Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атмосфераның ластануы және адам денсаулығы


Атмосфераның ластануы және адам денсаулығы

Атмосфераның ластануы және адам денсаулығы

Сабақтың тақырыбы Атмосфераның ластануы және адам денсаулығы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға атмосфераның ластануы туралы жалпы түсінік беру, ауаның құрамы,оны ластаушы көздер , олармен күресу шаралары, фактілерге сүйене отырып дамыта оқыту,оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастыру және экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: конференция сабақ

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесіп , сынып оқушыларын түгендеу және оқушы назарын сабаққа аудару. 

Үй тапсырмасын тексеру: Атмосфералық ауа ластану себептері тақырыбындығы оқушылар дайындаған мәліметтермен танысу.

Кіріспе: мұғалім сөзі Біз бүгін атмосфералық ауаның ластануы және адам денсаулығына әсер ететінін факторларды талдауға жиналып отырмыз.Осы мәселенің біздің республикамыздың әр аймақтарындағы жағдайы туралы біздің тілшілеріміз айтып береді. Талдауымыз объективті болу үшін біз ғалымдарды,экологтарды, дәрігерлерді шақырдық. Конференцияға қатысушылардың сөйлегендерін эксперттер бағалайды.Эксперттерге сұрақтар қоюға және өзінің пікірін айтуға болады. Сонымен бірінші сөз тілшілерге беріледі

1-тілші. Атмосфераның ластану мәселесі дүние жүзі бойынша ең бір актуалды мәселе болып отыр. Антропогенді әсер ету экологиялық мәселенің басты себебі. Дегенмен атмосфера табиғи ортаның ең бір негізгі жүйесі болса , оның тазалығы адам денсаулығына аса қажетті жағдай ретінде есептеледі. Тараз қаласының эхкологиялық жағдайы 60жылдардың ортасынан бастап өзгере бастады. Содан бері қаланың экологиялық жағдайы бірте-бірте нашарлай берді: атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылады,ашық су қоймалардың су сапасы нашарлады,өнеркәсіптік улы заттарды қайта өңдеу шешілмес мәселеге айналды,қаланың өзіндік тазартылуы мен автокөліктерді каталитикалық нейтрализаторлармен жабдықтау мәселелері ұзаққа созылып кетті.

2-тілші. Қара және түсті металлургия өндірісіне бейімделген республикамыздың өнеркәсібі өзінің де үлесін де қосты. Бұрынғы КСРО бойынша жыл бойы ауаға таралатын қорғасынның жартысынан көбі 4 млн т Қазақстанға келетін. Қазгидромет мониторинг орталығының мәліметі бойынша газды сұйықты және қатты қалдықтардың таралуының әсерінен Қазақстанда антропогендік биохимиялық провинциялар пайда болды: Шығыс Қазақстанда қорғасынды-цинкті-мышьякты,Шымкентте қорғасынды-фосфорлы,Ақтөбеде хромды. Осылардың әсерінен ауа,су қоймалары,топырақ ластанды.Сонымен бірге Семей,сондай-ақ атом полигонына жақын орналасқан Қарағанды,Павлодар, Жезқазған облыстарында қолайсыз жағдай пайда болды. Қалалық елді мекендердегі ауа бассейндерінің ластану деңгейі жоғары.Себебі, автокөліктерден шығарылатын зиянды заттардың жылдық мөлшері : Қостанайда 119,4 мың т,Шымкентте 87,3 мың т, Алматыда 85,0 мың т, Павлодарда 74,7 мың т, Көкшетауда 53,6 мың тонна.Қалдық заттардың құрамындағы көмірсутек диоксидінің мөлшері 70-80 пайызды құрайды .

Мұғалім : Ауаның ластануы дегеніміз не? Бұл сауалға жауап алу үшін ғалымдарға сөз кезегі беріледі.

1-ғалым. Ластану деген – адамның денсаулығына әсер ететін ауаның,судың, топырақтың,тамақ өнімдерінің кез-келген түрге өзгеруі.Ластауыштардың көбі қатты,сұйық және газды түрдегі химиялық заттар болып келеді. Олар ресурстарды пайдалану және қайта өңдеу кезіндегіқалдықтарынан пайда болады. Ластану сондай-ақ энергияның қажетсіз таралуынан да , мысалы артық жылу,шу және радиациядан болады. Қазіргі уақытта ластауыштарды 8 категорияға бөледі.

2-ғалым. Қаланың өнеркәсіптері атмосфералық бассейнге , кеңінен таралған және арнайы ингредиенттерді бірге санағанда 40-қа жуық улы компоненттер таралады. Қала ауасының ластануының негізгі көздері болып: автокөліктер, энергетика кәсіпорындары, ауыр машина құрылысының зауыты, ауыл шаруашылығы машиналар зауыты. Атмосфералық ауаның ластануы табиғат ортасының жағдайына әсер етеді. Себебі ол жерде өлі және тірі ағзалардың өзара қатынастары өзгереді. Мұндай күрделі құбылыстарды экологтар зерттейді

. 1-эколог. Ауа мұхиты өзін-өзі ластауыштардың бір бөлігі стротосфераға кіреді. Ірі және майда аэрозольдік бөліктер , газдардың көбі бұлтты суда еріп , жаңбырмен бірге жерге түседі. Атмосфераның ластануы мен тазартылуы бір-біріне қарсы тұрған үрдістер. Сонымен ластанған кезде табиғатта қарсы қорғауыш реакцич пайда болады.

Мұғалім : Біз атмосфераның ластануы не екенін білдік. Ал ол расында өмірге қауыпті ме? Бұл сұраққа дәрігерлер жауап береді.

Дәрігер: Мен дәрігер ретінде шынымен ауаның ластануы адам денсаулығына әсер етеді деп айта аламын. Мысалы Қызылорда облысын алып қарайтын болсақ облыс экологиялық апат аймағына жатады. Мұнда Байқоңыр қаласында аспанға зымырандар ұшырылып жатыр. Соның салдарынан аспанның озон қабаты тесіледі және өсімдіктер уланады. Ауа-райы да күрт өзгеріп адам денсаулығына әсер етеді. Зиянды заттардың таралуын қысқарту үшін кешенді шаралар қолданылады: өндіріс үрдісінің технологиясын жаңарту, қалдықсыз, аз қалдықсыз технологияны енгізу, газ тарату және шаң-газ тарату конструкцияларының жолдарын жаңарту, құралдардың герметизациясы, жаңа транспорттық жүргізушілерді құрастыру т.б.

2-эколог. Бірақ , ең жаңа деген тазартқыштар орнатса да қоршаған ортаны қорғау мәселесін толық шеше алмайды. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту тек өнімді қалдықсыз өндіруді пайдалану. Оның мағынасы мынада: алғашқы шикізат соңында бір затқа айналады. Қорытынды Ғылым мен техниканың дамыған кезеңі адам баласы үшін экологиялық мәселелердің туындап шиеленісуіне әкеліп соқтырды. Сондықтан қазіргі заманда қоршаған ортаны қорғау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Адамзат тіршілігіне төніп тұрған экологиялық апатқа қарсы тұру үшін жаппай экологиялық білім қажет.Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау қазіргі күннің өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Экологиялық бақылауды күшейту қоршаған атмосфералық ауаның ластануын азайтып, қоршаған ортаны сауықтыруға мүмкіндік береді.

Ластауыштар . Адам денсаулығына әсері.

1. қоқыстар Респираторлық аурулар, өкпенің ісігі;

2. Көмірсутектер және ұшып жүретін органикалық қосылыстар Ісіктер пайда болады;

3 .СО – тұншықтырғыш газ Ойлау қабілетінің төмендеуі , ұйқышылдықтың пайда болуы, бас ауруы, жүрек соғуы, тез дем алу , ұрықсыз қалу , миакард инфаркті;

4 .NO2 – азот оксиді Респираторлық аурулар, жаңа ісіктердің пайда болуы,ишеми ауруы;

5 .SO2 – күкірт оксиді Респираторлық аурулардың күшеюі;

6 .Қорғасын және басқа ауыр металдар Қан азаюы, есінің жоғалуы, соқыр ауруы , гипертония , жүйке ауруы.

7 .О3 – озон Шырышты қабықты тітіркендіру

8 .Қышқылдар, негізінен күкіртті және азотты Демікпе ауруы жиіленеді;

9 .Кешенді әсер:фотохимиялық түтін (смог) Бас ауруы, жүрек айну, көздің кілегей қабығын тітіркендіру, тамақты тітіркендіруі, өкпе аурулары күшеюі қолқа демікпесі т.б.

Үй тапсырмасы: Атмосфералық ластану және адам денсаулығы тақырыбына реферат жазу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайлары
Генотип, қоршаған орта және адам денсаулығы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
Адамның іс-әрекеті- аса маңызды экологиялық фактор
Адам және қоршаған орта
Химия және экология
Экология негіздері
Экология негіздері
Табиғатты қорғау негіздері
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 18512 | Қосты: Жанназаров Нұрлыбек Темірбекұлы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык