Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Тапқыр достар» сайысы


«Тапқыр достар» сайысы

«Тапқыр достар» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың дене тәрбиесі пәні арқылы спортқа деген   қызығушылықтарын арттыру.Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге,тіл тазалығы үшін күресуге,сөз өнеріне баулу.Ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,кеспе қағаздар түрлі-түсті слайттар

Мұғалім сөзі: Дене тәрбиесі – валеология ғылымдарының бір саласы.Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда,Римде және басқадай елдерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесі маңызы-адамның денсаулығын нығайтып,күш жігерін,ақыл-ойын арттырады.

    

Сайыс шарты: 1.Таныстыру

                          2.Сөз тапқанға...

                          3.Ойлан тап

                          4.Сен білесің бе?

                          5.Кім жылдам?

                          6.Өнерпаз болсаң...

 

Сайысқа қатысушы топтар: «Бірлік» тобы, «Қырандар» тобы

Сайысымызды бағалайтын төрешілер сайланады.

                                  1 кезең  Таныстыру

Әр топ өзін таныстырады.

Жаттығу ретінде: Екі топтың алдарына кеспе сөздер тасталынады,сол сөздерді құрастырып сөйлем құрау керек.30сек. ішінде.

 

                                   2 кезең  Сөз тапқанға...

Екі топқа әріптер беріліп сұрақ қойылады.Сол сұрақтарға берілген әріп бойынша жауап береді. 1топқа: К,С,Т    2топқа: Б,Қ,Д

1топқа сұрақтар:1.Дені сау адам қандай болу керек?

                            2.Таңертен ұйқыдан нешеде тұрасыз?

                             3.Дене шынықтыру пәні қаншалықты ұнайды?

                             4.Қандай мамандықты таңдар едіңіз?

                             5.Қазақстан чемпиондарын атаңыз?

                             6.Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

                             7.Мектеп үйіңізден қашық па?

                             8.Спортшы болғыңыз келеме?

 

 

 

2 топқа сұрақтар: 1.Доп пішіні қандай болады?

                               2.Мектептегі қай мұғалімді үлгі тұтар едіңіз?

                               3.Осы сайысқа қатысқаныңызға қуаныштысыз ба?

                               4.Спорттық киім үлгісін атаңыз?

                               5.Атақты боксшы болғыңыз келеме?

                               6. Ер жігіт қандай болу керек?

                               7.Суда жүзу білесіз бе?

                               8.Шаңғыны қашан тебеміз?

 

                                   3 кезең Ойлан тап

Тақтадан көрсетілген суретке бірнеше мақал құрастыру.Қанша көп айтылса сонша ұпай жинайды.

 

                                   4 кезең Сен білесің бе?

Ұяшықтарда көрсетілген ұпайды таңдап артындағы сұрақтарға жауап беру.Жауабын таба алмаған топ ұпай алмайды

10

5

15

15

10

5

10

5

15

1.Олимпиада ойындары ең алғаш қай елде өткен?

2. «Футбол» сөзінің мағынасы?

3. «Азиада-2011» Қазақстанның қай қалаларында өтті?

4.Бокстан Афина олимпиадасының чемпионы?

5. «Волейбол» ойынын ең алғаш ойлап тапқан?

6.Қол добы не деп аталады?

7.Қазақстанның көркем гимнаст қызы?

8.Тосын сый??? ( Атамекен әнін орындау)

9.Тосын сый???(Дене шынықтыру пәні мұғалімі Бекболат ағайдың кейіпін сомдап беріңіз)

 

                                        5 кезең Кім жылдам?

Сөздерді жұмбақтап жасыру.Көрермендер жауабын айтады.

Сөздер: 1 топқа

Көз,доп,кітап,теннис,красовка,бокс,қалам,стадион,волейбол,велосипед.

2 топқа: Арқан,футбол,баскетбол,керме,жігіт,асық,машина,компютер,ағаш ат,қақпашы.

 

                               6.кезең  Өнерпаз болсаң...

   2топтың оқушылары берілген тапсырманы орындайды.

  1. «Кім алысқа секіреді?»

     2. «Сызықтан тартып өткізу»

     3. «Күш сынасу»

 Жеңген оқушы тобына ұпай санын қосады.

Төрешінің есептеуімен сайыстың  қорытындысы шығарылады,жеңіске жеткен топ марапатталады.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тіл сайысы
Шағын жоба Волейбол
Тіл сайысы
"Қазақшаңыз қалай?" танымдық ойыны
Тілден терең теңіз жоқ
Қазақшаңыз қалай?
Мектепішілік «Көңілді сөре» сайысының
Бастауыш класс оқушыларында білім негізін қалыптастыру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, пәндерге деген қызығушылығын ояту, сөздік қо
Дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы
Графтық жоспар 2013-2014
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 2534 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык