Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жалқы және жалпы есім


Жалқы және жалпы есім

 

Жалқы және жалпы есім.

Қысқа мерзімді жоспар

11.02.2014 ж.

Таңқаев Аманбай Әбітұлы

Қазақ тілі

2- сынып

Сабақтың тақырыбы

     «Жалқы және жалпы есім»

Сабақтың мақсаты

Білімдік: жалқы және жалпы есімдер  туралы түсінік ала отырып, жаттығулар орындай отырып, білімдерін жетілдіреді                                                             Дамытушылық:білімге деген қызығушылықтары оянады                                                                              Тәрбиелік: топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады

 

Күтілетін нәтиже

 

 

Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірінен ажыратады. Жалқы есімнің бас әріппен жазылуын есте сақтайды. Постер қорғауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.

 

Сілтеме

Қазақ тілі -2 сынып, «Атамұра» баспасы, электронды оқулық- қазақ тілі пәні үшін

Сабақта қолданылытын материалдар:

Оқулық, стикрлер, А-4, кесте, жетондар, электронды оқулық, тірек сызбалары, плкаттар,монитор.

Сабақта қолданылатын әдістер:

Топтық жұмыс, түсіндіру, АКТ,  талдау және СТО технологиялары

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)

 

Оқушыларды түгендеу. Оқушылар шөже, ал мұғалім қораз бейнесіне  еніп «Шөжелер» би қимылы арқылы топқа бөлінеді (І топ жан-жануарлар мен аңдар,                                         ІІ топ ыдыстар, ІІІ топ жеміс-жидектер)

Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)

 

 332- жаттығу, зат есім  ережесі (үш топқа мысалдар келтірту)                                                                                         Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барсында тірек  сызбасы арқылы  жұмыстар жүргізу.                                                                       Топтық жұмыс: Монитор арқылы бірнеше сурет көрсету  ( музыкалық сүймелдеумен) Сол суреттердің атын есте қалу бойынша жаздырту.                                                                                     

Жаңа сабақ              (6 минут)

Жалқы және жалпы есім. Оқушыларға 333-жаттығуды  ауызша орындату арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу және мысалдар келтіру. Ереже шығарту.

Бекіту                      (8 минут)

 Көркем жазуға  «шөжелер» сөзін жаздыртамын.

334- жаттығуды біреше рет оқытып алған   соң жатқа айтқызу. 335-жаттығудағы сөздерді пайдаланып сөйлем құрату

Сергіту сәті            (2 минут)

АКТ қолдану  «Ква-ква»

Оқулық пен тақтамен жұмыс (5 минут)

Тақтаға 336 жаттығуды орындатамын , талдау жасатамын

Тұжырым жасау    (5 минут)

Электрондық оқулық арқылы  мәтін ішіндегі жалқы есімдерді тапқызу(Оқушылар тыңдайды, есте қалған сөздерді табады)

Шығармашылық жұмыс (4 минут)

Үш топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды(жер-су аттары, адамға байланысты және жалпы есім)

 

Сематикалық карта бойынша жұмыс (3 минут)

Оқушының аты-жөні____________________________________

              сұрақтар     

           

сөздер

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?

Жалқы есім

Жалпы есім

Нағашылар

 

 

+

 

 

+

Шаналар

 

 

 

+

 

+

Қойшы

+

 

 

 

 

+

Астана

 

+

 

 

+

 

Гүлдана

+

 

 

 

+

 

 

Қорытындылау Бағалау

Үйге тапсырма       Кері байланыс           (2 минут)

Сабақты сұрақ- жауап әдісі бойынша қорытындылау, оқушыларды бағалау,үйге ереже жаттап келу және жалқы есімге үш сөйлем жазып келу.                        Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.

           

   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Балалар әдебиеті 8-сынып қазақ тілі
339-341 жаттығу
Жалқы және жалпы есім
Дара және күрделі етістік
Сөз таптары
Жалқы жане жалпы зат есімдер
Зат есім
Жалқы есім
Жалқы және жалпы есім
Зат есім
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3062 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык