Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz


Сабақтың тақырыбы: «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Мақсаты:
1.Оқушыларды ертегі мазмұнын дұрыс түсініп айтуға үйрету.
2.Ақыл-ой шығармашылық қабілетін,сөздік қорын,сөз байлығын молайту,есте сақтау қабілетін дамыту,7 саны аралығында сандарды азайтып,қосуға үйрету.Жумбақтарды тез ойланып шеше білуге,өтілген сабақтарды еске түсіруге дағдыландыру.
3.Адалдыққа, батылдыққа,байқампаздыққа,жан-жақты болуға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ(Сахналық қойылым)
Әдісі:Сахнадағы рольдік көрініс
Көрнекілігі:Кітап,қасқыр,ешкі,лақтар
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезең.Оқушыларды сахналық көрініске дайындау.
Шаттық шеңбері: Сәламатсыз ба,ұстазым! (музыкалық үнтаспаға қосылып айту.)
Рольдерде:
Қасқыр - Айбар
Ешкі - Айназым
Лақтар - Мухамеджан,Арай,Ұлжан,Мерей,Данияр,Ардақ,Жансая.
Негізгі бөлім «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі
Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты.Олар орманда алаңсыз тіршілік етіпті.Бірде ешкі лақтарына азық әкелуге орман аралауға кетерде есікті ешкімге ашпаңдар! Мен қайтып оралғанда есікті қағып: «Лақтарым,шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді! - деп ән саламын» дейді.Осы кезде ешкі үйінің маңында қасқыр жемтік іздеп жортып жүрген.Ол лақтарды алдамақ болды.Қасқыр ешкінің кеткенін күтіп,лақтардың ешкімнің қарауынсыз қалған сәтін аңдыды.Қасқыр үйге жақындап келіп,өзінің қарлыққан, қырылдаған даусымен:
- Лақтарым,шұнақтарым! Есікті ашыңдар! Аналарың сендерге сүт әкелді!- деді.
Лақтар;
- Естідік! Тыңдадық! Бұл- анамыздың дауысы емес.Біздің анамыз жіңішке,нәзік даусымен әндетеді.Кет, қасқыр! Біз саған есікті ашпаймыз - деп жауап қатты. Касқыр басы салбырап кетіп қалды.Ол ағаштың түбінде отыра-отыра көп ойға батты.Әбден ойланып, айласын асырмақшы болды.
Қасқыр ешкі үйіне қайтып келіп,есігін қақты.Сонан соң жіңішке , нәзік дауысымен: Лақтарым,шұнақтарым! Есікті аша қойыңдар,аналарың сендерге сүт әкелді! - деп әндетті.Алданып қалған лақтар есікті ашып жіберді.Жауыз қасқырға да керегі сол еді.Ол үйге баса көктей,кимелей кірді де, лақтарды бірінен соң бірін қабына салып алды да,кетіп қалды. Ешкі үйіне келсе, есік айқара ашық жатыр.Үй ішінде ешкім көрінбейді.Қараса,пештің түбінде бір лақ қорыққаннан дірілдеп отыр екен.Сұрастыра келе жағдай белгілі болады.Жалғыз қалған лақ болған жайды баяндап береді.Ешкі басына түскен қайғыдан көз жасын көл қылып жылайды.Сосын қасқырға келеді.Сонда қасқыр:
- Менің әрбір тапсырмамды орындаған сайын, мен саған лақтарыңды қайтарамын, - дейді.
- Ешкі берілген тапсырмаларды орындай алмай қиналды.Балалар,ешкіге көмектесеміз бе?
- Ендеше, қасқырдың бірінші тапсырмасын қарайық
1-тапсырма.Жумбақтар;
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.( қар)

2.Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым.( шаңғы)
3.Қолы жоқ,көзі жоқ
Сурет салар өзі көп ( аяз)
- Дұрыс, өте жақсы жауап бердіңдер,жарайсыңдар!
Балалар біз қасқырдың бірінші тапсырмасын орындап, үш жұмбағын шештік Ешкінің үш лағын қайтарып алайық - деп мұғалім оқушыға 3санын тапқызып, тақтага қойғызады.
- Енді қасқыр бізді ән айтып,би билеуге шақырып тұр.Егер оның айтқанын тыңдасақ,бізге тағы үш лақты қайтарады.
Ән: «Топ-топ балақан» ( қимылмен көрсетіп, әнді орындайды) Жақсы болды балалар,бойымызды жазып бір сергіп қалдық.Енді қасқыр бізге неше лағымызды қайтарады?
Балалар:үш деп,-жауап беріп, 3 санын табады. 3+
Иа, ешкінің тағы үш лағын қайтарып аламыз. 3+3+
- Лақтар түгенделді ма?
- Жоқ.
- Ендеше пештің түбінде тығылып қалған бір лақты қосайық. 3+3+1=7 Балалар санды өзі тауып қояды.Барлығы неше лақ? Балалардың жауабы:
Қорытындылау:
Сонымен балалар, біз ешкінің барлық лағын қасқырдан қайтарып алып бердік.Ешкі сіздерге рахмет айтып жатыр. Осылайша ешкі лақтарымен қосылып бақытты өмір сүріпті.
- Сонда балалар үйде үлкендер жоқ кезде, танымайтын адамға есік ашуға бола ма?
- Иа , біреудің алдауына түсіп қалмауымыз керек екен.Улкендердің айтқанын тыңдауымыз керек екен. «Жеті лақ » ертегісі ұнады ма?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ертегі- ертегі сыр шертеді.
Жабайы аңдар
Ж ж дыбысы мен әрпі
Қыстап қалатын құстар.
Ақымақ қасқыр
«1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау»
Жеті лақ
Үй жануарлары
Геометриялық пішіндер
Үй жануарлары

Автор Құрымбаева Үміт

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №21 мектеп

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 4128 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар