Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жұлдызы биік азамат


Жұлдызы биік азамат

Жұмыстың тақырыбы: « Жұлдызы биік азамат»

Жұмыстың негізгі бағыты:Әдеби-ақпараттық шолу
Жұмыстың зерттеу обьектісі:  Техника ғылымдарының докторы,мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор, Бірлесбек Алияровтың өмірі мен шығармашылығы
Жұмыстың көлемі:(    ) бет, 10 қолданылған әдебиет,6 көрнекі материал,оның ішінде 9 сурет және 11 құжаттық деректер түрінде баяндалған.

 Мазмұны:
Кіріспе.............................................................................................       3
Негізгі бөлім
Өнегелі тұлға............................................................................... ..4
Әлияров Бірлесбек Қаниұлының қызмет еткен орындары.......5
Энергетика саласы-өмірдің күре тамыры...................................6
Бірлес Қаниұлының ғылымдағы үлесі........................................7
Сегіз қырлы,бір сырлы азамат.....................................................8
Қорытынды....................................................................................9
Степендия алған оқушылар тізімі .............................................10                                                 Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................11
                                                        Кіріспе
Қазыналы Қаратау алқабы мен сұлу Сыр бойын жайлап жатқан Жаңақорған өңірінің қасиетті топырағынанелге танымал қоғам қайраткерлері білімдар ғұламалар ақын  жазушылар мен өнер иелері шыққан Жаңақорған өңірі осынау азаматтарымен тұлғаланып, Жаңақорған аспаны осынау азаматтарымен биіктеп жатыр. [2]
 
 
Соның бірі жұлдызы биік азамат-Алияров Бірлесбек Қаниұлы ағамыз.
Оның өмірімен жасаған қызметі елге үлгі боларлықтай.Ол техника ғылымының докторы,мемлекеттік сыйлықтың иегері,профессор,Қазақстанның ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі,халықаралық энергетикалық академияның акадимигі. [4]
 
 
Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы ретінде ғылымның дамуында өзіндік үлесі бар Бірлесбек Алияров Қаниұлының еңбектеріне шолу жұмысын таңдау себебіміз –Бірлесбек Қаниұлы өзіміздің білім ордамыз Н.Илялетдинов мектебінің түлегі өңіріміздің мақтанышы, 1997 жылдан бастап мектепті үздік бітірген түлектерге жыл сайын степендия тағайындап, үздік оқытушыларды марапаттауға көмектесіп жастардың білім ғылымға құштарлығын арттыруға үлес қосып жүрген азамат. Жұмыстыңинегізгі мақсаты-оқушыларды еліміздің ғалымдары туралы ғылымы танымдық көзқарасын қалыптастыру,ғылымға деген қызығушылықты арттыру;
-ғалым Б.Алияровтың еңбектерін көпшілікке жария ету;
-осындай азаматтардың өмірі мен  шығармашылығын өнеге етіп ғалым болуға талпыну.
-жұмыстың жүзеге асырылған жері;
Жаңақорған кенті №169 Н.Илялетдинов мектебі.
Әдебиеттік шолу барысында мектеп кітапханасы, орталық кітапхана және орталык мұрағат материалдары мен әр түрлі әдеби деректер қолданылады
                 Өнегелі тұлға
 
Алияров Бірлесбек Қаниұлы  1939 жылы Жаңақорганда туылған.1956ж осы жерде орта мектепті қазак тілінде бітірген. Бір төрті артық болып,күміс медальға ілінбей қалған.Бесінші сыныпта оқып жүргенінде орыс тілін білген деңгейіне сүйсінген орыс тілі мұғалімі сыныбын жоғалтпай орыс мектебіне ауысуды ұсынған.Бірақ Шымкентте облыстық партия комитетінде қызмет істеп жүрген, Дәушеев Қали ағасы қазақ тілінде оқыған дұрыс деп көндірген.Орта мектепті бітіргенде Бірлеске Москвадағы Халықаралық қатынастар институтына квотамен түсу ұсынылған.Бұған КазМУ-да заң факультетінің сол кездегі доценті Сұлтан Сартаев ағасы қарсы болып,ақырында ҚазМУ-ге физика факультетіне түседі.
     Бірлестің  жұбайы Күлянда Шымкенттегі медицина техникумынан кейін КазМУ-дың биология факультетін бітіріп,көп жыл ғылым академиясының микробология және вирусология институтында,аптекаларда,жоғарғы оқу орындарында қызмет істеген.Қазір зейнеткер болса  да Алматының бостандық ауданындағы « Ақ сұңқар»
ән  ансамбліне қатысып,концерттік залдарда және теледидарда көрініп жүр.Бірлес пен Күлянда бір ұл мен бір қыз өсірген.Немересінің үлкені Канадада тұрады.Қазір АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы университетінде оқиды.Тағы юір немересі физика-математика мектебінің 9-сыныбында оқиды.Өзінің ұлы мен қызы , екеуі де,Алматының энергетика және байланыс институтының-жылу-энергетика инженерлері факультетін бітірген. Ұлы Алижан 1997 жылдан бастап неміс фирмасында қызметте.Қызы Мадина техника ғылымдарының кандидаты,қазір докторантурада оқуда. Бірлесбек Алияров Қаниұлының атақ-дәрежелері:Техника ғылымдарының докторы ( 1984),Мемлекеттік сыйлықтың иегері(1987),профессор (1992),Қазақстанның ұлттық ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі (1994) Халықаралық энергетикалық академияның академигі (2004), Жаңақорған ауданының құрметті азаматы (2006), энергетикаға қызметі сіңген қайраткер (2009). [3]
 
 
 
 Әлияров Бірлесбек Қаниұлының қызмет еткен орындары:
 
  1961-жылдан 20005-жылға дейін Қазақтың академик Ш.Ш.Шөкин атындағы ғылыми-зерттеу энергетика институтында жұмыс істеді. Сол жылдары ол аға лаборант дәрежесінен бастап институт директорына дейін өсті. Директор болып 13 жыл қызмет етті.
   2002-жылдан бастап, 2009-жылға дейін (оның ішінде 2002-2005 жылдары институтта директорлықпен қатар) Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамда ғылым жағынан атқарушы директорлық қызметін атқарды. Осы жерде де ол өз ауылын ұмытпай 2005-жылдан бастап барлық дерлік пойыздардың Жаңақорған станциясында ұзағырақ тұруына септігін тигізді. Энергетикалық зерттеулер институтының ғылыми жетекшісі.
  2008-жылдан бастап осы күнге дейін Астананың жылу жүйесінің директорлар кеңесінің мүшесі.
  2008-жылдан осы күнге дйін Қызылордада ЖЭО салу жөніндегі Ресей-Қазақ Қазэнергоресурс компаниясында жоба жетекшісі.
  2009-жылдан осы күнге дейін Ырысты – АЭВЖ заводының (электровагон жөндеу) директорлар кеңесінің төрағасы.
  Әкесі Қани мен шешесі Раба 4 ұл, 1 қызды болған. Інілері: Жақсылық- құрылысшы, 6 ұл-қызынан 10-нан артық немере көріп отыр, Аманжолдың (энергетик) 2 ұлы, 2 қызы, 1 немересі бар.
  Есенжол – ауылшаруашылық маманы, саясаттану ғылымдарының докторы: 1 ұлы, 1 қызы, 1 немересі бар.
  Мүмкіндігінше Әлияров Б. Республиканың ғылыми-техникалық саясатында өз ықпалын тигізді. Мысалы ол: Республика Президенті жанынан құрылған ғылыми-консультациялық  кеңесте мүшесі (1993-1995), жоғарғы аттестациялық комитетінің президиумның мүшесі (1992-1999), ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің техника ғылымдарының кеңесінің төрағасы (1994-1997), энергетика министрлігінің коллегиясының мүшесі.
  (1994-1996), табиғи монополияларды реттеу агенттігінің сарапшылар кеңесіің мүшесі (2003-жылдан бүгінге дейін), десертациялық кеңестердің мүшесі (1986-жылдан 2007-жылға дейін), «Қазақстанның энергетикасы және отын қорлары»,
 « Магистраль», «Регулятор» атты ғылыми-өндірістік журналдарының  бас редакторының орынбасары, ТМД елдерінің электроэнергетика кеңесінің мүшесі, Өзбекстан және Россияның ғылыми журналдарының редакциясының мүшесі, болып олардың саясатына әсер етті.
   1997-2002,экономика жағдайынан ең  қиын жылдарды , Бірлес ғылыми жұмыс пен бірге тікелей өндіріске араласып, Алматыдағы   25 000  тұрғынға жылу энергиясын беретін Солтүстік-Шығыс жылу кешенін басқарды. Сол жылдардан бері Бірлес өндірістен қол үзбей Қазақстан темір жолында, вагон жөндеу заводында қызмет жасауда.[3]

Энергетика саласы - өмірдің күре тамыры
 Бірлес Әлияров өз біліміне және мамандығына байланысты шет елдердің көптеген компанияларымен бірге зерттеулер жүргізіп, оларға кеңес беруде.
  Олардың санында: Power Gen (Ұлы Бртания, 1995-1996), ABB(Алмания,
1998-2000), Hagler Baye France (АҚШ-Франция, 1999) AES-Екібастұз, (АҚШ),
БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік қатынастар департаменті (2008-2009).  2006-жылдан бастап БҰҰ-ның экономика және әлеуметтік қатынастар департаменті Бірлесті энергетикалық тиімдіілік жөніндегі Халықаралық сарапшылар қатарына кіргізіп, жыл сайын Халықаралық дөңгелек столға шақыруда.
  Негізгі энергетикалық мамандығы – көмірді ірі қондырғыларда жағуды игеру және жетілдіру, олардың қоршаған ортаға әсерін кеміту, Екібастұздың күлі өте көп көмірін жағуға болатынын дәлелдеп, оны жағуды игеру жолдарын анықтағаны үшін (осының арқасында Екібастұздың көмір қоры 1 миллиард тоннаға артты) бір топ мамандарға (ішінде Бірлес те бар) мемлекеттік сыйлық берілді. Жолдастары ойнап осы көмірді «Бірлес көмір» деп атап жүр. Майкөбенің көмірінің қолданыла бастауы да, Бірлестің еңбегі. Кейінгі жылдары Бірлес «жанбайтын көмір болмайды, тек оның жолын табу керек» дейді. Бірлес кейінгі жылдары тарифты анықтау, нарықтық қатынастарды дамыту сияқты, осы заманға қажет бағыттарға, көбірек көңіл бөлуде.
  Осыған байланысты көп томдық «Қазақстан энергиясы», «Қазақстанның темір жол көлігі» атты монографияларға жауапты редактор болды.[3]
 
Бірлес Қаниұлының ғылымдағы үлесі
 
  2006-жылы, Бірлес ұйытқы болып, мектепті бітіргендеріне 50 жыл болғанын салтанатты  түрде тойлады. Ауылының атағын шығарғанын еске алып, 2006-жылы Бірлеске ауданының құрметті азаматы атағы берілген.
  1997-жылдан бері осы мектептің физикадан үздік оқушысына Әлияров Б.Қ. өзінің степентиясын беріп келеді. Степендиат болғандардың бәрі грантпен оқуға түсіп келе жатыр. 1998-жылдан бастап Бірлес аудан көлеміндегі физика пәнінің үздік мұғаліміне өзінің ақшалай сыйлығын беруде.
  Зерттеулер нәтижесінде Әлияров Б. 150-дей ғылыми мақалалар жазды,
15-тен артық потенттерге (энергетика металлургия, көлік салаларында) ие болып, 4 монографияға автор болды. Әлияров Б. жетекшілік етіп, 10-нан артық ғылым кандинанттарына, 3 ғылым докторларына көмектесіпті. Қол ұшын, ғылыми кеңестерін беріп, бірақ жетекші ретінде аталмаған оқушылар саны бұдан кем емес.
  Атап айтуға тұратын еңбектерінің ішінде мына табыстарын кіргізуге болар еді:
 1. Екібастұздың күлі өте көп көмірді жағуды жетілдіру.
 2. Майкүбенің көмірін үлкен қазандықтарда және үй ошақтарында жағуды игеру.
 3. Жылу тасымалдайтын жүйелердің шығындарын кемітц және реттеу жолдары.
 4. Коммуналды қызметтердің бағасын реттеуді жетілдіру.
 5. Көмір жағудың табиғатға зиянды әсерін кеміту.
 Негізгі ғылыми еңбектері: «Экибастуз топливно-энергетический комплекс», «Освоение сжигание Экибастузских углей на тепловых электрических станциях», « Вихревой факел Экибастузского угля», «Огневое модели рование пылеугольных топок», «Состаяние и проблемы прикладной науки в Казахстане», «Энергетическая безопасность и энергетическая незаисимость Казахстана: состояние и проблемы», Жылу техникалық терминдер және басқалар. [3]

Сегіз қырлы, бір сырлы азамат
  Бірлес студенттік кезден бастап спортпен айналысып, оқыған жылдарында университеттің жүзу және су полосының құрама командасында болды. Қазір де спорттан қол үзбеген – бассейнге мүмкіндігінше жиі барады, үлкен және стол теннисын жақсы ойнайды. Алатау теннис клубы Қазақстандағы алғашқы ойын сүйерлер клубы екенін үлкен мақтанышпен өз елінде де, шет елдерде де айтып жүреді. Классикалық және халық музыкасын ұнатады.[3]
                                         Қорытынды
 
Ағамыз академик
Қазақтың темір жолында
Ғалым кісі ел біледі
Дарын, талант бойында.
Мектептің әр түлегі киелі еді
Бірлесбек Әлияровты сүйеді елі.
Доктор, техника ғылымымен
Мемлекеттік сыйлықтың иегері.[5]
 
 
 
  Жұмыстың жүргізілі барысында Б.Алияровтың 150-ден астам ғылыми мақалаларының, 10 шақты өнер табыс патенті, 3 ғылыми монографиясы бар екендігі туралы мәлімет жинақталды.
  Бұл кісінің білім жлы, қызметі, электр энергетика саласының дамуына қоршаған ортаға зиянды әсерлерді кемітуге және жаңа технологияларды жетілдіруге қосқан үлесі осы күнгі оұушыларға өнеге болуға тұрарлықтай. Сонымен қатар бұл жұмыстың еліміздің экономикасында тарифты анықтау, нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталған ғылыми-ақпараттық деректерді оқушыларға жеткізе отырып, еліміздің ғылым саласының дамуына қосар үлесі зор.
Пайдаланылған әдебиеттер
 
1. Бастауыш мектеп. 2010 №1-7 бет [1]
2. Жаңақорған: Тарихнама. Алматы: «Әл-Фараби», 1998, 170 бет [2]
3. Интернет материалдары [3]
4. «Освоение сжигания экибастузских углей на тепловых электрических станциях» Алматы 1996 жыл [4]
5. А.Сопыбеков «Арнау» [5]


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы!
Жұмабек Тәшенев және Қазақстан мәселесі
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Оқушылардың ғылыми жұмысын рәсімдеу
Қанат қақты кезеңі
Қазақтың көрнекті ғалымы-Шоқан Уәлиханов
Кәрімтану факультативі
Физика және Қазақстан энергетикасы
Елбасы - ел мақтанышы
"Аты алтынмен апталып тарихқа енген, қазақтың тұңғыш ғарышкері атында мектебім!"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2531 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык