Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім


Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім

Тақырыбы Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім тарауы бойынша қорытынды сабақ

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануын іске асыру, табиғаттың танымдылығына көз жеткізіп, дүниетанымын кеңейту;

Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, ақпаратпен жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру.

Топпен жұмыс жасау, бірлік пен ұйымшылдыққа, өз бетімен білім алуға тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен көрнекіліктер:

   Слайдтар, кестелер, суреттер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Сабақтың түрі: жоба.

Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру

4 топқа бөліп отырғызу. Оқушыларға сәлемдесіп, сабаққа қатысын есепке алу. Оқу құралдарының дайындығын тексеріп назарын сабаққа аудару.

ІІ.Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бөлімдерімен таныстыру.

Слайд:

М: Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауы бойынша қорытынды сабақ.

Мақсаты: Тірі табиғаттың дамуы жөніндегі алған білімді жүйелеп, қорытындылау, іс жүзінде қолдану

Сабақ жоба түрінде өтеді. 3 бөлімнен тұрады.

1 бөлім – Жобалар презентациясы

2 бөлім – Топтық тапсырмалар орындалады

3 бөлім – қорытындылау. Топтық бағалау.

                                                             Слайд:

М: Сұрақ «Тіршіліктің даму тарихы туралы ілім» тарауынан нені меңгердік?

Оқушылар:

  Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар.К.Линней мен Ж.Ламарктың эволюциялық идеялары. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.Эволюцияның қозғаушы күштері. Жер тарихының даму шежіресі. Эволюциялық процестердің негізгі этаптары. Эволюцияның басты бағыттары мен негізгі заңдылықтары.

   М: Тарау бойынша білімдеріңді тереңдетіп, кеңейту мақсатында 4 түрлі проблемалық тақырып берілген болатын. 4 топтан жетекшілер бүгін осы тақырыптарын жоба түрінде дайындап презентациясын ұсынады.

   Топтарға берілген жоба тақырыптары:

1 – ші топқа берілген тақырып – «Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар» деген көзқарас дұрыс па?

2 - ші топқа – Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?

3 - ші топ – Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі

4-ші топ – Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы қандай?

Әр топтың алдында бағалау бетшесі бар. Сабақ соңында қорытындыланады.

Бірінші тақырыптан бастаймыз.

ІІІ.Жобалар презентациясы

І топтан Презентацияны қорғайды. «Түрлер өзгермейді, жер бетінде қанша түр жаратылса, сонша түр бар» деген көзқарас дұрыс па?

Сұрақ:  ХХ ғасырдың басында эволюцияның синтетикалық теориясы пайда болды.  

Бұл теория жөнінде не білесіңдер?

Жауап: Бұл қазіргі генетика, экология және классикалық дарвинизм негізінде қалыптасқан теория. Бұл теорияның негізін қалаушылар: С.Четвериков, И.Шмальгаузен, Н.Вавилов, Дж.Холдейн және т.б. Бұл теорияның 11 қағидасы бар. Бұл теория эволюциялық процесс механизмін тереңірек ашып көрсетті, көптеген фактілер мен дәлелдемелермен толықтырылды. Бірақ негізі сол Ч.Дарвиннің идеялары негізінде қалыптасқан, неодарвинизм деп аталады.

ІІ топтан: Қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін бе?

Сұрақ:  тіршіліктің өздігінен пайда болмайтыны тәжірибе жүзінде қалай дәлелденді?

Жауап:

ІІІ топтан. Биологиялық прогресс пен регрестің эволюциядағы ролі

Сұрақ: Австралияға әкелінген қояндар жаулары болмағандықтан, тез көбейе бастайды. Сөйтіп  олардың саны арта түседі. Бұл ненің мысалы?

  Жауап: биологиялық прогресс.

ІУ топтан. Эволюциялық ілімнің адамның практикалық іс-әрекеті үшін маңызы қандай?

Сұрақ: Өсімдіктер селекциясында қандай әдістер қолданылады?

Жауап: Сұрыптау, будандастыру, жасанды мутагенез.

Сұрақ: Қазақстанда жануарлардың мысалы қойдың қандай қолтұқымдары алынды?

Арқар-меринос. Еділбай қойы. Қазақтың биязы жүнді қойы. 

         Сабақтың келесі кезеңінде топтық тапсырмалар орындалады.

№1 топ

Ч.Дарвин өзінің «Адамның шығу тегі мен жыныстық сұрыпталу» еңбегінде «Өмір – бұл күрес» идеясын ұсынды. Бұл идея дарвинизмнің ең басты қателігі еді. Бұл қандай қателік?

№2 топ

Кестені толтырыңыз:

Эволюциялық процестің этаптары.

Эволюциялық процестің этаптары.

 

Қандай топтарда жүреді?

Неге әкеледі?

Қозғаушы күштері

Микроэволюция

 

 

 

Макроэволюция

 

 

 

№3 топ

Мына суреттер бойынша гомологиялық және аналогиялық мүшелерді анықтаңдар.

№4 топ

Жануарлардағы бейімделушіліктің мына мысалдары бейімделушіліктің қай түріне жатады?

Зебраның жолақты реңі, бұзаубастың үстіңгі қанаты, жұлдызқұрттың жасыл реңі, қызыл орденді көбелектің реңі, ақ қояндардың қыстағы реңі, құлақты кесіртке, улы жыландар, теңіз атбасының пішіні

                           Аяқталмаған сөйлемді аяқтау (барлық топқа)

1.Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде ......

Жауап – жаңа түрлер түзіледі.

2.Көртышқанның топырақта тіршілік етуге бейімделуі .....

Жауап – эволюцияның нәтижесі.

3.Әр түрлі тереңдікте бір су қоймаларында тіршілік ететін алабұғаның әр түрлі түрлерінің пайда болу тәсілі 

Жауап – экологиялық түр түзілу.

4.Жорғалаушылар мен құстардың белгілеріне ие археоптерикс - ....

Жауап - өтпелі форма.

5. Ертедегі аңтісті кесірткелерден сүтқоректілердің пайда болуымен сипатталатын тарихи даму   .....

Жауап -  макроэволюция

6. ..... әсерінен жаңа мутациялары бар даралар сақталады.

Жауап – қозғаушы сұрыптаудың

7.Бунақденелілер класының пайда болуына әкеліп соқтырған эволюция бағыты –

Жауап: ароморфоз

8.Ж.Ламарк бойынша эволюцияда негізгі роль атқаратын –

Сыртқы орта әсерінен болатын өзгергіштік

9.Бір алқаптағы бидай арасындағы жарық, ылғал үшін күрес тіршілік үшін .....

Жауап: түрішілік күрес.

10.Палеонтология - ....

Жауап ертедегі өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.

Қорытынды

Биологиялық эволюция – тірі табиғаттың қайтымсыз және белгілі бір дәрежеде бағытталған тарихи дамуы. Эволюцияның тарихи дамуы жөніндегі ілім – Дарвинизм теориясы. Эволюцияның нәтижесі - табиғаттағы түрлердің  көптүрлілігі мен  организмдердің қоршаған орта жағдайларына бейімделгіштігі.

Бағалау бетшесі бойынша топтардың бір-біріне бағасын тыңдайық. Топ жетекшілерін тыңдайық.

Бағалау бетшесі:  №1 топ  №2 топқа, №2 топ №3 топқа, №3 топ №4 топқа, №4 топ №1 топқа баға береді.

р/с

Бағалау өлшемдері

№2 топ1-5 ұпай

1

Тақырыптың ашылуы 

 

2

Презентацияның мазмұны, безендірілуі

 

3

Топтың баяндау шеберлігі

 

4

Қорғауы (сұраққа жауап)

 

5

Тапсырманың орындалуы

 

6

Шығармашылық жұмыс материалдары (реферат, буклет, газет т.б.)

 

 

барлығы

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Эволюцияның дәлелдемелері
Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші
Макроэволюция. Эволюциялық процестің негізгі бағыттары мен жолдары
Тіршілік үшін күрес және оның түрлері
Эволюциялық идеялардың даму тарихы
Адамның шығу тегі
Популяция-түрлік деңгей. Эволюцияның бастапқы кезеңі
ЖЕР БЕТІНДЕ ТІРШІЛІК ТАРИХЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
Эволюцияның дәлелдемелері
Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасуы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 4263 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык