Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ҚР-ның салық жүйесі


ҚР-ның салық жүйесі

ҚР-ның салық жүйесі

Тақырыбы: ҚР-ның салық жүйесі

Мақсаты: а) Салықтардың анықтамасын беру  және олардың жіктелуін түсіндіру

                Үкіметтің өз ақшасын  қалай табатынын түсіндіру.

                 ә) Логикалық сұрақтар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Төлем қабілеттілік пен алатын игіліктерге салық салу жүйелеріне түсінік беру.

                б) Өздігінен ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Мемлекеттің экономикадағы ролін бағалауды үйрету.

                    2.Оқушылар мемлекеттің жеке меншік құқығын қорғау, халықаралық қатынастармен жұмыс істеу, нарықта бәсекелестікті қамтамасыз ету, тұтынушыларды қорғау, экономикалық тұрақтылыққа кепілдік беру, қоғамдық игіліктер мен коммуналдық қызметтерді ұсыну секілді көпшілік таныған міндеттерін атай алу керек.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,логикалық тапсырмалар.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта. «Эконворд »

Барысы:            1. Ұйымдастыру

                          2.Өткен материалды қайталау.

         а)Қоғамдық қолданыстағы тауарлар мен қызмет көрсетулерді атаңыз

         ә)Мемлекеттік бюджеттің қазанына ақша қайдан түседі?

         б)Салық дегеніміз не? Қандай түрлерін білесіз?

                         3.Үй тапсырмасын қорытындылау.

 Интерактивті тақта арқылы «Эконворд » шешу

м

р

ы

н

о

к

р

т

а

у

а

р

қ

ұ

н

о

е

ж

е

р

е

ң

б

е

к

қ

а

р

ж

ы

н

с

а

у

д

а

й

ы

р

б

а

с

ж

ж

ж

о

у

р

б

а

н

и

з

а

ц

и

я

ж

ж

ж

п

р

к

ә

с

і

п

к

е

р

а

к

ц

и

я

о

с

ы

р

т

қ

ы

с

а

у

д

а

қ

ш

а

л

ұ

с

ы

н

ы

с

ұ

р

а

н

ы

с

ж

ж

и

б

и

з

н

е

с

е

р

і

к

т

е

с

т

я

ж

в

а

л

ю

т

а

б

ю

д

ж

е

т

і

ж

ж

и

м

п

о

р

т

н

е

с

и

е

ж

к

Негізгі бөлім:

      Үкімет табыстарының негізгі көзіне салықтар жатады.Олардың ішінде, сатуға салынатын салықтар бюджетке түсетін барлық салықтық төлемдердің шамамен тең жартысын құрайды.Сіз көп зат сатып ала отырып, сатуға салынатын салықты төлейсіз.Табыс салықтары табыс көзінің маңыздылығы жағынан екінші салық түрі болып табылады.Азаматтар өз табыстарынан салық түрінде белгілі пайыз төлеуге міндетті.

 

Салықтар -  бұл мемлекеттің бюджетке жеке және заңды тұлғалардан  алатын міндетті      жарнасы.

 

 Салықтардың басты қызметіне үкіметтің өзінің шығындарын өтеу жатады.Бірақ салықтардың басқа да қызметтері бар.Кейде салықтар өндірістің белгілі салаларын қорғау үшін алынады.

 

   Салықтар, сонымен қатар, үкіметтің көзқарасы бойынша, зиян қызметке бөгет болу үшін қолданады.Мысалы: «күнә» салықтары деп аталатын спиртті ішімдіктер мен темекілерге салынатын салықтар ақша алу және, сонымен бірге, темекі шегу мен ішімдік ішуден адамдардың көңілін аудару мақсатымен алынады.Бұл салық акцизді салық деп аталады.

 

 
 

Акциз - өндіріске немесе жеке тауар түрінің сатылуына салынатын   салық.

 

 

 

 

Сонымен бірге, салықтар экономикалық қызметтің деңгейін реттеу үшін қолданылады. Салықтарды көбейте немесе кеміте отырып, үкімет айналымдағы ақша санына тікелей әсер ете алады.

Көптеген адамдар кейбір салықтар қажетті деген тұжырыммен келіседі.Алайда, ол салықтың қай түрі және олардың мөлшері қандай болу керек туралы елеулі келіспеушілік бар , әлде – бір салық түрін бағалау үшін: «Оны кім төлейді?» деген сұраққа жауап беру керек.Салықтардың нақты әрекеті соңында осы салықты төлеу ауыртпалығын көтеретін жеке адамдар мен компанияларға қатысты болады.Сондықтан, назарды төмендегі сұрақтарға аударып, салық салу әрекетінің фактілері мен қағидалары туралы білу қажет:

                                       Салықтарды кім төлеу керек?

                                     Салықтардың қай түрлері алынады?

Салық салудың дотация қағидасы үкімет адамдарға өзінің қызметін қолданудан алатын артықшылыққа  сай салық салу қажеттігін білдіреді.Көпір арқылы өту үшін төленетін төлем жақсы мысал бола алады.Неге? Себебі, белгілі қондырғылар мен қызметтерді қолданатын адамдар бұл үшін төлем төлеуге міндетті.

Экономистер тек жалпы ғана түсінік беруі мүмкін: бай адамның салық төлеуге мүмкіндігі көбірек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабына сай салық төлеу әр-бір азаматтың борышы мен міндеті болып табылады.

Адамдардың өздерінің материалдық жағдайына сай салықтың мөлшерін анықтауда түрлі пікір айтылатыны таңқаларлық емес.Мысалы, кейбіреулер салықтар табыс  деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей болуы керек дегенді айтады.Ал, кейбіреулер салықтар табыс  деңгейіне тәуелсіз барлығына бірдей болуы керек дегенді айтады.Ал, кейбіреулер бай адамдарға көбірек салық салу керек деп есептейді.Бұл келіспеушіліктер пропорционалды және прогрессивті салықтар арасындағы айырмашылықты айқындайды.

                                                         Салықтар   

 

       
       

Пропорционалды және прогрессивті салықтардан басқа регрессивті де салық бар.Регрессивті салық төмен табыстан жоғары пайызды және жоғары табыстан төмен пайызды төлеуді білдіреді.Сатуға салынатын салықтар жеке табыс негізінде есептелмесе де, олардың регрессивті әсері бар.

Азаматтарда үкіметтің қызметін жыл сайын талдау мүмкіндігі бар, себебі бюджеттер мемлекетттік және жергілікті деңгейде жыл сайын жасалады.

Мемлекеттік бюджет – ол алдағы жылға көзделген табыстар мен шығындарды біріктіретін қаржылық жоспар.Егер көзделген табыстар көзделген шығындарға тең болатын болса, бюджет балансталған болып саналады.Егер бюджеттің шығындары табыстардан басым болса, онда олардың арасындағы айырма дефицит деп аталады.Егер табыстар шығындардан басым болса, онда бюджет белсенді болады.

 

                          Қазақстан Республикасы бойынша қосымша материал

 

Салықтар-мемлекеттің арнайы заңнама негізінде азаматтардан ,жеке кәсіпорындардан алатын міндетті төлемі.

Салықтар:

                ●      Табыстарға (еңбекақы,пайыз,рента,пайда)

                ●      Шығындарға (сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағаларынан)

                ●      Мүліктерге салынады.

Салық жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

Салықтық мөлшерлер – пайызбен белгіленетін және бюджетке төлеуге міндетті шығындардың белгілі үлесі.

Салықтық база – салық салуға жататын табыстардың тұрақты мөлшері.

 

Салықтардың тек мемлекеттік және жергілікті билік органдары ғана төлетуге құқылы.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті салықтардың құрылымы мынадай:

                                      1.        Табыс салығы

                                      2.        ҚҚС

                                      3.        Акциздер

                                      4.        Бағалы қағаздар эмиссиясы үшін жинақ

Жергілікті:

                                      1.        Жер салығы

                                      2.        Жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығы

                                      3.        Көлік салығы

                                      4.        Заңды тұлғаларды тіркеу үшін салық

                                      5.        Қызмет түрлерімен айналысуға құқық

                                      6.        Аукциондық сауда – саттықтардан салықтар

Салықтарда бағалауда оларды шын мәнісінде кім төлейтінін білу аса маңызды.

Салықтардың қызмет  ету аясы заң бойынша төлеуге міндетті азаматтар мен фирмаларға таралады.Шығындарды басқа тұлғаға аудару мүмкіндігі салықтарды аудару деп аталады.Салықтар тұтынушыға қайта салына алады, бұл жағдайда салықтық ауыртпалықты өндірушілер өз мойнына алады.

Үйге тапсырма: Отбасы бюджетін жоспарлау.

Бағалау.

Сабақты қорытындылау.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бюджет.Мемлекет бюджеті және отбасы бюджеті. Салық.
Мемлекеттік бюджет.
ҚР-ның салық жүйесі
Экономикадағы тұтынушы
Салық және халықты әлеуметтік қорғау.
Несие және оның түрлері
XV-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы
Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Сатушы-консультант, сауда өкілі,мерчендайзер, сауда агенті, сату бойынша менеджер
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2480 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык