|
|
Жазбаша көбейту және бөлу.
Сабақтың тақырыбы : Жазбаша көбейту және бөлу.
Мақсаты: 1.Жазбаша көбейту және бөлуден алған білімдерін бекіту, тиянақтау.
2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
3. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тарауынан алған білім-икемділіктерін іске асыра білуге дағдыландыру.
Типі: Білімді бекіту.
Әдісі: Топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Ақпараттық құралдар.
Барысы: І. Ұйымдастыру.
а) Сабақты ертеңгілікпен бастау.
Мұғалім: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Қайырлы күн , балалар.
Қайырлы күн, қонақтар.
Балалар: Күндей жадырап
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір, таза көңілмен
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың түрі жарыс сабақ . Біз 3 топқа бөлініп өз білімдерімізбен жарысқа түсеміз , жеңіске жетуге тырысамыз .
І топ «Ойшылдар », ІІ топ «Дарындылар » , ІІІ топ «Жас ғалымдар».
Мақсаты : Әр жеке оқушыларға сабаққа жауап берулеріне байланысты жұлдызшалар беріліп отырады . Сол бойынша жеке оқушылар бағаланады. Жеңіске жеткен топ анықталады .
Сабақ 9 кезеңнен тұрады .
1. Бәйге .
2. «Кім зерек ?» ойыны.
3. Сандық субтест .
4. Теңдеу шешу.
5. Артық сан мен артық сөзді тап .
6. Сәйкестендіру тесті .
7. Математикалық домино .
8. Тездет, бірақ қателеспе !
9. Жұлдыз санау .
І кезең. Бәйге
Мақсаты : Өткенді қайталау , естеріне түсіру .
Математикалық тест тапсырмалары
1) Немересі 8 жаста, ал әжесі одан 10 есе үлкен.Әжесінің жасы нешеде?
а) 8+10 ә) 8 х 10 б) 10+8
Бүгін бізде қонақта болған достықтың , әдеміліктің белгісі
Ақ көгершіннің құрметіне « Ақ көгершін » әнін орындайық .
Рахмет балалар , сабағымыз аяқталды.
2) Белгісіз санды тап.
8 х Х = 240
а) 232 ә) 248 б) 30
3) Ұзындығы 7см, ені 5см тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?
а) 35 см 2 ә) 12 см 2 б) 24 см 2
4) Қандай сан 2,3 және 7 сандарына
қалдықсыз бөлінеді?
а) 24 ә) 35 б) 42
5) 3 санының кубы нешеге тең?
а) 18 ә) 27 б) 9
6) Бір тәуліктің 1/6 бөлігі нешеге тең ?
а) 6 ә) 4 б) 12
7) Альбом 60 теңге, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалады?
а) 280 тг ә) 240 тг б) 300 тг
8) 59 : 8 = 7 бөліндісінде қанша қалдық қалады?
а) 3 ә) 4 б) 1
9) Қай мысалды көбейтумен алмастыруға болады?
а) 11+21+31 ә) 15+15+15 б) 5+6+5
10) Әлияның 120 теңгесі бар еді. Ол біреуі 50 теңге тұратын 2 қаламсап сатып алды.Әлияның неше теңгесі қалды?
а) 120 -50 +2 ә) 120 -50 х 2 б) (120-50) х 2
Оқулықпен жұмыс № 1 тапсырма (ауызша)
ІІ кезең .Кім зерек ? ойыны
Бұл кезеңде оқулықта № 2 тапсырма орындалады .
ІІІ. Кезең . Сандық субтест
Мақсаты : Бос орындардағы тиісті сандарды табу .
ІҮ. Кезең . Теңдеу шешу
Оқулықтағы 3 – тапсырма .
3 топтан 3 оқушы орындайды .
Ү. Кезең . Артық сан мен артық сөзді тап .
ҮІ. Кезең . Сәйкестендіру тесті .
Оқулықтағы № 4 тапсырма
А) (10 + 438 ): 4 114 Ә) (10 + 238 ) – 4 245
(18 + 438) : 4 112 (11 + 238) – 4 244
(26 + 438) : 4 118 (12 + 238) – 4 247
(34 + 438) : 4 116 (13 + 238) – 4 246
Мақсаты : Ойымызды сергіту мақсатында берілген цифрларды көбейту , бөлу амалдары арқылы шешіп жоғалған әріпті табу .
Жоғалған әріптерден әдептілік сөзі шығады . Оқушылардан «Әдептілік» туралы сөздер , мақал – мәтелдер сұрау . Мысалы :
Сіз , біз , саламатсыз ба , сау болыңыз, рахмет, кешіріңіз , т.б
- Әдептілік ар ұят , адамдықтың белігісі .
- Әдептілік белгісі , иіліп сәлем бергені т.б.
ҮІІІ. Кезең. Тездет , бірақ қателеспе .
Мақсаты : математикалық жұмбақ есептерді тез , қателеспей есептеу .
(Жұмбақ есептер үнтаспа арқылы беріледі ).
ІХ. Кезең . Жұлдыз санау .
Бұл кезеңде оқушылардың жинаған жұлдызшалары арқылы білімдері бағаланады . Жеңіске жеткен топ анықталады .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |