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 15208 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык