|
|
Зат есім.
Пәні |
Қазақ тілі |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Зат есім. |
||
Сабақтың мақсаты: |
Білімділік: Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу. Зат есім туралы түсініктерін молайтады. Соған байланысты жаттығу жұмыстарын орындайды. Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әдемі, таза жазу дағдыларын арттыру. Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі. |
||
Күтілетін нәтиже |
Зат есім туралы алған білімдерін қайталайды, әр түрлі деңгейдегі деңгейлік тапсырмалар орындай отырып білімдерін арттырады. Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды. |
||
Сілтеме |
Оқулық 3 сынып, 146 – 147 беттер. |
||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
1. АКТ 1. Оқулық 2. Тақырыпқа байланысты плакаттар 3. Слайдтар 4. Топтық тапсырмалар жазылған бетшелер. 5. Смайлингтер |
||
Оқыту әдістері: |
СТО Оқыту үшін бағалау |
1.жұппен жұмыс 2.топтық жұмыс |
|
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі |
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, 3 топқа суреттер арқылы бөлу, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою. 1 топ: отбасы мүшелері 2 топ: төрт түлік мал 3 топ: оқу құралдары |
||
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру |
«Кім шапшаң?» ойыны арқылы 6 – жаттығу тексеріледі. - Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? - Олар қандай сұрақтарға жауап береді? - Мысал келтір. |
||
ІІІ. Жаңа сабақ |
Топқа бөлінген заттардың атауларына сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты анықтап алады. Соған байланысты зат есім ережесін шығарып, мысалдар келтіреді.
|
||
ІҮ. Тапсырма |
Оқулықтағы тапсырмалар топтарға бөлініп беріледі. 1 топ: 1(сауысқан), 3 – жаттығу 2 топ: 1(қарға), 4 – жаттығу 3 топ: 1(қарлығаш), 5 – жаттығу |
||
Ү. Сергіту сәті |
Қимыл – қозғалыс жаттығуын жасау. «Бір оңға, бір солға» өлеңі арқылы.
|
||
ҮІ. Дәптермен жұмыс |
Мұғалім іс - әрекеті: Олай болса, топтардың деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі. Топтық жұмыс: 1 – жаттығу:
Мұғалім іс - әрекеті: 2 – жаттығу барлық топтарға ортақ беріледі.
Мұғалім іс - әрекеті: Деңгейлік тапсырмалар: 1 топ: 3 – жаттығу 2 топ: 4 – жаттығу 3 топ: 5 – жаттығу |
Оқушы іс - әрекеті: Оқушылар өз топтарына берілген тапсырмаларды орындайды. 1 топ: 1(сауысқан) 2 топ: 1(қарға) 3 топ: 1(қарлығаш) Осы құстардың аттары аталып, сұрақтар қойылады.
Оқушы іс - әрекеті: Суретте көрсетілген заттардың аттарын атап, оларға сұрақтар қояды. Неліктен әртүрлі сұрақтар қойылып тұрғанын дәлелдейді.
Оқушы іс - әрекеті: 1 топ: 3 – жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, зат есімдерді тауып, астын сызады. Оларға сұрақтар қояды. 2 топ: 4 – жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жазады. 3 топ: 5 – жаттығу. Әр қатардағы сөздерді жинақтап қалай айтуға болатынын көшіріп жазады. Ол сөздерге сұрақтар қойылады.
|
|
ҮІІ. Пысықтау |
Топтық тапсырмалар арқылы пысықтау. Терме диктанттарын орындату. 1 топ: Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жазады. 2 топ: «Не?» сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады. 3 топ: «Кім?» сқрағына жауап беретін сөздерді теріп жазады. |
||
ҮІІІ. Қорытынды |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы қорытындылау. |
||
ІХ. Үй тапсырмасы |
6 – жаттығу және деңгейлік тапсырмалар беріледі. 1 топ: Жаңылтпаш (ішінде зат есімі бар) 2 топ: Жұмбақ (ішінде зат есімі бар) 3 топ: Мақал – мәтел (ішінде зат есімі бар) |
||
Х. Бағалау |
Сабақ барысында алған майлингтерін қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою. |
||
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |