Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 2983 |
|
|
|
Тебіренген дауыл күй
Тақырыбы: Тебіренген дауыл күй
Мақсаты: Оқушыларды күй өнерінің құпия сырларымен терең таныстыру арқылы оларды әсемдікті түсіне білуге, сезімталдыққа, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, өнерін қадірлей білуге тәрбиелеу. Күй өнерінің арғы-бергі жағында үлкен тарихтың жататындығын аталарымыздың аманат етіп қалдырған күй өнерінің өлмейтұндығын ұғындыру. Оларды өз ұлтының мәдениетін, өнерін сүюге, қадірлеуге үйрете отырып, ұқыптылық пен төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күйшілер туралы слайдтар, домбыра аспабы, кітаптар
Жүргізуші: Күй қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкалық жанры. Ол негізінен домбыра күйлері, қобыз күйлері болып бөлінеді. Күй қазақтың музыкалық шығармалары ішіндегі ең ірі жанры. Күй аңызы ғұндар дәуіріне жатады. Күй деген сөзінен шыққан. Күй ХІҮ ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйді шығарушы халық, адам. Мысалы: Асанқайғы, Қорқыт, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, Сүгір, Абыл, Махамбет т.б. Бұл адамдар музыка мәдениетінің асқан шеберлері. Олар халық сазгерлері. Халық сазгерлерінің күйлерін орындау үшін оқушы
1.Шығарманы дұрыс түсіне білуі керек
2.Күйдің шығу тарихын білу керек
Музыканы тыңдай отырып, одан өмір құбыластарының дыбыстық кескін- бейнесін елестете білу керек. Бүгінгі “Тебіренген дауыл күй” атты кешімізге келіп отырған мектептің өнерлі оқушылары күйші-композиторлардың шығармаларын орындаудан шеберліктерін ортаға салады. Олай болса хош келдіңіздер дей отырып, кешімізді бастаймыз.
Жүргізуші: Асанқайғы – Алтын Орда ыдырай бастаған кезде өмір сүрген. Ол-қазақ халқының тағдыры үшін қайғы шегіп, оның болашағын ойлап, тебіренген дала абызы. Асанқайғы- ел қамы, халқының келешегі туралы толғаныстарын күй тіліне түсірген суреткер. Асанқайғының “Ел айырылған”, “Желмаяның жүрісі”, “Зар”, “Асанқайғы” сияқты күйлері –халықтың- әлеуметтік тақырыпқа арналған құнды туындылары.
Күңіреніп “Асанқайғы” күй толғанды,
Желмая желе жортып жерді шалды.
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды,
Аралап қоныс таппай күй зарланды,- деп ақын жырлағандай Асанқайғының “Ел айырылған” күйін Нұрлыбекұлы Беріктің орындауында тыңдаңыздар.
Жүргізуші:ХҮІ–ХҮІІ ғасырларда өмір сүрген күйшілеріміздің бірі –Байжігіт. Алтай өңірінде өмір сүрген. Ол –күй өнерінен жұбаныш тауып, шер тарқатқан, қайғы-қасірет шеккен елін домбырасымен жұбатып, үн қатқан ұлы күйші. Байжігіттің “Азат”, “Ақтабан”, “Арман”, “Бөкен жарғақ”, “Былқалдақ”, “Жетім торы”, “Қос басқан” т.б. күйлерінде өмірдің мән-мағынасы, елдің болашағы мен тағдыры, адам, табиғат суреттері барынша терең көркемделген. Байжігіттің “Жетім торы” күйін Саясатқызы Фаризаның орындауында қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Махамбет от жүректі, өжет те, қайсар, жанкешті күрескер, астындағы аты мен қолындағы қару-жарағы, домбырасы ғана емес, сазгерліктен де кенде болмаған. Орал, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе сынды атырапты шарлай жортқан, өзінің жападан жалғыз талай тағдырына мойынсұнбай арпалысқан дарынды музыкант тұлғасында елестейді. Махамбеттің күйлері туралы айта келіп, сөз зергері Әбіш Кекілбаев: “Махамбеттің адам таң қалатын жері де сол, бола берместің бәрін болдырта білетіндігінде ғой. Алдымен Махамбет болу қиын, ал Махамбет болғасын ақын, батыр, күйші болу да оп-оңай сияқты. Адуын дарыннан қалған мына жеті күй бізге сол асқақ ақын, асқаралы азаматтың жүрек соғысы мен жүрек тынысының кардиограммасындай көп жайды аңғартып, көп нәрсені түсіндіріп “тұр”,- деген еді. 1838 жылғы шыжыған шілде айында Исатай батыр Геке мен Баймағанбет сұлтанның әскерімен болған соғыста Қиыл өзеніне жақын жерде қаза табады. Осы кескілескен шайқастан кейін Махамбет Исатай батырдың баласы Жақия екеуі ойды-қырды кезіп жүріп, жайлаудағы Жұмыр (шын аты Садыр) мен Қылыш батырлардың ауылынан шығады. Бұлар Махамбет пен Жақияны танып, зор құрметпен қарсы алады. Ауылдың үлкен-кішісі түгел жиналады. Сонда бір қария: “Арыстан домбырашының үйіндегі Боғда күйшіні шақырыңдар”,- дейді. Боғда есімін естігенде Махамбеттің жүзі жайнап кетеді. Арнайы шақыртумен келген күйші: “Созса қол жетпейтін, ұшса құс жетпейтін Исатайдан айырылып сорлаған екенбіз ғой... Мына Жақия Исатайдың көзі емес, өзі болсын, қарағым Махамбет!”- деп күңіреніп қоя береді. Махамбет, Жақия, Жұмыр, Қылыш – төртеуі орындарынан тұрып, Боғдамен құшақтасып көрісіп, Арыстан екеуіне төрден орын береді. Сол күннен бастап Байбақты елінде Махамбет, Жақия, Боғда, Жұмыр және Қылыш жұптарын жазбай бірге жүреді. Және сол жылы жазда осы елде өткен үлкен бір аста Махамбет Жұмыр мен Қылыштың азаматтық ісіне әбден риза болады. Жиын үстінде Баймағанбет сұлтанның шаш ал десе, бас алатын нөкерлері Махамбет пен Жақияға тор құрады. Осы кезде Жұмыр мен Қылыш қорған болып көп қайрат көрсетеді. Ақын осы тұста арыстай екі азамат туралы ризашылығын күймен толғап беру жайын көңілге түйіп аттанады. Міне осылай Махамбеттің “Жұмыр-Қылыш” күйі өмірге келген екен. Ендеше келесі тыңдайтындарыңыз
Темірбекова Бөбектің орындауындағы “Жұмыр-Қылыш” күйін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы дүниеге келіп, 1889жылы дүниеден өткен. Қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың классигі. “Балбырауын”, “Көбік шашқан”, “Сарыарқа”, “Ақсақ киік”, “Адай” сияқты күйлерінде нұрлы болашақ, азат өмірді аңсаған халықтың үміті, асыл арманы, зорлықшыл үстем тапқа деген ыза кегі, өшпенділігі, яғни өмір тартысы суреттеледі. Олай болса, Әр жұртта қалып елдің бір маңғазы,
Жоқтайды ойда қысы, қырдан жазы.
Осындай азасы бар күндер кешіп,
Жанынан жалын төкті Құрманғазы - деп ақын жырлағандай төкпе күй тарланы, күйші атамыз Құрманғазы күйлеріне кезек береміз.
Сағидоллаұлы Айнабектің орындауында “Ақсақ киік” күйін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даламның,
Үні менен ұраны – дегендей “Төре күйлерінің атасы атанған, күйін айырықша талғаммен, ерекше сұлулықпен сомдаған Батыстың төкпе күйшісінің бірі- Дәулеткерей Шығайұлы. 1820-1887 жылдар аралығында өмір сүрген қазақтың күйші- композиторы. Домбыра күйлеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы. Әкесі –Шығай Нұрлыханұлы сұлтан болған. Болашақ композитордың халыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Исатай мен Махамбет көтерілісінің ролі зор болды. Тұрмыстық жанрдағы күйлері: “Желдірме”, “Тартыс”, “Жігер”, “Қос алқа”, “Қыз Ақжелең”, “Көркем ханым”, “Құдаша”, “Жеңгем сүйер”, “Көрғұлы” т.б. көптеген күйлері табиғаттың өзіндей сұлу да сыршыл, сезімтал да сергек. Ендігі тыңдайтындарыңыз Сағидоллақызы Айкөркемнің орындауында Дәулеткерейдің “Жеңгем сүйер” күйін қабыл алыңыздар.
Осы орындауда Мұрат Құсайыновтың “Мереке” күйін тыңдаңыздар.
Жүргізуші: Дәулеткерейдің кейінгі туындыларында терең мазмұн мен күрделі психологизм басым. Дәулеткерей Шығайұлының шығармалары әліде зерттеле бермек Келесі тыңдайтындарыңыз Амангелдиева Гүлсімнің орындауында “Көрғұлы” күйі
Жүргізуші: Қарсы боп бай төреге бала жастан,
Тайынбай дұшпанымен қарсыласқан.
Сыры бар небір терең күйлерінде,
Балбырауын, Сарыарқа, Кісенашқан.
Айдарханова Әлипаштың орындауында Құрманғазының “Балбырауын” күйін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ұрпақтан ұрпақ талай алмасады,
Осылай өнер кеші жалғасады.
Қазақтың қара домбырасы шанағында,
Жырланған заманының талмас әні –деп ақын жырлағандай ұлы күйші сазгерлеріміздің мұрасын жалғастырушы көптеген күйші сазгерлеріміз бар. Солардың бірі Сәкен Кәрімұлы Тұрысбеков. Кезінде республикамызға танымал фольклорлық-этнографиялық ансамбльдердің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. Қазақстан Республикасы Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбегін сіңірген артисі. Секеннің шығармашылығында “Ақ жауын”, “Көңіл толқыны”, “Ерке сылқым”, “Боздақ”, “Өкініш” т.б. күйлері бар. “Көңіл толқыны”- халқымыздың тамсана таңдай қағып, сүйсіне тыңдап, құлақ құрышын қандыратын күйлерінің бірі. Күйдің жанды жылытар қоңыр әуезділігі, тербеле толқыған ырғақтық желісі, алуан түрлі шертіспен өрнектелген әуені, ырғақтық екпіні, адам көңілін бірден баурап әкетеді. Эстетикалық ләззатқа батырып, жүрек қалтарысындағы тұңғиық сырменен тілдесіп жатқандай әсер қалдырады. “Көңіл толқыны”- формалық құрылымы мен шертіс әдістері жағынан күрделі шығарма.
Күңіренген бір мұңды күй даланы алды,
Табиғат тып-тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыста ыңыранды.
Су ақпай жатты тоқтап арнасында
Қарғалар қалқып қалды жар басында
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт
Тырп етпей күйшілердің арқасында ендігі тыңдайтындарыңыз С.Тұрысбековтің “Көңіл толқыны” күйі орындайтын Саясатқызы Фариза
Жүргізуші.: Домбыра мұнша шешен болдың неге,
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе
Аққудың әуеніндей үнің бар –ау,
Сарыарқа самалындай ескен баяу.
Бөбектей бесігінде маужыраған
Тыңдаймын мен отырып ұйқылы ояу.
С.Тұрысбековтің “Ерке сылқым”күйін Нұроллаұлы Нұрәділ орындайды.
Жүргізуші: Алатау күй тыңдады ауылдай боп,
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп.
Аңқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп
Жым-жырт боп тына қалды желде соқпай
Домбыра айналаға дүбір салды.
Адақтар жалғыз шапқан жүйрік аттай келесі тыңдайтындарыңыз
Айдарханова Әлипаштың орындауында “Жүрек сыры” күйі
Жүргізуші: Қағылды кейде бір күй дабылдай боп,
Бұрқырап кетті түтеп дауылдай боп.
Әлде күш, әлде дауыл, әлде ат шапқан,
Әйтеуір қырдан көшкен сарындай боп.
Күй күшті тауды- тасты бұзатұғын
Орнына өз өрнегін сызатұғын
Толқындап тас кереңді үн оятып,
Дүкені дүниенің қызатұғын- деп ақын жырлағандай Жасарал Еңсеповтің “Шашу” күйін Бауыржанұлы Біржанның орындауында қабыл алыңыздар.
Күй “Кербез Керік” Орындайтын ансамбль
Күй “Ерке сылқым” Осымен тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Өнерлі өрендер әрдайымда биік шыңдардан көріне беріңіздер
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |