Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Физика |
Көрсетілім: 18140 |
|
|
|
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың тақырыбы: Қайнау. Меншікті булану жылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қайнау процесін түсіндіріп, меншікті булану жылуы туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық : оқушылардың теориялық білімдерін күнделікті өмірде практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: бір-біріне көмек қолын соза білуге және білімге деген дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың тех. көрнекілігі: компьютер, интерактивті экран,видеопроектор
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: флипчарттар, электрондық оқулық , деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ типі : жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ Фронтальдық сұрақтар
ІІІ. Жаңа сабақ мазмұны
IV. Бекіту. Нені білдік? Нені үйрендік?
Нені білгім келеді?
V.Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын қайталау:
• Заттың неше агрегаттық күйлері бар?
• Қай зат осы үш күйде де бола алады?
• Зат не себепті қатты ,сұйық,газ күйінде болады?
• Сұйықтың буға айналу процесі қалай аталады?
• Сұйықтың бетінде жүретін булану қалай аталады?
• Буланудың қарқындылығы неге байланысты?
• Сұйық буланғанда энергия жұтыла ма бөліне ме?
• Будың сұйыққа айналу процесі қалай аталады?
Жаңа сабақ мазмұны
Енді бүгін буланудың екінші тәсілі –қайнауды қарастырамыз.Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында тұманды байқауға болады.Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді.Сыртқа шыққан су буы салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде олар судан бөлініп шығады. Ауа көпіршіктерінің іші су буымен толады да, олардың өлшемдері біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да , жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында ызыл естіледі.Неге? Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.
• Сұйықтың тек үстіңгі бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде де бу көпіршіктерінің пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.
Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз.Енді осы су көпіршіктері қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы атмосфералық қысымнан төмен болмау керек.
• Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;
• Қайнау кезінде сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйық қайнайтын температураны қайнау температурасы деп атайды.
Қалыпты атмосфералық қысымда әртүрлі заттың қайнау температураларының мәндері анықталған.
Кейбір заттардың қайнау температурасы, оС
( Қалыты атмосфералық қысымда 105 Па)
сутек -253 су 100 сынап 357
Оттек -183 сүт 100 қорғасын 1740
эфир 35 спирт 78 мыс 2567
Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін. Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда су төменгі температурада қайнай береді. Биіктігі 5-6 мың метр Эльбрус шыңында су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек , онда кез келген температурада тіпті қату температурасында қайнайды. 32 гПа 25 оС су бөлме температурасында қайнайды. Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда , су 00С-та қайнайды.Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі бар болғаны бірнеше ондаған градуста бұрқылдап қайнайды.Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және артық су тезірек бөлініп шығады.Керісінше судың бетіне аса жоғары қысым түсіре отырып , судың температурасын 1000С тан жоғары температурада қайнатуға болады. Автоклав құрылғысында тем-ра 200 0 С-қа дейін қызады.
Қайнау процесі үзбей жүру үшін оған үнемі сырттан энергия беру керек. Қайнаған сұйықтың температурасы өзгеріссіз қалады.Бірдей массадағы түрлі сұйықтарды қайнау температурасында буға айналдыру үшін әртүрлі жылу қажет болады. Заттардың булану қабілеттілігін сипаттайтын шама меншікті булану жылуы (r) деп аталады.
Меншікті булану дегеніміз- сұйықтың бірлік массасын қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
Q = rm (Дж кг)- өлшем бірлігі
Қалыпты атмосфералық қысымда қайнау температурасында әртүрлі сұйық үшін меншікті булану әртүрлі болып келеді. (7 –кесте )
IV. Бекіту сұрақтары .
Нені білдік?
1. Қайнаудың алдында сұйықта қандай құбылыстар пайда болады?
2. Сұйықтың қайнауының , оның булануынан айырмашылығы неде?
3. Сұйықтың қайнауы қай кезде басталады?
4. Сыртқы қысымға сұйықтың қайнау температурасы қалай тәуелді болады?
5. Бірдей температурадағы су және бу молекулаларының ішкі энергиялары бірдей ме?
6. Сынаптың меншікті булану жылуы 0,3*106 Дж/кг -ға тең дегенді қалай түсінуге болады?
Нені үйрендік?
Есеп шығару үлгісін түсіндіру.
Нені білгім келеді?
Тақтада ілінген деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
- А тобы
- Б тобы
- - С тобы
А тобы
1. Неліктен өзеннен ыстық күні шомылып шыққанда тонамыз?
2. Далаға жайылған кір ашық желсіз күні тез кебе ме? Әлде желді күні тез кебеме?Неге?
3. 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
4. 1000С-тан 00-қа дейін салқындатылған массасы 5 кг су қанша энергия мөлшерін бөледі? / Q= 21*105 Дж/
5. Ашық ыдыстағы судың қайнау температурасы 1000 С-қа тең , егер су тұмшалап жабылған ыдыста қыздырылса, қайнау температурасы өзгере ме?
6. «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақалдың тұрмыс-тіршіліктегі мағынасы және физикалық тұрғыдан түсіндір.
7. Көсеуің ұзын болса, қолың күймейді дегенді физикалық
тұрғыдан түсіндір.
8. «Күн шыққан соң суарған суды күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды жер жұтады.» деген мақалдың мағынасын физикалық тұрғыдан түсіндір
Қосымша есептер жинағы
Б-тобы
№1
0 0С температурада массасы 10 г суды қайнағанға дейін ысытып, одан әрі оны буға айналдыру үшін қандай жылу мөлшері жұмсалады?
№2
0 0С температурадағы 2 кг мұзды ерітіп 20 0 С –қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері керек?(λ=3,4*105Дж/кг, c=4200 Дж/кг 0 С)
№1 С-тобы
-10 0С температурадағы 2 кг мұзды толығымен буға айналдыру үшін қанша жылу мөлшері керек? ( λ =3.4 *105Дж/кг,t 0= 00C, Cм =2100Дж/кг*0С, Ссу= 4200 Дж/кг* 0С, r= 2.3*106 Дж/кг)
№2
00 С-ғы 10 кг мұзы бар ыдысқа 900 С-ғы 3 кг су құйылды. Температура қандай болады? Мұз түгел ери ме? Түгел ерімесе , онық қандай бөлігі қатты күйде қалады? Ыдыстың жылусыйымдылығы есепке алынбайды.
(λ=3,3*105 Дж/кг, с= 4200Дж/кг 0С)
Үйге тапсырма :§18 11-жаттығу /3,4,7,8
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |