Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында


Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы
Х.Наубетов орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қуанышева Майра Ізбасарқызы
Күні: 29.11.2014 ж. 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран кәрім және Адам ата жайында
Сабақтың мақсаты: 1. Қасиетті Құран кәрім туралы мағлұмат беру, Жаратушының Адаматаны жаратудағы мақсатын оқушыларға кеңінен түсіндіру;
2. Мұсылман діні туралы білімдерін кеңейтіп, ата бабадан қалған сөздерді еске түсіру арқылы дұрыс жолды таңдау керектігін ұғындыру;
3. Оқушыларды имандылыққа, инабаттылыққа өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: Қасиетті Құран кәрім, интерактивті тақта, шешендік сөздер кітаптары
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабақа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
(Интерактивті тақтаға жазылған сұрақтар бойынша жауап береді)
Сырым мен Малайсары
1. Сырымның Малайсарыдан бата сұрай келуі.
2. Малайсары Сырымның шешесі туралы не деді?
3. Малайсарының бітпеген ісі.
4. Сырымның Ақсуаттан құн сұрауы.
5. Сырымның орынды талабын айтуы.
6. Малайсарының риза боп, бата беруі.
Үй тапсырмасын бекіту
Семантикалық карта
Шешендік сөздер
Қазыбек би Ақсуат би Сырым Малайсары
1. Он жұмбақтың шешуін тапқан кім?
2. «Үйіңнің алдында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылында ақылгөй қарт болса, жазып қойған хатпен тең»
3. Ел арасының бүтіндігін ойлап, ел баласы болайын деген ер екенсің, мұратыңа жет, бағың ашылсын!

4. Шалдың басын көрсеткені – «басқа пәле тілден» дегені.

5. «Кеудең тола бауыр болсын, арқаң қара нардай жауыр болсын»

Түйін.
Шешендік сөздер кітабынан, Әділ бидің кегі жоқ, Шауыпкелдінің айтқаны дейтін сөзін оқушыларға оқып үй тапсырмасын түйіндедім.
ІІІ. Жаңа сабақ
Ой шақыру

Суреттерді көргенде естеріңізге не түсті?
Балалар, сендер бүгінгі сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар.
Біздің тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін білеміз бе? Ол үшін Қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз. Міне, бізде бүгінгі сабағымызды Бисмиллаһир-рахманир-рахим деп бастаймыз.
1. Құран – Ислам дінінің ең басты кітабы. Дүние кілті – Құранда. Қасиетті Құран Кәрім Аллаһтың сөзі. Құранға дейін үш кітап түскен, бірақ адамдар олардың мазмұнын өзгерткені үшін ол кітаптардың үкімі жойылған. Құран кітабының қасиеті сондай – осы күнге дейін бірде-бір әрпі өзгеріске түспеген. Әр адам әр кезде Құран ұстар алдындағыдай таза, пәк жүрсе, дүние, мүмкін, басқаша болар ма, қастық, жауыздық атаулы мүлдем болмас па еді?!
Құранға дейін Забур, Таурат, Інжіл кітаптары түсірілген. Аллаһ Тағала Құранды түсіру арқылы алдыңғы кітаптардың үкімін жойды. Ал Құран қияметке дейін ешқандай өзгермейді. Діни кітаптардың соңы Құран болса, пайғамбардың соңы Мұхаммед (саллуллаһу – ғалайһи - уәссалам) болған. Құран Кәрім 25 пайғамбардың есімі аталған, бұл пайғамбарлар жеке қауымдарға, бөлек халықтарға жіберілген болса, Мұхаммед – тұтас дүниежүзі халықтарының ең соңғы пайғамбары.
2. Құран Кәрім аяттарын Алла тағала Жәбірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллуллаһу – ғалайһи - уәссалам) 23 жыл ішінде әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты уаһи (хабар) түсіргенін, кейін халиф, сахаба, хафиздер арқылы Құранды толық етіп жинап, кітап қылып шығарғандығы, Құран Кәрімде адамдарды қандай мінез – құлыққа тәрбиелейтіні жөнінде сабақ барысында түсіндіремін.
3. Мұхаммед 570- ші жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Әбдүлмүтәліп, әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Ал анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болды. Сондықтан Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойынында болды. Бала жастайынан адал әрі тәрбиелі болған, жұрт оны «Әл- Әмин» деп атап кетті. Мұхаммед пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық сүрелерін адамзатқа жеткізумен болады. 63 жасында көз жұмды. Содан бері Құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Сөздік жұмыс
Алла – күллі ғаламды жаратушы.
Құран – Ислам дінінің негізгі ережелері, уағыздары жазылған діни кітап.
Уаһи – хабар. (тек Жебірейіл періште арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедке аян берілді).
Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүретін, ислам дініне үлес қосқан адам.
Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтап жүретін адам.
Қари – Құранды жаттап, жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.
Бақара – сиыр
Фил – піл
Аят – Құран сүрелерінің қысқа, дербес бөлігі
Ағузу билләһи мин аш-шайтанир-раджим - қуылған шайтаннан Аллаһтан пана іздеймін.
Бисмилләхир Рахманир Рахийм - Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.
Сапиолла – Адам атаның шын есімі.
V. Топтастыру
114 сүре

Тәрбие Құран Кәрім Ислам дінінің басты кітабы

Араб тілінде жазылған
VI. Тест сұрақтары
1.Қазақ халқы қай дінді ұстанады?
А)христиан; Ә)будда; Б)котолик; В)ислам;
2.Мұсылман діні қай елден шыққан?
А)орыс; Ә)араб; Б)қытай; В)грек;
3.Мұсылман (ислам) дінінің бас кітабы не?
А)Забур; Ә)Інжіл; Б)Таурат; В) Құран;
4.Мұсылман дінінің негізін салып, халық арасына таратушы кім?
А)Иса; Ә)Мұхаммед; Б)Лама; В)Конфуций;
5.Құранда қанша сүре бар?
А)114; Ә)14; Б)60; В)99;
6.Алла тағаладан Құран аятарын жерге жеткізуші қай періште?
А)Ібіліс; Ә)Әзірейіл; Б)Мүңкір-нәңкүр; В)Жебірейіл;
7.Құран қай тілде жазылған?
А)қазақ; Ә)түрік; Б)араб; В)латын;
8.Мұхаммед пайғамбардың өсиеттерін қалай атайтынын көрсет?
А)тезис; Ә)баяндама; Б)мақал; В)хадис;
9.Мұсылман діні заңдарын қалай атайды?
А)Ғазауат; Ә)Шариғат; Б)Ораза; В)Құран;
10. «Уаһи» деген не?
А)хабар; Ә)зат; Б)адам; В)жануар;
VII. Құран оқу қағидалары (ескерту)
1. Құранды дәретпен оқу керек.
2. Құран оқуды «Ағузу билләһи минаш-шайтанир-раджим.
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп бастайды.
3. Құранды қатесіз, мәнерлеп оқу қажет.
4. Құран оқыған кезде тыныштық сақтау керек.
5. Құранның әрбір әрпін үйренгені үшін 10 сауап беріледі.
6. Құранды Құбылаға қарап отырып оқу керек.
VIII. Талдау. Дискуссиялық карта
Шығармадағы жақсылық пен жаман істерді талдай отырып, кестені толтыру
+ -

IX. Есептер шығарайық
Құрандағы сүрелер меккелік және мединалық болып бөлінеді.Меккелік-92 сүре, ал мединалық - 22 сүре. Барлығы 114 cүре.
Ең ұзақ сүре – 2 - сүре. “Бақара” деп аталады. Ол 286 аяттан тұрады. Ең қысқа сүрелер – 103-ші,108-ші және 110-шы сүрелер.
Олар 3 аяттан тұрады.
Есепке назар аударайық.
Бақара” сүресінде 286 аят бар. Жарас күніне 2 аят жаттаса,бұл сүрені ол неше күнде жаттап алады?
286 : 2 = 143 күн = 5 ай. Жауабы: Жарас 5 ай ішінде жаттап алады.
X. Сабақты қорытындылау
Сөзжұмбақ «Құран»
1. Біздің ұлтымыз кім?
2. Соңғы пайғамбарымыз кім?
3. Құранды жаттап, жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.
4. Құранды жаттап, үнемі есіне сақтаған адам.
5. Құран алғаш аударған, орыс жазушысы.
X. Үйге тапсырма.
1. Мазмұндау.
2. Бағалау.

Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі
Сымайыл, Зәмзәм
Қасиетті Құран Кәрім туралы «Адам ата»
Ислам дінінің пайда болуы
Ислам дүниесі мәдениетінің дамуы
Ислам дінінің пайда болуы және таралуы
Ислам діні туралы не білеміз?
Қасиетті Құран Кәрім
Құран және ислам ілімі
Қасиетті Құран Кәрім жайында

Автор Қуанышева Майра Ізбасарқызы

Атырау облысы. Исатай ауданы. Жанбай селосы. Х.Наубетов орта мектебі

Бөлім: Материалы / Әдебиеттен ашық сабақтар | Көрсетілім: 5089 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар