Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ыбырай Алтынсарин. Бәрінен де жақсы.


Ыбырай Алтынсарин. Бәрінен де жақсы.

 

Ыбырай Алтынсарин.  Бәрінен  де жақсы.

Сабақ тақырыбы :       Ыбырай Алтынсарин.  Бәрінен  де жақсы.

Сабақ мақсаты:  

           Білімділігі: оқушыларға  Ыбырай Алтынсариннің «Бәрінен де жақсы» атты мәтінін

                                 мәнерлеп , түсініп оқи отырып, шығармадағы негізгі ойды өз сөздік

                                 қорларында қолдана білуге үйрету  және анаға деген сүйіспеншілікті

                                 сезіне білуге жағдай жасау.                                                                                                              

           Дамытушылығы: оқушылардың   ой-өрісін, тіл байлықтарын, сөйлеу мәдениетін

                                           дамыту,шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру.

           Тәрбиелігі:  ананы сыйлауға , ана еңбегін  бағалай білуді дәріптеуге ,ізеттілікке,

                                 адамгершілікке тәрбиелеу. 

Сабақ түрі:    бастапқы жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдісі:             ой қозғау, түртіп алу жүйесі, оқыту, түсіндірмелі шығармашылық жұмыс,

                        ассосация құру, болжау стратегиясы.

Көрнекілігі:  Ы. Алтынсарин портреті ,сөзжұмбақ, қима қағаздар жетондық үйлер,

                          қызғалдақ.ім

 

                              САБАҚТЫҢ     БАРЫСЫ:

 І.Бағдарлау- мотивациялық  кезең.

Оқушы құралдарын түгелдеу, психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем   беріп құрметпен,

Бас иеміз біз.

Енді балалар бір-бірімізге  көтеріңкі көңіл күй сыйлап ,өзара амандасайық.

Күлім қағып  қолымды ,

1,2,3-деп соғайын.

Қарап тұрған көршіме,

Қолымды мен бұлғайын.

Жылы –жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сипайын.

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын.

Амандасып өзіңмен

Құшақтап бір қысайын.

Бүгінгі сабақта бәріміз әдемі жапырақтар жинаймыз, кім көп  жапырақ жинаса сол өте тамаша деген бағаға   аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Сәлем  берем үлкенге» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бекіту сұрақтары:

-Амандасудың қандай түрлері бар?

-«Ассалаумағалейкум» деп кіммен амандасасыңдар?

-Мектептегі ұстаздармен  қалай амандасу керек?

-Өзара достарыңмен амандасасың ба?-Сәлемдесу адам бойындағы қандай қасиеттерді білдіреді?

 

ІІ.Операционалдық –орындаушылық  кезең.

Ой қозғау.  Балалар бүгін бізге «Балапан» бағдарламасынан  хат келіпті. Бірақ мен хаттағы сөздерден ештеңе ұқпадым. Өйткені ондағы сөздердің орындары ауысып кеткен. Сендер соны оқуға көмектесесіңдер ме? Ендеше бәріміз бірігіп осы сөздерді мағынасына қарап дұрыс орналастырайық.

1.анам  өте мейірімді Менің.

2.бала  жақсы  менің  болғанымды  қалайды   Ол.

3.жақсы   мен   көрем   Сондықтан  анамды.

-Біздерге нелер келді? Олардан не құрадық?  Олар қалай жазылған.Неше сөйлем құрадық?

Міне балалар біз үш  сөйлемнен тұратын  «Мәтін»  құрадық.

Мәтін адамның белгілі бір  ойын білдіреді. Онда үш немесе одан да көп сөйлемдер болады және сөйлемдер бас әріппен басталып жазылып, соңына нүкте қойылады.

Енді балалар  Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бәрінен де жақсы»  әңгімесімен танысамыз

Мағынаны таныту

1.Мұғалімнің мәтінді оқуы.

2.Оқушылардың тізбектей оқуы.

3.Мәтін мазмұнын шамасына сай баяндау.

4. Түртіп алу жүйесі: тасымалданбайтын сөздерді табу;қыздың анасы туралы айтқан сөзін табу, шеше сөзінің баламасын айту.

5.Сұрақтар:  Мәтінде кім туралы айтылған?

                     Өз  анаң туралы әңгімеле,ол қандай?

                    Ана туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Сергіту  сәті.

Мынау менің жүрегім ,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Анашымды құшақтауға арналған.

120-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып,  көшіріп жазу,дыбыстық талдау жасау.

Дәптермен  жұмыс.   Сөйлемдердің ретін көрсету,мазмұнын айту.

Көркем  жазу.

121-жаттығу    Ребусты шешу.

   Мысық ,,,,                 әтеш,,                   ,, тиін        Шешуі: мәтін

Шешуі болып тұрған  сөз  туралы не білесіңдер?

Ойын:  «Ойлан  тап,бұл нешінші әріп?»    

Ең қымбат адам?                                        Ана-1

Мәтіндегі адасқан кім?                              Қыз-15

Анасы қандай?                                           Жақсы-10   

Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.      Қай әріп қай үйге барады?

 

ІІІ.Рефлексиялық  бағалау кезеңі.

Мәтін неден құралады?

Бүгін қандай мәтінмен  таныстық?

Мәтінде қанша сөйлем  бар?

«Бәрінен де жақсы»   және  «Мамам» екеуі  де мәтін  бе?..әлде

Болжау стратегиясы.

Егер  сен  анаңнан адасып қалсаң  не істер  едің?

Ассосация  құру.

Өзіңнің  анаңды  неге теңейсің, ол сенің  кімің?

Ана-жүрек, жүректі құдіретте,

Ана-тірек ,тіректі сен құрметте.

Ана- шың, шыңыңа сағынып  жет,

Ана- күнің, күніңе  табынып  өт.

 

Оригами әдісімен қызғалдақ  жасау.

 

Енді балалар.үйшіктерімізді санап бағаларымызды білейік.

Мадақтау.       Бағалау.      Үйге  тапсырма  «Бәрінен  де жақсы» мәтінін оқу. Түсінік айтуға үйрену.Көркем жазуды аяқтау, ана туралы өлең жаттау. 

                  Сабақ  аяқталды.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтін.
С. Оспанов Сегізінші наурыз күні.
Сөз.
Зат есімнің тәуелденуі.
Ы.Алтынсарин « Кел балалар оқылық ! »
Ыбырай Алтынсарин
Ә дыбысы мен әріпін бекіту
Күлмеңіздер кәріге М. Дулатов
Графиктік және мәтіндік ақпаратты өңдеу.
Әр алуан мәтін түрлерін ажырату
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4453 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык