Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Суды қорғау


Суды қорғау

Суды қорғау

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға судың ластану жолдарына қарай оны қорғау жолдарын шешу туралы түсінік беру. Ластанған судың адам ағзасына әсері туралы ұғым қалыптастыру. Ойлау, қорытынды жасау, есте сақтау, жағдаятты шешу, салыстыру дағдыларын дамыту.Үнемшілдікке, табиғатқа қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: Тақырыпты түсініп оқуға баулу, негізгі ойын анықтау.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқуға машықтанады, мағынасын терең түсінеді.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, карта, оқулық, дәптер, бақылау күнделігі,  сурет, ақ парақ, маркер т.б

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, пиза тапсырмалары.

Уақыты

Сабақтың формасы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдеседі. Психологиялық дайындық. Музыка тыңдау. Топқа бөледі.

Топқа бөлінеді. Назарын сабаққа аударады.

7 минут

Тұсау кесер.

Үй тапсырмасын тексеру

Каспий теңізін әңгімелеткізу. (бейне ролик бойынша)  

ІІ. Өткен сабаққа шолу. Сұрақ – жауап.  Деңгейлік тапсырмалар

І – топқа:

1.Контур картаға Қазақстандағы өздерің білетін өзендерді түсіріңдер.

2. Судағы еріген заттар туралы не білесіңдер?

3.Жер асты суынан қандай құбылыстар туындайды?

4.Ауыл сыртында сайда, жатыр үлкен айна. Бұл не? (көл)

ІІ – топқа.

  1. Өзен мен көлдің айырмашылығын ата.
  2. Контура картаға өздерің білетін көлдерді түсіріңдер.
  3. Судың қасиеттерін атаңдар.
  4. Өзендердің маңызы.

ІІІ – топқа.

  1. Жазық жердегі өзендер қалай ағады? Қандай өзендерді атай аласың?
  2. Көлдердің маңызы.
  3. Контур картаға Арал, Каспий теңіздері мен Балқаш, Зайсан көлдерін белгіле.
  4. Маңғыстау  облысындағы өздерің білетін  көлді атаңдар.

 

 

Каспий теңізін әңгімелейді.

Контур картамен жұмыс.

Оқушылар берілген сұраққа жауап айтады.

 

 

 

қант, тұз, сабын т.б

 

алуан түрлі құбылыстар пайда болады. мысалы үңгірлер.

 

 

 

Өзен бір орнында тоқтамай ағып жатады, ал көл бір орнында тұрады. Өзен суы тұщы, ал көл суы ащы болады.

Су - иіссіз, түссіз, мөлдір сұйық зат.

 

 

Өз арнасымен бір қалыпты ағады.

 

 

Көлдердің маңызы өте зор. Шаруашылықтарға пайдасы өте зор.

 

 

Қарт Каспий

17 минут

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақты

түсіндіру

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Адам табиғаттағы суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзендер мен көлдергефабрикалардан, зауыттардан және тұрғын үй- жайлардансарқынды сулар құйылады. Олар ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресуге қолданылған улы заттармен де ластанады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердегі тіршіліктің жойылып кетуіне қауіп төнеді. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адам су қоймаларының таза сақталуын қадағалап отыруымыз керек.

Сен білесің бе? айдары.

«Сусыз тіршілік жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. Ғалымдардың бақылауы бойынша, мысалы, ит тамақсыз 30-40 күн, ал сусыз 3-4 күн ғана шыдайды екен.

Су өсімдіктің негізгі бөлігін құрайды. Мысалы, қарбыздың 98пайызы, қиярдың 95 пайызы, картоптың 80 пайызы судан тұрады. Адам ағзасының да жартысы судан тұрады.

Күзде суық желді күндер жиі қайталанады. Бірақ өзендегі су әлі тоңази немесе қата қоймайды.

Суық күзде суда жүзетін құстарға су жылы, себебі судың температурасы ауаның температурасынан жоғары болады. Су ауаға қарағанда баяу салқындайды.

Адам терлеген кезде дене температурасы төмендейді. Тер – адам денесінің температурасын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Қатты қызынудан сақтайды.

 

 

Тыңдайды, түсінеді, сұрақ қояды.

1 – топ: Тыйым сөздер:Суды үнемде;

Шүмекті ашық қалдырма;

Лас суды ішпе;

Суды аз пайдалануға тырыс;

Суды ластама;

Суды ысырап қылма;Түнде суға барма

2 – топ: Суды қорғау туралы мақалдар:

Су ішкен құдығыңа түкірме.

Бұлақ көрсең көзін аш.

Судың да сұрауы бар.

Сулы жер – нулы жер.                                                                                

3 – топ: Логикалық тапсырма: Есепте немесе ойлан;

Егер сен тісіңді тазартып жатқанда құбырды жауып тұрсаң, 4 литр су үнемдейсің. Егер күніне 2 рет тазартатын болсаң неше литр су үнемдейсің?

5 адам  1 күнде неше литр су үнемдейді?

 

Дұрыс жабылмаған краннан 5 сағатта 5 литр су ағатын болса, 1 тәулікте қанша су ағып кетеді? Бұл көп пе, әлде аз ба?

 

 

10 минут

Қорытынды бөлім.

Бекіту

Пиза тапсырмаларын орындатқызады. Бақылау күнделігімен жұмыс жасатады.

су - ғажайып зат,тіршілік көзі,         ең көп таралған зат. Мұнай – майлы қоймалжың сұйық зат. Тас көмір – қатты көбінесе қара түсті зат. Мыс – қызғылт түсті жұмсақ металл. Ауа – газдардың қоспасы. Оның иісі және түсі жоқ.

3 минут

Бағалау

Топ басшысы мүшелерін және бір – бірін бағалауды ескертеді.

Оқушылар өздерін және басқа топтарды бағалайды.

4 минут

Рефлексия.

Кері байланыс.

Стикер таратады.  

-Не үйрендік? Не білдік? Не білгім келеді? Бүгінгі сабақта не ұнады?

 

Оқушылар ойлары мен ұсыныстарын жазады.

2 минут

Үй тапсырмасы

Су және оны қорғау.Су туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

 

 

Оқиды, әңгімелейді, түсіндіреді.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Гидросфера» тарауы бойынша қорытынды сабағы.
Судың адам өміріне , өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды.
Су.Судың күйі.
СУ – ТІРШІЛІК КӨЗІ
Су-тіршілік нәрі
Судың адам өміріне, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігі үшін маңызды
Суды қорғау
Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау
Өзен және көл. Суды қорғау.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2913 | Қосты: Бигелдиева Айткүл | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык