Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мемлекеттік бюджет.


Мемлекеттік бюджет.

Мемлекеттік бюджет.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік бюджет.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға экономикалық негізгі ұғымдар (экономика, қаржы, банк, бюджет, салық, несие, бағалы қағаз) ұғымдармен таныстыру және өмірде пайдалана білу;
  2. Дамытушылық: Экономикалық ойлау қабілетін дамыту, оны пайдалану тәсілдері . Әр түрлі экономикалық  жағдайда шешім қабылдай білу, топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
  3. Тәрбиелік: Өзіндік ізденуге үйрету, үнемділікке, іскерлікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, математика.

Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ  жазылған плакат, ребус, деңгейлік тапсырмалардың  конверттері т.б.

Сабақтың барысы:

І.   Үй тапсырмасын сұрау.  Деңгейлік тапсырма.

    ІІ.   Экономикалық терминдер.

    ІІІ.  Отбасы бюджеті туралы есеп.

    ІҮ.  Сөзжұмбақ шешу, ребус, экономика қазақ мақалдарында.

    Ү.   Семантикалық карта.

    ҮІ.  Жаңа сабақ.

    ҮІІ.  Қорытындылау, бағалау.

    ҮІІІ. Үйге тапсырма.

         Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  «Әуелі экономика, содан кейін саясат» деген қағидасы өзін-өзі  ақтады. Осыған байланысты мектепте  қазіргі нарықты экономика кезеңінде   жас ұрпақты  еңбекке, адалдыққа, шаруашылыққа қожалық етуге, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу элементтерін пайдалануымыз қажет.

         Бүгінгі  сабақтың негізгі мақсаты: Оқушыларға бұл экономика пәнін  толықтай игерту, экономикалық білімін кеңейту, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

        

І. Үй тапсырмасын сұрау .  Деңгейлік тапсырма.

 

  1. Ақша мен қаржының айырмашылығы қандай?

(Қаржы - жеке тұтынушыларға қызмет етпейді, ол экономикалық дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған, ал ақша – жеке тұтынушыларға қызмет етеді)

  1. Қаржы жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

          (Кез келген елде қаржы жүйесі: мемлекеттік қаржылар, кәсіпорын қаржылары, халық қаржылары бөлімінен құралады)

       

  1. Ақшаның атқаратын қызметтері қандай?

(Құн өлшемі, айналым құралы, қор жинау, төлем құралы, дүниежүзілік ақшалар)

  1. Мемлекеттік  қаржылары туралы түсінік бер?

(Мемлекеттік қаржылар- мемлекеттің қолында шоғырланған және оның қаржылық қызметін  қамтамасыз етуге бағытталған, ақшалай қорлар жүйесі. Ол қаражат тұрғындардың әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықты сақтауға, қорғанысқа жұмсалады. Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік  және мемлекеттік несие, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры т.б. жатады)

         1.  Халық қаржылары дегеніміз не?

(Ел халқының еңбек және басқадай қызмет етудің нәтижесінде алатын ақша қорлары. Халық бұл қаржыларды өз меншіктерін және игілік жағдайларын ұлғайту мақсатында пайдаланады.)

  1. Кәсіпорын қаржылары  дегеніміз не?

(Өндірістік тауарлар мен қызметтер процесін қамтамасыз ететін  ақшалай қорлар жүйесі.)

 

ІІ.  Экономикалық терминдер.

         Мұғалім үлестірмелі кеспеде көрсеткен терминдерге оқушылар анықтама береді.

         БАРТЕР                                          БАНКРОТ

         БАҒА                                              БАНКИР

         ТЕҢГЕ                                            НЕСИЕ

         БАНК                                              ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ

        

         ІІІ. Отбасы бюджеті туралы есеп.

        ТАБЫС

СОМА

          ШЫҒЫН

СОМА

  1. Жалақы

а) әке

ә) шеше

2. Зейнетақы

а) әжесі

ә) атасы

 

 

 

Барлығы:

 

15000 т.

10000т.

 

    -

9000т.

 

 

 

34000т.

  1. Коммуналды қызмет көрсетулер
  2. Тамақ өнімдері

Ет, өсімдік майы, сары май, ұн, шай, кәмпиттер, көкөніс

  1. Жуушы құралдар
  2. Көңіл көтеру
  3. Киім

 

3000т.

 

 

7000т.

200т

200

16000т.

 

26400т.

Отбасыда қанша жинақтау қалады?

34000-26400=7600т. пайда

 

         ІҮ. Сөзжұмбақ  шешу, ребус.

  

              Сұрақтары.

  1. Азаматтардың немесе фирмалардың  жалақы немесе пайдадан мемлекет  пайдасына төлейтін міндетті төлемдері. (салық)
  2. Фирмалар мен жеке адамдардың сақтау үшін банкке салынған ақша қаражаттары. (салым)
  3. Өнім шығарып, қызмет көрсететін адам. (өндіруші)
  4. Мүлік жеке адам иелігінде болатын меншік түрі. (жеке меншік)
  5. Белгілі бір шарттармен  ақшаны борышқа алу. (қарыз)
  6. Мемлекет иелігіндегі барлық ақша қаражаттары. (қаржы)
  7. Жер мен капитал тайпаның ортақ иелігінде болып, ал шектеулі ресурстар  қалыптасқан дәстүрге байланысты бөлінетін  экономикалық өмірді ұйымдастыру жолы қалай аталады. Бұл экономикалық жүйенің қай түрі? (дәстүрлі экономика)
  8. ТАБЫС-ШЫҒЫН=?   (Пайда)
  9. Өндірушілер арасындағы бақталастық. (бәсеке)
  10.  Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкерлік. (бизнес)
  11.  Коммерциялық фирманы ұйымдастыратын және пайда алу мақсатымен оның жұмысын басқаратын адам. (кәсіпкер)

 

Экономикалық  ребус   шешу.

Экономика

Экспорт

Фирма

Нарықтық экономика

 

Экономика қазақ мақалдарында.

  1. Кәсіп түбі несіп.
  2. Ер дәулеті еңбек.
  3. Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
  4. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

 

Ү. Семантикалық карта.  

 

 

Қаржы жүйесі-нің бөлім-дері

Өндірістік тауарлар мен қызметтер процесін қамтамасыз ететін ақшалай қорлар жүйесі

Ел халқының еңбек және басқадай қызмет етудің нәтижесінде алатын ақша қорлары

Мемлекеттің қолында шоғырланған және оның қаржылық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ақшалай қорлар жүйесі

Мемлекеттік қаржы

 

     +

 

 

 

         +

Кәсіпорын қаржылары

 

     +

 

       +

 

 

Халық қаржылары

 

     +

 

 

       +

 

ҮІ. Жаңа сабақ.

  • Өткен сабақта қаржы жүйесінде мемлекеттік бюджет шешуші роль атқарады дедік. Яғни, бұл экономиканың жалпы жағдайын көрсететін барометр болып  табылады.

              Мемлекеттік бюджет дегеніміз- мемлекеттің өз қызметін қаржыландыру үшін пайдаланатын ең ірі ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет бірін-бірі өз-ара толықтыратын және өзара байланысты екі бөлімнен тұрады: табыс және шығыннан құралады.

 

            Жергілікті

  (облыс, аудан, ауыл)

      Республикалық

 

Мемлекеттік бюджет екі деңгейден тұрады

   

   Табыс

              Бюджет екі бөліктен тұрады

  Шығын

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               

 Бағалы қағаздар операция-ларына салынатын салық    

      Сыртқы экономикалық қызмет шығындары

Мемлекеттік шаруашылық жұмыстары-ның шығындары     

Ренталық төлемдер, кеден бажы     

 

Қосымша құнға салынатын салық, акциздер

 Мемлекеттік басқару  шығындары,  құрылыс, тау-кен өнеркәсібі

Экономиканы қаржылан-дыру,  қорғаныс, білім, ғылым, мәдениет   

             

 

 

Заңды және  жеке тұлғалардың табыс салығы     

 

 

Бюджет  шығынының табысынан артып кетуін- бюджет тапшылығы деп аталады.

 

      Бюджет тапшылығының негізгі себептері

 

  • қорғанысқа кететін қаржыландырудың өсуі;
  • қаржыны заңсыз жұмсау;
  • қоғамдық өндірістің құлдырауы;
  • қоғамдық өндірістік шығындардың өсуі;
  • бюджет шығынының өсуі;
  • дайын өнімдерді талан-таражға салу  

 

 

 Салық салуды қатаңдату    

  Мемлекеттің банкіден несие алуы есебінен   

      Бюджет тапшылығынан шығу  жолдары

  Айналымға қосымша ақша шығару

   Мемлекеттік басқару шығындарын қысқарту  

 

              Осы бір мезгіл ішінде жинақталған бюджет тапшылықтарының сомасы- мемлекеттік қарыз болып табылады.

 

      Мемлекеттік қарыз

                Ішкі қарыз   

   Мемлекеттің өз халқына, өз елінің азаматтарына берешек қарызы.

           Сыртқы қарыз 

    Мемлекеттің шет елдерге, шет елдердің  фирмаларына және жеке адамдарына  берешек  қарызы.

 

              Ал, енді балалар сабақты қорытындылау үшін мына мемлекеттік бюджет туралы есепті шығарып көрейік.

              Есеп №1

  1. Меншікке салынатын салық -2млн.
  2. Денсаулық сақтау-3млн.
  3. Қорғаныс-1млн.
  4. Заңды тұлғалардан алынатын салық- 500 000
  5. Жеке тұлғалардан алынатын салық-400 000
  6. Табиғатты қорғау -500 000
  7. Білім,ғылым, мәдениет-4 млн.
  8. Кедендік баж салығы -4 млн.
  9. Акциздер -2млн.
  10. Құрылыс, көлік және байланыс-2млн.
  11. Ауыл шаруашылығы-1млн.
  12. Бағалы қағаздар операцияларына салынатын салық-2млн.
  13. Қосымша құн салығы-2млн.
  14. Әлеуметтік-экономикалық мақсаттардың шығындары-1млн.

             

              Есептің шарты:

              1. Алдымен бюджеттің табысы мен шығынын ажыратып ал.

              2. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығынын есептеңіз?

Табыс                                         Шығын

2млн+ 500000+400000 +                     3млн+1млн+500000+4млн+2млн+

+4млн+2млн+2млн+2млн=                   +1млн+1млн=12500000

=12900000

 

                                      12900000-12500000=400.000

ҮІІ. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Мемлекеттік бюджет.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бюджет.Мемлекет бюджеті және отбасы бюджеті. Салық.
Бизнесті ұйымдастыру нысандары.Дербес иелік.
ҚР-ның салық жүйесі
Тұтыну кредиті.Кредит құнын есептеу
Ақшаны ақылмен жұмсайық
ҚР-ның салық жүйесі
Экономикадағы тұтынушы
Банктік қызметтер
Бухгалтерлік есеп пәні мен оның объектілері туралы түсінік
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 9196 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык