Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған


Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған

 «Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған»

Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның

                ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық, ынтымақ-бірлік,

               бейбіт өмір, шат-шадыман, жарасымды тіршілік иесі екендігін,

               олардың игілікті істерге қызмет етуі тиіс екендігі жас ұрпақтың

               санасына жеткізу. Тәуелсіздік күнінің Республика күнімен

               жалғасты, мазмұндас екенін ұғындыру. Оқушыларды елжандылық

               рухқа тәрбиелеу.

 

                                   Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім: Оқушылар жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып, бір күнде атылды. Сол сияқты 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

 

Тәрбие сағатының жоспары:

  1. Желтоқсан – ерлік тарихымыз
  2. Сандар сыр шертеді...
  3. “Тәуелсіз Қазақстаным” әдеби – сазды диафильм.

 

Гүлдария: Шаттық нұры шашылып зеңбіректен,

                  Шуағын күн төгеді енді көктен.

                  Шылбыр үзді даланың арғымағы,

                  Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

                  Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке,

                  Ақ боз аттың алдынан жагды үміт те.

                  Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

                  Қазақстанбет алды мәңгілікке!...

 

Мұғалім: «Тәуелсіздік-ерлік тарихымыз»,-дегендей тәуелсіздік сөзіне қатысты сөздер айтамыз.

 

Баянсұлу: «Менің тағдырым»

Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді

Түспейді шаңы басты сілкінсемде мен енді.

Тағдыр меніаямады, қорлады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қай бірін

Ауыр менің , ауыр менің тағдырым.

 

 

 

Шерхан: «Ақтық сөз»

  1. Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінгенжаратып,

Ақсауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр.

  1. Ұлы Ленин бабамыз

Қатарға теңдеп тартқан соң

Компартия басқарып

Достық отын жаққан соң

Аға дедік орысты

Әділдігі жаққан соң.

 

Қасымхан: «Ақтық сөз»

  1. Ал енді қазір неткен күн

Орыстан ынсап кеткен күн

Тізесі қатты батқан соң

Шыдамастан ақыры

Қарғыс атқыр Алаңда

Қарғыс атқан туған күн.

  1. Қаймана қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық Алаңға

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды-ау табанда.

 

Мұғалім: Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке орнатылған ескерткіш. Семей қаласында орнатылған. Қайраттың түрмеде отырған уақытындағы үзінді «Түрме жыры»

            Ляззат: Түрме торы жамбасыма тақылдайсың,

                           Өзіммен бірге туған жақындайсың.

                           Телміртіп темір торға қамағанша

                           Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың.    

                           Ауылда жақсы екен ғой салған әнім

                           Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін,

                           Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

                           Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

                           Тас төбе, төрт қабырға жалғыз есік

                           Ас берер ортасында жалғыз тесік

                           Күніне ұзатары үш тілім нан

                           Өлмейтін саған тиер осы несіп.

Динара: «Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы!»

  • Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды.
  • Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді.
  • Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді.
  • Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді.
  • Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді.  

 

Айсұлу: Өсер ұлдың қай кезде де бірлік болмақ қалауы,

              Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

              Өздеріңдей өз намысты жас өркені бар елдің,

               Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

               Бәрі болған қазақ деген көне елде,

               Ел белгі де, ерлік, елдік, өнерде.

               Жапандағы ең жауынгер халықта,

               Кім сенеді, ту болмауы дегенге?!

               Батырлыққа уызына жарыған,

               Ел төркіні байрағынан таныған.

               Өзі ақын, өзі әнші халықта,

               Кім айта алар болмағандеп Әнұран.

 

«Әнұран» орындалады.

 

«Отаның берік болса, жауың алмайды»

Аяжан: «ТӘУЕЛСІЗДІК  МОНУМЕНТІ»

Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан.

 

Айнұр: «Тарихи 5 кезең»

  1. Жоңғар шапқыншылығы
  2. Ашаршылық (1930-1932 жыл)
  3. Репрессия (1937-1939 жыл)
  4. Ұлы Отан Соғысы (1941-1945 жыл)
  5. Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл).

 

 

 

«Сандар сыр шертеді...»

  • 1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды.
  • 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
  • 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
  • 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
  • 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
  • 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
  • 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
  • 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді.
  • 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
  • 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
  • 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды.
  • 2002 – 2005 жылдар ауыл жылы болды.
  • 2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды.
  • 2007 жыл Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды.
  • 2008 жылы Қазақстандағы Украина жылы болды.

          2008 жыл Шығыс Қазақстанның экология жылы болып жарияланды.

  • 2009 жыл Ана мен Бала жылы болып жарияланды.
  • 2009 жыл Германиядағы Қазақстан жылы болды.
  • 2010 жыл  Жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды.
  • 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
  • 2011 жылдың 16-желтоқсаны  Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы тойланады.
  • 2012 жылдың 15-қаңтарында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болады.

 

 Ізбасар: «Желтоқсан»

Желтоқсан-жеңіс, Желтоқсан-ұлы жаңалық,

Нохот деп оны нәубетке қойған саналық.

Жәнібек, Бұхар, Абылайдан қалған бар болсын,

Азаттық! Еділдік! Даналық!

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.

 

Мұғалім: «Тәуелсіздік» деген сөздің әрбір әріпіне жылы сөздер айту.

                  “Тәуелсіз Қазақстаным” әдеби-сазды диафильм.

«Атамекен» әні орындалады.

Мұғалім: Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

                Сау болыңдар оқушылар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
Тәуелсіздік таңы атты.
Тәуелсіздік белестері.
Қазақстан Тәуелсіздігінің Дара жолдары.
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Кең-байтақ Қазақстаным
Менің отаным – Қазақстан!
Желтоқсан жаңғырығы
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5283 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык