Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты


Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Экономиканы мемлекеттік реттеу және

мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Сабақтың тақырыбы: Экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты

Сабақтың типі: Практикалық

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту. Өткен тақырып бойынша алған    білімдерін тереңдету, толықтыру, қорытындылау.

Тәрбиелік: Оқушыларға рухани, интеллектуалдық жағынан тәрбие беріп,болашаққа деген көзқарасын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың танымын арттыра  отырып  белсенділікке, табандылыққа  баулу.

Пәнаралық байланыс: Саясаттану және әлеуметтену негіздері, Қазақстан тарихы, әдебиет.

Көрнекілік құралдар:  Қобдиша, слайд, экономика негіздері оқулығы, Пол Самуэльсонның суреті, Қазақстан-2030 старатегиясы

Таратпа материалдар: конверт (сұрақтармен)

Оқытудың техникалық құралдары: АКТ

Әдебиет:

Негізгі: Г.Жолдасова «Экономика теория негіздері»

Қосымша: Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория» А., 2004

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Студенттермен амандасу, түгендеу,  дәрісхана тазалығына назар аудару.

ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, студенттердің назарын сабаққа аудару,  экономикалық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Мұғалімнің сөзі:  ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағида ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып демократияландыру бағытын алға жылжытып, әлеуметтік саланы басты назарда ұстады.Экономиканың мемлекеттік реттелуі нәтиже беретіндігіне сеніммен қарады. Осы орайда ағылшынның «Темір ханымы» атанған М.Тэтчердің «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген сөздерін еске түсіргеніміз орынды. Себебі бұл сатыдан еліміз толықтай және абыройлы өтіп, мемлекетіміз нарықтық экономикаға жол ашты. Сондықтан, біздің бүгінгі ашық сабағымыз экономиканы мемлекеттік реттеу және мемлекеттің әлеуметтік саясаты деп аталады.

ІІ. Қызығушылықты ояту кезеңі (сұрақтар қою миға шабуыл)        

             Топтарға көшбасшылар мен сайсымызды саралайтын сарапшыларды сайлап алайық.  Сұрақтардың деңгейіне байланысты топ көшбасшылары мен сарапшылар айқындалады.

1) ЭМР қандай міндеттерді шешеді? (экономикалық өсу, жұмыспен қамту, экспортты ынталандыру) «3»

2) Экономиканың мемлекеттік секторының құрылу нысаны? (мемлекеттік бюджет) «5»

3) Экономиканың мемлекеттік секторының қызмет аясы (әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым) «1»

4) Экономиканы реттеудегі мемлекеттік сектордың өсу себебі неде? (кедейшілікті жою және табыс теңсіздігін қысқарту) «2»

5) ҚР Парламенттің Мәжіліс палатасының төрағасы кім? (Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин) «сарапшы»

6) Әлеуметтік – экономикалық үрдістердің дамуын ғылыми тұрғыда алдын –ала көру қағидалары мен әдістерін зерттеу қалай аталады? (ұлттық болжау) «4»

7) Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың қандай түрлері бар? (директивті, индикативті және стратегиялық) «сарапшы»

8) Нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылатың жоспарлауды ата? (Индикативті жоспарлау) «сарапшы»

ІІІ. Мағынаны тани білу кезеңі (сайыстар)

Сайысқа қатысушы топтар:

І топ  - «Дотация»

ІІ топ - «Субсидия»

ІІІ топ - «Субвенция»

IV топ  - «Трансферт»

V топ  - «Бюджет»

Сайыс жоспары.

1.«Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).

2. «Эрудиттер сайысы» (сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берілу қажет).

3. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі тұлғаларды танисызба?»  (әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)

4. «Конверттен шыққан басқатырғыштар» Әр топ үстел үстінен конверт тандайды, іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары бар. Оны студенттер дұрыс тауып, ретімен қоюы керек.

5. «Білім аукционы»  (тақырып көлемінде 5 сұрақ қойылады дұрыс жауап беру арқылы топ өз қорларына балл жинау мүмкіндігіне ие болады)

        Топтарға сәттілік тілейміз.

        Таза мінсіз, асыл тас,

        Су түбінде жатады.

        Таза мінсіз, асыл сөз,

        Ой түбінде жатады.

        Су түбінде жатқан тас,

        Жел толқытса шығады,

        Ой түбінде жатқан сөз,

        Шер толқытса шығады, - деп Асан Қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы турды бастаймыз.

І тур. Сайысымыздың алғашқы бөлімінде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  1. Жеті рет өлшеп, ......... (бір рет кес).
  2. Есептей білгеннің ....... (есесі кетпейді).
  3. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.

(Алтау ала болса ауыздағы кетеді)

  1. Теңге ................(тиыннан құралады).
  2. Көрпеңе қарай ......... (көсіл).
  3. Ақыл азбайды ........(білім тозбайды).
  4. Жұмыла көтерген ... (жүк жеңіл)
  5. Ақшаны ..... (ақша жасайды).
  6. Ақша кетуге тырысады,

            Есеп ...... (ұстауға тырысады).

  1. Жер ырысы дария,

Ел ырысы ... (қария)

ІІ тур. «Эрудиттер сайысы»

    Көңілін халқыңның таптың бүгін

    Елес қой мынау бізге жат күн бүгін.

    Бір бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық.

    Байқайық студенттің тапқырлығын. Келесі кезекте «Эрудиттер сайысы» айналымы. Бұл айналымда студенттер сұрақтарға жылдам жауап беруі керек, сұраққа тез және дәл жауап берген топ жеңіске жетеді. Сұрақтар тақырыпқа сай беріледі. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын білмесеңіз келесі деп келесі сұраққа өте бересіз. Топ тақтадан (1,2,3,4,5) кез келген ұяшықты таңдайды.

№1 ұяшық

1.Экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идеяны ұсынушы ғалым...

2. Мемлекеттік өкімет органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру мен жұмсаудың негізгі қаржылық жоспары не?

3. Шведтік үлгі дегеніміз ...

№2 ұяшық

1. Мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығаратын негізгі құрал деп пайымдаған кім?

2. ҚР-дағы мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты:

3. Субсидия дегеніміз ...

№3 ұяшық

1. Мемлекеттік тұрғын үй тұрғызу және қайыршылықты азайту үшін тамақ түрінде көмектесу бағдарламаларын қаржыландыру қажеттілігін қолдаған экономист кім?  

2. ҚР әлеуметтік саясаттың маңыздылығы қалай анықталуда?  

3. Субвенция дегеніміз ...

№4 ұяшық

1. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің теориялық рөлін анықтаған ағылшын экономисі...

2. Халықты әлеуметтік қорғауда ҚР-да төленетін трансферттік төлемдерді ата.

3. Дотация дегеніміз ...

№5 ұяшық

1. Ол «Саяси экономика принциптері» атты оқулықтың авторы, Кембридж универсиетінде ұзақ жылдар бойы экономика пәнінен сабақ  берген, ЭМР прициптерін ұсынған атақты экономист Дж.Кейнстің ұстазы. Оны «ХІХ ғасырдың ең ұлы экономисі» деп атаған. Ол кім?

2. ҚР-да мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары қандай саясат арқылы жүзеге асады және қандай экономикалық институттың рөлі басым?

3. Инвестиция дегеніміз ...

ІІІ тур. «ҚР-ның экономикасын мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктегі тұлғаларды танисызба?» (дұрыс жауап 10 ұпай) әр топқа 1 сұрақ, сұрақтарды таңдау еркіндігі беріледі

№1 сұрақ

ҚР-да әділеттілікті жүзеге асыратын биліктің ең маңызды түрі. Ол азаматтардың құқығын, бостандығын және заңды мүдделерін, мемлекеттік оргадардың, ұйымдардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғайды, ҚР Конституциясының, тағы басқа құқықтық-нормативтік актілердің, халықаралық келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді. Біздің еліміздегі экономиканы мемлекеттік реттеу мен халықты әлеуметтік қорғауда басты нысан болып табылады. Ол қандай билік, басшысы кім? (экранға бірнеше органдардың ғимараты мен адамдардың суреті шығады, арасынан жуабын айту)

№2 сұрақ

Мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы жауапты қызметкері, Мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді қызметін және биліктің халық алдындағы жауапкешілігін қамтамасыз етеді. Оның пайымдауынша: «Мемлекеттік реттеу ескерілуі керек. Мемлекет тарапынан қалыпты реттеу элементтерінен тұратын нарықтық экономика – ол елдің болашағы» Ол кім?

№3 сұрақ

Ол Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Оның Еліміз үшін маңыздылығы басым, экономиканы мемлекеттік реттеп, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүйелі ұйымдастырып, қарқынды дамуы үшін жыл сайын орталықтандырылған ақшалай қаражат, мемлекеттің бюджетін бекітеді. Ол қандай өкілетті орган, оның спикері кім?

№4 сұрақ              

Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Сонымен қатар, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры мемлекеттік бюджетті жоспарлайды. Ол қандай орган және басшысы кім?

№5 сұрақ.  

Мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы негізгі объект – адам. Адамның өмірі мен қызметіне байланыстының барлығы әлуметтік салаға жатады. Әлеуметтік сала тарихи қалыптасқан институттар мен мекемелер жүйесін құрайды. Ол қызмет қай министрліктің еншісінде, билік басындағы министр кім?

ІV тур.  «Конверттен шыққан басқатырғыштар».

    Біле бер, қанша білсең-тағы тіле,

    Жетесің мақсатыңа біле-біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлағандай келесі сайысымыз «Конверттен шыққан басқатырғыштар» деп аталады. Шарты:

Әр топ үстел үстінен конверт тандайды, іштерінде қазіргі таңда ЭМР (экономиканы мемлекеттік реттеу) мен мемлекеттің әлеуметтік саясатының тетіктері қолданылатын әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары мен мемлекет басшылары бар. Студенттер суреттерді дұрыс тауып, ретімен қоюы керек.

1. Конверт, 2.Конверт, 3.Конверт, 4.Конверт, 5.Конверт.

Мысалы, Қазақстан – Астана – Теңге – Н.Ә.Назарбаев

  1. Франция –..., Скандинавия -..., Германия – ..., Нидерландия – ..., Испания - ..., Австрия -..., Оңтүстік Корея –..., Канада – ..., Австралия –..

V тур. Келесі турымыз «Білім аукционы» деп аталады. Сұрақ оқылмас бұрын әр топ сұрақтың оқылуына оз ставкасын ұсынады. Ол балдық жүйе бойынша жүреді. Өз капиталын көбейту өздеріңіздің қолдарыңызда. Сұрақтың бастапқы бағасы 10 балл. Топ көшбасшысы бағаны 10 балдан жоғарылата алады. Ең жоғарғы балл ұсынылғаннан кейін сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса, балл құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол балды қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық балға сұрақ сатып алынып, қателессе, онда банкрот болып, ол топ аукционға арықарай қатысу құқығынан айырылады.

            Аукцион – көпшілік алдында кім артық төлем ұсынса, бұйым және т.б. зат соған сатылатын бәсекелес жария сауда. Біз өткізгелі отырған аукцион тым ерекше, өйткені бұл - «Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім» деп шығыс ғұламасы әл-Бируни айтқандай білім байлығы саудаға түсер аукцион. Іске сәт, аукционымызды бастаймыз.

Аукционға қойылатын №1 лот қобдиша.

Қобдишада не жасырылғанын табуларыңыз керек.

Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды.  Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... балл қосады.

Сұрақ. Мемлекетке қажетпін,

             Салықтардан құралам.

             Әлеуметтік салада,

             Басты нысан болып табылам.

             Білсеңдер, қане айтыңдар ...

Аукционға қойылатын №2 лот. «Ұлы тұлғалар галереясы». Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды.  Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... балл қосады.

         Эконмиканың атасы. Томос Джеферсонмен ортақ ұқсастықтары көп кездеседі. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» еңбегінің авторы. Алғаш болып «Түйреуіштер» өндіру процесін зерттеген. Яғни, «Бір кісі сым темірді тартады, екіншісі оны түзетеді, төртіншісі ұшын үшкірлеп, бесіншісі екінші ұшын түйреуіш басын бекітуге дайындайды» - деп, еңбекті бөлу принциптерін алғаш дүниеге әкелген. Бұл кім?

Аукционға қойылатын № 3 лот. Экономика тарихында маңызды сурет. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды.  Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады.

Сұрақ.  1970 жылы Нобель сыйлығына ие болған, Массачусет технологиялық инстиутында жұмыс жасаған. «Мемлекет экономика саясатындағы мақсаттарды анықтауды өз мойнына алуы керек және өз билігін денсаулық сақтау мен білімге, өнеркәсіптік ластану сияқты сұрақтарды шешуге қолдануы керек» деп пайымдаған американың көрнекті экономисті кім?

№4 лот. Аукционға экономика негіздері қойылады. Сауда жүргізіледі. .... тобы бір, ... тобы екі, ... тобы үш. Сатылды.  Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына ... теңге қосады.

Сұрақ. Елдің ақша бірлігі немесе шет мемлекеттердің ақша белгісі қалай аталады?

№5 лот.

Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы басты назарда болып, Қазақстанның Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясын айқындап берген және негізгі экономикалық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша дамыған елдер қатарына жақындау мақсаты айқындалған құжатты ата?  

Жоғарғы капитал жинаған топ ......

Өз қорындағы капиталдан айырылған топ .....

IV. Ой қорыту (топ атауына байланысты эссе жазу 3 минут)

Топ мүшелері эсселерін оқып топ атын қорғайды.

V. Сараптау және бағалау: эксперттер тобының жұмысы тыңдалады

VI. Мұғалімнің   қорытынды сөзі.

        Сонымен, мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіріп, экономиканы мелекеттік реттеу мәселесін шешу жолында әлем елдерінде ауқымды жұмыстар атқарылғандығын аңғардық. Сондай-ақ, Қазақстан халқының да болашаққа нық сеніммен қадам басуында елбасының сындарлы саясат ұстанып, экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттерін шешіп Қазақстан халқына жыл сайын өз жолдауын ұсынатындығынын куәгеріміз. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетіміздің алдағы уақытта дамытуға үлес қосу жолында білім алындар.

VII. Үйге тапсырма:

1.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі ҚР қолданылатын басты (стратегиялық) және нақты (тактикалық) экономикалық саясатқа сипаттама жасау (талдау).

2.Нарыққа мемлекеттік араласудың объективті қажеттілігі қандай және  «Нарық сәтсіздігі» дегеніміз қалай түсінесіндер? (бағдарлама дайындау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
PISA зерттеулерінің критериалды шәкіліне сәйкес математикалық сауатты
Экономика біздің өмірімізде
ҚР-ның салық жүйесі
Мемлекеттік бюджет.
Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі
Салық және халықты әлеуметтік қорғау.
Қазақстан 2030
Италия, Испания, Португалия, Грекия
Германия мен Италия, Германия мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақ жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 3143 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык