Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ж ж дыбысы мен әрпі


Ж ж дыбысы мен әрпі

Ж ж дыбысы мен әрпі

Тақырыбы:  Ж ж дыбысы мен әрпі

Мақсаты:    Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу       

                     мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға  

                     жаттықтыру.

                      Ж дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл                  

                     байлығын, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

                      Жақсы мен жаманды айыра білуге, үлкенді – кішіні сыйлауға, 

                     ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

 

Түрі: ертегі сабақ

Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, ертегі

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын сұрау
  3. Жаңа сабақ
  4. Қорытынды

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

   Біз бүгінгі сабақты «Қасқыр және жеті лақ» ертегісі бойынша өтеміз.

Ертегіні түсіндіру.  Баяғы өткен заманда ешкі және оның жеті лағы болыпты. Енелері базарға кетпек болып, лақтарына айтады: ӘӘӘ мен базарға барып сендерге сүт әкелем сендер үйде болыңдар есікті ешкімге ашпаңдар –дейді.

Бұны қасқыр ағаштың арасында тұрып естіп тұрады. Ешкі базарға кеткен соң. Қасқыр келіп есік қағады да. Былай дейді ӘӘӘ мен сендердін шешелеріңмін базардан сендерге сүт әкелдім дейді. Сонда кенже лақ апаларына, ағаларына айтады бұл қасқыр ашпаңдар дейді. Бірақ апалары мен ағалары тыңдамай есікті ашып қояды. Ал қасқыр болсы оларды шап беріп ұстап алады. Ал кенже лақ пештің артына тығылып қалады. Сөйтіп қасқыр лақтарды алып кетеді. Базардан келген ешкі үйінің есігі ашық тұрғанын көріп бір жамандықтың болғанын іші сезеді. Үйге кірсе лақтары жоқ. Ортада кенже лағы жылап отыр екен. Ол шешесіне қалай болғанын айтып беред. Ешкі кенже лағын ертіп алып қасқырды іздеуге жолға шығады.

Көп жүреді, ақырында қасқырды тауып алады. Қасқырдан лақтарын жіберуді өтінеді.

  • Менің лақтарымды өзіме қайтаршы, не тілегің бар орындайын – дейді.
  • Менің алты тапсырмам бар соны орындасаң, лақтарыңды қайтарып беремін. Сөз берем дейді.
  • Балалар, ешкі сендерден көмек сұрап отыр, көмектесесіңдер ме?
  • Көмектесеміз.
  • Онда балалар іске сәт!

Үй жұмысын тексеру:

1 тапсырма: Оқулықтағы сөздерді оқу.

жауын, жауап, жарыс, жарық, жылқы, жорға, жарғанат, жапалақ.

  1. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны:  

                       Ж дыбысы бар сөз ойлау. (кеспе әріптермен)

3 тапсырма : Суретпен жұмыс «Жарыс» туралы мәтін құрау.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық қалтамызға салайық

Жаңа сабақ

4 тапсырма: оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы сөздерді хормен оқу.

жақсы, жаман, жасыл, жайлау, Жамал, Жамбыл, Айжан, Олжас.

 Бас әріппен қандай сөздер жазылған? Неге?

Өйткені жер - су, адам аттары бас әріппен жазылады.

«жомарт» сөзін түсіндіру.

5 тапсырма: Суретпен жұмыс

Қасқыр бізге мына екі баланың суретін беріп отыр, қандай балалар екенін ажыратып беріңдер дейді.

Жаман және жақсы

Осы сөздер қандай әріппен басталған.

Ж әрпімен басталған.

Ж қандай дыбыс?

Ж – дауыссыз, ұяң дыбыс.

Көркем жазу.

Ж әрпін ауада жазу және дәптерге жазу.

Жаман, жақсы, жомарт сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Сөздік диктант: Аа, т, ж. Ға, па, жа.

Сергіту сәті:

Мен өткен дыбыстарды әндетіп айтамын, сендер «Ж» дыбысын айтқанда қолдарыңды шапалақтайсыңдар.

  •  

6 тапсырма: «Жоғалған буын» ойыны.

Осы буындарды жалғап тапсаңдар, ешкінің сендерге деген сыйлығы шығады. Міне балалар ешкіге көмектестікпе? Ешкінің лақтары өзіне қайтуына көптеген тапсырмалар орындадық. Міне ешкі сендерге көп рахмет айтып жатыр. Сыйлығы не екен? Гүл екен, осы гүлдей жайнап жүре беріңдер дейді.

 Осы ертегідегі қасқырдың қандай мінезі ұнады?

Ол берген уәдесінде тұрды. Қасқырдың да жақсы мінезі бар екен.

Сабақты қорыту:

Сабағымызды қортындылай келе «жақсы және жаман» сөздерін қалай түсіндік соны бақылайық. «Суреттердің орнын тап» ойыны.

Біз бүгінгі сабақта не істедік?

Сабақ ұнады ма?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Ә ә дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
К дыбысы мен әрпі
Жеті лақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2439 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык