Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік белестері.


Тәуелсіздік белестері.

Тәуелсіздік белестері.

Сабақтың тақырыбы:  «Тәуелсіздік белестері»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру;Өз ұлтын жанындай сүйетін  саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру;
  2. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру;
  3. Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру;

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері бейнеленген слайдтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  • Психологиялық даярлық.

     Отан туралы ой пікір. Отан сөзінің мағынасын ашу, алғашқы ойларын білдіру;

 

Оқушы: Отан дегеніміз- әр адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен тұратын атамекені. Отан- белгілі бір адам үшін оның өзінің елі ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы, ата-ана, бала-шағасы, дос –жаран, ағайын туысы, солармен бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін ұрпақтарына рухы жар болып жататын топырағы.

  1. Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдеріне шолу жасау.

Қазақстан Республикасының тарихи кезеңдері бейнеленген бейнебаян тамашалау;

(Бейнебаян)

 

Мұғалім:

  • 1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Оқушы:

  • Мұз жастанып азаттықтың жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен ұлдарың,

Оқушы:

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке

 

Мұғалім:

  • Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Оқушы:

Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы , тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арысы мен бергісі

 

Мұғалім:

- 1991 жылы желтоқсанның 1 –де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады.

 

Оқушы:

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Шырақ етіп өмір нұрын,

Алыс жатты алдағы жол.

Ел намысын, елдің жүгін,

Арқалаған ардағым –ол.

 

Мұғалім:

 - 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды, ал 2005жылы желтоқсан айының төртінде болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.

 

Мұғалім:

  • 1992 жылы 4 маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні» туралы заңға қол қойды.

 

Оқушы:

Рәмізіміз-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім- әнұран, ту, елтаңба

Оларды да жатқа білген әр кісі

 

 

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниетті-алтын күн

Асқақ армен-қыраны

Жалауы бұл -халқымның,

Мәртебесі, мақтаны

Оқушы:

 
 

Елтаңбасы елімнің

 

 

 

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада – аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қо арғымақ.

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жоланда

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

 

Қазақстан Республикасының Гимні

Оқушы:

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым-

Мың қайталар мұны айтамын

  1. Тарихи жылдарға тоқталу.
    • 1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты
    • 1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
    • 1993 жылы, 13 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
    • 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
    • 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
    • 2006 жылы 6 қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік гимні болып бекітілді.
  2. Қорытынды.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
«Тәуелсіздік - көптен күткен бақытым»
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
Менің елім, менің Қазақстаным
Қазақстан – менің Отаным
Кең-байтақ Қазақстаным
Тәуелсіздік – ел тірегі
Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3100 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык