Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 4064 |
|
|
|
Кең-байтақ Қазақстаным
Сабақтың тақырыбы: Кең-байтақ Қазақстаным
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Қазақстан Республикасы, оның 20 жыл ішіндегі жетістіктері туралы мағлұмат беру. Сөйлемнің мүшелері бойынша жаттығу жұмыстарын орындай отырып, тақырыпты пысықтау.
Ә) Дамытушылық : Оқушылардың сөздік қорын молайту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Б) Тәрбиелік: Отанды, халқын, тілін сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, патриотизмге тірбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Топтастыру, сұрақ-жауап, сәйкестендіру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі қағаздар, көрмеге арналған кітаптар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу. Оқушылармен сұхбат
- Бүгін қандай күн?
- Желтоқсанның нешесі?
- Желтоқсанда қандай мерекелер тойланады?
- 1 – желтоқсан қандай мейрам?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.
2. Толықтауыштың сұрақтары.
3. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін ата.
4. Толықтауыштың түрлерін ата.
5. Жанама толықтауыш қалай жасалады?
6. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады? Сұрақтары.
7. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады? Сұрақтары.
8. Тура толықтауыш қалай жасалады?
9. Сөйлем мүшелері қалай сызылады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақты ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өлеңімен бастайық:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем.
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
- Бұл өлең не туралы?
- Отан деген не?
- Сендер қай жерде, қай мемлекетте туып-өстіңдер?
- Біздің Отанымыз Қазақстан қандай?
- Олай болса, бүгінгі сабағымыздың таұырыбы – «Кең – байтақ Қазақстаным»
- Дәптерлеріңді ашып, күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазып қойыңыздар.
- Балалар, біздің Отанымыз ұлан – байтақ дейміз, осы сөздің мағынасы не? Кім айтар екен?(кең, үлкен)
- Батыстан шығысқа қарай 3000километр, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 километр жерді алып жатыр. Жалпы жер көлемі қанша? (2700 мың шаршы километрден асады).
IV. Топтастыру.
V. Кестені сөйлет.Берілген сөздер қай сөйлем мүшелеріне қатысты екенін тауып астына жазыңдар.
Барды, бүгін, мен, 2012 жыл, балаларды, таулы, таңертең, сымбатты, мұғалім, Қазақстан, көпұлтты, көктемгі, қарашада, тойланды, айтып отыр, кітаппен, сабақтың.
VI. Тәуелсіз Қазақстанымның 20 жылғы жеткен жетістіктеріне көз жіберсек:
1.1991 жылы 10-қазан қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
2.1992 жылы наурыз айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Маусым айында Тәуелсіз Қазақстан ел рәміздері: Туын, Әнұранын, Елтаңбасын қабылдады.
3.1993 жыл қарашаның 15 күні Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.
4.1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді.
5.1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
6.1995 жыл 30 - тамыздың Референдунда ұсынылған жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
7.1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы болды.
8.1997 жыл қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып жарияланды.
9.1997 жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып жарияланды, осы жылы Білім Заңы қабылданды.
10.1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі- тіл. Еліміздің ата Заңы Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы» мемлекеттік тіл-қазақ тілі деп көрсетілген.
Ал екінші бақытым-Тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілемдедім
Кей кезде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім
11.1998 жыл Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы деп жарияланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 даму стратегиясы жарияланды. 6-мамырда ел Астанасы Ақмола қаласына көшті.
Осал жерге
Ортаймас бақ қона ма?
Ер көңілі толмаса тақ қона ма?
Атар таңдар бере гөр құт-береке
Елдің төрі-Қасиетті Астанаға.
12.1999 жыл 10 қаңтар Президент сайлау нәтижесінде Н.Ә.Назарбаев 7-жыл мерзімге Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
13. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы.
14. 2000 жыл шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды.
15. 2001 жыл Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат ғасыр 21-ғасырды зор сеніммен қарсы алды.
Аман бол, жаңа ғасыр-жарқын заман,
Аман ба? жаңаша күн жарқыраған.
Азат күн арман ғасыр мәңгі паш ет,
Қазақстан қасиетті ел екенін.
16.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев 2001 жылды Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы жылы деп жариялады.
17.2006жыл Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығы аталып өтті.
18.2006-2011жылдарға арналған Білім беру тұжырымдамасы қабылданды.
19.2007жыл Әнұранның мәтіні өзгертілді.
20. 2008 жыл Халық санағы болды. Қазақстан халқының саны 1600000 –ға жуықтады.
21. 2010 жылы желтоқсан айында Астана қаласында Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастық ұйымы шақырылды.
22. 2011 жылы VII қысқы Азияда олимпиадасы Астана-Алматы қалаларында болып өтті.
23. 2011 жылы 3 сәуірде кезектен тыс Президенттік сайлау болып өтті. Халық қалауы Елбасы Н.Ә.Назарбаев болды.
VII. Жылдар сөйлейді.
1991 жыл
Тұңғыш ғарышкер Т. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жыл
Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба бекітілді
1993 жыл
Ұлттық валютамыз теңге айналымға енді.
1995 жыл
Ата Заңымыз (Конституция) қабылданды.
1998 жыл
Ақмола Астана қаласы деп аталып кетті.
2001 жыл
Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы аталып өтті.
2007 жыл
Жаңа әнұран шығарылды
2011 жыл
7 қысқы Азияда олимпиадасы өтті
2012 жыл
1-желтоқсан ҚР-ң тұңғыш Президенті күні жарияланды.
VIII. Біліміңді сына!
1-тапсырма.Сөйлемдегі баяндауыштың орнын толықтырып, сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
1. Адам баласы табиғатты .
2. Біз бұлақтардың көзін .
3. Су мол болса, астық та .
4. Көк шөпті таптауға .
5. Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен .
Керекті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық, қорғауы тиіс.
2-тапсырма. Сәйкестендір!
Мемлекет залив
Әйгілі территория
Өлке государство
Шығанақ известный
Батыс край
Аймақ запад
3-тапсырма. Семантикалық карта.
Сөздер Бастауыш Баяндауыш Толықтауыш Анықтауыш Пысықтауыш
Мемлекетінің
Кең-байтақ
Жері
Аймаққа
Байлықтары
Бөлінеді
Болашақта
Марқакөл
Әсем
Дамып келеді
Табиғаты
Қазақстанда
Танылуда
ІХ. Сабақты бекіту. Тест.
1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?
а) 1991 жылы 16 желтоқсан
ә) 1995 жылы 30 тамыз
б) 1997 жылы 17 қараша
2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ж.Мәлібеков
б) Ш.Айманов
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?
а) 1998 жылы
ә) 1986 жылы
б) 1991 жылы
4. Әнұранның әнін жазған кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ш.Қалдаяқов
б) Ш.Айманов
5. Толықтауыштың сұрақтарын көрсет.
а) кім? Не?
ә) қашан? Қалай?
б) кімнен? Неден?
6. Тура толықтауышты тап.
а) кітапты оқу
ә) оқушымен бірге
б) сабаққа келу
Х. Үйге тапсырма беру. «Қазақстан және жастар» эссе жазып келу.
ХІ. Бағалау.
Сөздер Бастауыш Баяндауыш Толықтауыш Анықтауыш Пысықтауыш
Мемлекетінің
Кең-байтақ
Жері
Аймаққа
Байлықтары
Бөлінеді
Болашақта
Марқакөл
Әсем
Дамып келеді
Табиғаты
Қазақстанда
Танылуда
Барды, бүгін, мен, 2012 жыл, балаларды, таулы, таңертең, сымбатты, мұғалім, Қазақстан, көпұлтты, көктемгі, қарашада, тойланды, айтып отыр, кітаппен, сабақтың.
Тест
1. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы, қай күні қабылданды?
а) 1991 жылы 16 желтоқсан
ә) 1995 жылы 30 тамыз
б) 1997 жылы 17 қараша
2. Қазақстан Республикасының Туының авторы кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ж.Мәлібеков
б) Ш.Айманов
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды?
а) 1998 жылы
ә) 1986 жылы
б) 1991 жылы
4. Әнұранның әнін жазған кім?
а) Ш.Ниязбеков
ә) Ш.Қалдаяқов
б) Ш.Айманов
5. Толықтауыштың сұрақтарын көрсет.
а) кім? Не?
ә) қашан? Қалай?
б) кімнен? Неден?
6. Тура толықтауышты тап.
а) кітапты оқу
ә) оқушымен бірге
б) сабаққа келу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |