Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы


Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Жаңа пәтерге паркет салу жүмыстарының технологиясы

Сабақтың мақсаты:
Тыңдаушылырға мамандыққа байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз мамандығы бойынша айта білуге дағдыландыру.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру.
Көрнекілігі: электронды оқулықтар, слайдтар, кино үзінділері.
Әдіс-тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, туған күндері бойынша топқа бөлу,
І топқа – желтоқсан, қаңтар, ақпанда туғандар
ІІ топқа – наурыз, сәуір, мамырда туғандар
ІІІ топқа – маусым, шілде, тамызда туғандар
VІ топқа – қыркүйек, қазан, қарашада туғандар
I. Қызығушылығын ояту
«Бұл не сөз, тауып көрші» ойынын ойнату.
Ойын шарты: 1-сөйлемді оқимын. Сол сөйлемнің мағынасына байланысты тыңдаушылар сөздерді айта бастайды. Сөздерді тақтаға жазып тұрамын.
2-сөйлемді оқимын, тыңдаушылар сөйлемді тыңдай отырып, алғашында жазған сөздердің керексізін сыздыртып, жаңадан сөздер айтады.Тыңдаушылар жасырынған қандай сөз екенін тапқанда ойын аяқталады.
II. Мағынаны ажырату.
1. «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы.
Мақсаты: Тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.
2. Жаңа сабаққа кірісу үшін интерактивті тақтадан әр түрлі мамандық иелерінің суреттері(слайд түрінде) көрсетіледі. Тыңдаушылар мамандық иесінің атын айтып, қандай жұмыс істейтінін табуы керек.
Мысылы: дәрігердің суреті көрсетілсе, оның атын айтады және адамдарды емдейтінін айтады.
3. ЖИКСО-1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Менің мамандығым» мәтінімен жұмыс
• электронды оқулық арқылы тыңдалым;
• жекелей оқылым;
• топта мәтін негізі бойынша сұрақ құрастыру;
Лексикалық минимуммен жұмыс
• электронды оқулықтан тыңдалым;
• жекелей және жұппен оқылым;
• топтарға тапсырма
 
III. Ой толғаныс.
1. Топтастыру стратегиясы бойынша әр топ бірлесе отырып, «Мамандық» сөзіне топтастыру құрады
Мақсаты: Мамандық туралы ойларын жинақтау.
2. Әркім «Менің мамандығым» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады.
Мақсаты: Өтілген сабақтың нәтижесін анықтау.
3. «Хат жазу» стратегиясы.
Мақсаты:Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта не істегенін айта білуге дағдыландыру.
«Бүгін сабақтан алған әсерім» тақырыбында бір-біріне хат жазады.
Үйге тапсырма: «Менің мамандығым» тақырыбында әңгімелеуге дайындалу.
Сабақтың тақырыбы: Менің үйім, пәтерім. 4- модуль,1- сабақ.
Сабақтың мақсаты:
Тыңдаушылырға үйге, пәтерге және тұрмыстық заттарға байланысты сөздерді меңгерту арқылы өз пәтерлері туралы айта білуге үйрету.
Сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру. Мемлекеттік тілге, ұлттық дәстүрге деген қызығушылықтарын ояту.
Көрнекілігі: электронды оқулықтар, слайдтар,интерактивті тақта.
Әдіс-тәсіл: СТО технологияларының стратегиялары.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың типі: СТО технологиясына негізделген.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
1.Интерактивті тақтадан қазақ халқының киіз үйі, онда қойылатын тұрмыстық заттар туралы слайд көрсету, мағлұмат беру, қошқар мүйіз оюының кесінділері бойынша топқа бөлу.
IІ. Мағыныны ажырату
1. «Үш қадамады сұхбат» стратегиясы.
Мақсаты: Тыңдаушылардың жан-жақты білімдерін тексеру.
Әр топ бұрын өтілген тақырыптар бойынша бір-біріне 3 сұрақтан қояды.
2. ЖИКСО-1 стратегиясы бойынша оқулықтағы «Менің үйім, пәтерім» мәтінімен жұмыс.
-электронды оқулық арқылы тыңдалым;
Тыңдалымнан кейін мәтінді қалай түсіну деңгейін анықтау үшін төмендегідей тапсырмалар беруге болады.
1. мәтіндегі аудармасын білмейтін сөздерді жазу;
2. мәтіндегі тұрмыстық зат атауларын жазу;
-жекелей оқылым;
1. әр бөлме туралы сипаттама жазу;
(мысалы: ас үйде тоңазытқыш, ыдыс жиһазы бар)
-топта мәтін негізі бойынша сұрақ құрастыру;
Лексикалық минимуммен жұмыс:
• электронды оқулықтан тыңдалым;
• жекелей және жұппен оқылым;
Жаңа сөздерді меңгерту.
1-тапсырма.
Сөз тіркестерін құрау;
2-тапсырма.
Тыңдаушыларға сөздердің екі тілдегі баламаларын тапқызу;
(мысалы: 1-тыңдаушы қазақшасын айтса, 2-тыңдаушы орыс тіліндегі баламасын айтуы керек)
-топтарға тапсырма
1-топ. осы сөздермен сөз тіркесін құрау;
2-топ. Сөздермен сөйлем құрау:
3-топ. Осы сөздерге Қайда?Неде?Кімде?сұрақтарының жалғауын жалғау.
4. «Талдау» стратегиясы
Мақсаты: сауаттылыққа дағдыландыра отырып, өтілген тақырыпты тәжірибеде қолдана білуге үйрету
Оқулықтағы 1- тапсырма.
Сөз тіркестерін, сөйлем құраңыз.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Биыл Ивановтар отбасы жаңа пәтер ал….
….Қ. Қайсенов көшесінде тұр…..
…..пәтер… кең
Терезелері…..
Пәтер……. өте жылы
3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз
Сіздің пәтеріңіз тар ма, кең бе?
Пәтеріңіз суық па, жылы ма?
Пәтеріңіз бірінші қабатта ма, екінші қабатта ма?
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
Сізде пәтер бар ма?
———————————
Ас жиһазы қайда тұр?
———————————
ІІІ. Ой толғаныс
1. «Жоба қорғау» стратегиясы
Мақсаты: Менің үйім, пәтерім туралы ойларын жинақтау.
Әр топ бірлесе отырып, «Біздің үй, пәтер»деген тақырыпта жоба
қорғайды. (ватманға үйдің суретін салып, ішіне тұрмыстық заттарды орналастырады)
Төмендегідей жетекші сұрақтар қоюға болады.
• пәтерлеріңіз қайда орналасқан?
• қандай үй? (жер үй, қабат үй)
• неше шаршы метр?
• қандай бөлмелер бар?
2. Өтілген сабақтың нәтижесін байқау мақсатында
әркім «Менің үйім, пәтерім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырады.
3. «Хат жазу» стратегиясы.
Мақсаты: Хат жазу үлгісін үйрете отырып, сабақта үйренгендерін тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
Сіздің әріптесіңіз мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алды. Әріптесіңізді жаңа қонысымен құттықтап, хат жазыңыз (оқулықтағы коммуникативтік жұмыстағы сөздерді пайдалана отырып жазу)
Үйге тапсырма: Сіз пәтеріңізді сатасыз. Жарнама жазып келу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Уақыт.
Жыныстық көбею
Жануарлар әлемінде, Нәтиже сабақ
Отбасы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Антоним сөздер
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
Сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлері тақырыптары бойынша
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Сөйлем мүшелері. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1833 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык