Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ


СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ

СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МЕН ЖАЗУ

Зәрдің құрамы ,құрылысы ,қызметі,бүйрек аурулары тақырыбы бойынша, оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау мен жазу әдіс-тәсілдерін » пайдалана отырып сабақ өткіздім. Сыныпты 4 топқа бөлдім.

І топ-  Алғырлар

ІІ топ-  Зерделілер

ІІІ топ-  Тапқырлар

ІV топ-  Ізденімпаздар

Үй тапсырмасын сұрау кезінде деңгейлік тапсырмалар бердім.

Оқушылар  деңгейлік тапсырмаларды толық орындауға тырысып,жақсы баға алуға ұмтылды.

Жаңа сабақ мағынаны ажырату сатысының «Инсерт» әдісі немесе түртіп алу әдісі арқылы түсіндірдім.

    « V» білемін

 «+» жаңа мәлімет

   «-» білмеймін

« ?»сұрақ туды

Сыныпта оқушылар 53,54 -параграфты  оқып, кестені толтырды .237 –239 бет.

Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, әр азат жолдан белгі қойып отырады.

Оқып болған соң дәптерлеріне кестені толтырады.

« -» және  « ?» белгісі қойылған қатарға білмейтін мәліметтер мен термин сөздер немесе

сұрап білгісі келген мәліметтерді жазады.  « -» және  « ?» белгісі тұрған қатарға жазылған мәліметтер жайлы түсінік бердім.

Топтастыру әдісі. Әр оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіріп,жеке жұмыс жасап,әр топ

ойларын  топтастырып тақтаға сөздерді қайталамай түсіреді.

Бүйректің ең негізгі қызметі- сүзгіштік.

-сұйықтықтың құрамын реттейді

-ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

-су мен тұздың мөлшерін реттейді

-артериялық қысымның реттелуіне қатысады

-сүйектің қызыл кемігінде эритроциттердің түзілуіне әсер етеді

-биологиялық белсенді заттардың түзілуіне қатысады

Қызығушылықты  ояту сатысы.

І топ «Зәр шығару жүйесі »суреті бойынша 1-6 сандарымен нелер белгіленгенін жазу.

ІІ топ  Бүйректің құрылысы » суреті бойынша 1-6 сандарымен нелер белгіленгенін

ІІІ топ  «Нефронның құрылысы » 1-7 сандарымен нелер белгіленгенін жазу.

ІV топ  «Зәр шығару жүйелерінің аурулары » туралы кестені толтыру.

«Ой толғаныс » сатысы.  Синквеин

1.Зат есім-1 сөз.          Бүйрек               

2. Сын есім-2 сөз.        Қоңыр түсті,үрме бұршақ пішінді

3.Етістік-3 сөз.        Зәр пайда болады,фильтрация жүреді,қажетсіз зат сыртқа шығарылады.

5. Тақырыптың синонимі(баламасы)       «Бүйрек –организмнің сүзгіші»

Сабақты қорытындылау ,бекіту.

( Интерактивті тақтада биологиялық диктант беріледі)

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма. §53,54

 

Сабақ мақсаты. Балаларды зәр шығару құрылысы және қызметімен таныстыру. Бүйрек адам өмірі үшін маңызды екенін түсіндіру. Зәр шығару жүйесін күту ережелерін сақтау, салауатты өмір салтын  ұстанып, жекебастың гигиеналарын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі. Нақнұсқа, сурет, плакат, кеспе қағаз, кесте.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Оқушыларды сабақ жоспарымен таныстыру. 

3. Жаңа сабақтың құрылымы сағат тілі бағытымен жүреді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жануарлардың зәршығару жүйесі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы
Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі
Зәр шығару жүйелерінің құрылысымен қызметі
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Аралас бездер
Жазбаша деректер
Ішкі секреция бездері
Зәр шығару мүшелері. Зәр шығарудың маңызы. Зәр түзілу. Бүйрек ауруларының алдын алу
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 1790 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык