Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Булану және конденсация


Булану және конденсация

Сабақтың тақырыбы

Булану және конденсация

 

Сілтеме

Видеокөріністен,электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері.

 

Жалпы мақсаттар

Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып, булану және конденсация механизмі түсінігін қалыптастыру, «бу түзілісі», «булану», «қайнау» ұғымдарын айыра білу үшін диалогтік оқыту әдісін пайдаланып проблемалық ситуациялық сұрақтармен ойлау, логикалық талдау қабілетін қалыптастыру, проблемалық сұрақтарға белсенділік танытқан оқушылардың шығармашылығынан көшбасшылықты байқау, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.

 

Оқыту  нәтижесі

Ойлануды, ойларын жүйелеуді, тақырып мазмұнын өз беттерімен ұғынуды, үйренген білімін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді, өз ойларына немесе пікірлеріне дәлелдеме келтіруді, пікірлерді салыстыра білуді, ұқсастық пан айырмашылықтарын табуды, шығармашылық жұмыс жасауды үйренеді.Ғылыми көзқарасы қалыптасады,өз біліміне есеп беріп,өзге топтарды тыңдауды үйренеді,топпен бірге ортақ пікірге келіп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.

 

Негізгі идеялар

Булану және конденсациялану қатар жүретіндігі, бұл құбылыс олардың температурасына, атмосфералық қысымға, булану қарқындылығы бет ауданына байланыстылығы.

 

Тапсырмалар  

1-тапсырма.Топтарға бөлу.

 Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен  физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/

2-тапсырма.  Видеосуреттерді көру арқылы ой қозғау /3мин/

Видеокөріністен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. Ситуациялық сұрақтарды талдау.

 1 топ. «үш күй» тобы

Булану қалай жүреді?

2 топ. «температура» тобы

Булану қарқындылығы қашан артады?

3 топ. «диффузия» тобы

Конденсациялану дегеніміз не?

4 топ. «жылу» тобы

Конденсация қалай жүреді?

/10 мин/

3-тапсырма.

Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және есептер орындау.

1 топ.

Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?

2 топ.Бір ыдыста қайнаған су бар, екінші ыдыста сондай мөлшерде салқын су бар. Олар булана ма?

3 топ.Ыстық су құйылған ыдыстың біреуі ашық, екіншісі жабық тұр. Қандай процесс байқалып тұр?

4 топ.Ыстық күнде шыққан тер денені салқындатады. Неліктен?

/10 мин/

4-тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1  топ.Спирт, су және майдың қайсысы тез буланады? Неліктен?

2 топ.Стақан мен табақшада теңдей мөлшерде су бар. Қайсысында су тезірек буланады? Неліктен?

3 топ. Бірдей ыдыста теңдей мөлшердебензин, су, май құйылған. Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағанын, судың жартылай буланғанын, майдың айтарлықтай өзгермегендігін көреміз. Неліктен?

4 топ.Жаңбырдан қалған шалшық су қашан тез кебеді? Неліктен?

/5мин/

5-тапсырма

Эйлер-Венн дөңгелегін салу.

/2 мин/.

 

 

Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 10 жаттығуды орындау.

 

 

Кері байланыс

 

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау

 

 

Қорытынды

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды

       

 

 

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

1-тапсырма.  Топтарға бөлу.

       Ортаға шығарып диффузия құбылысының көрінісін салу немесе араласу. «Төрт атомнан бірігіп бір молекула бірігіңдер»-дегенде төрт адам бірігіп қатып қалу керек. Төрт адамнан төрт молекула болып бірікті және

     өтілген тақырыпты пысықтау, жадында қалған білімдері мен  физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты  топтарына ат қойып, ой-пікірлерін постерге салды.

1 топ  Айдана:

      -Өздерімізге «үш күй» деп ат қойдық. Заттың агрегаттық үш күйі бар: қатты, сұйық және газ күйі. Заттар табиғатта әр түрлі күйде кездесуі мүмкін.

2 топ. Нұрдәулет:

-Өздерімізге «температура» деп ат қойдық. Температура-жылулықты сипаттайтын физикалық шама. Температураны Цельсий және Кельвин шкаласында өлшейді.

3 топ   Айзада:

-Өздерімізге «Диффузия» деп ат қойдық. Диффузия дегеніміз зат молекулалары және атомдарының өздігінен араласуы, енуі.

4 топ. Саламат:

-Тобымызға «жылу» деп ат қойдық. Жылу сөзінің мағынасы кең. Мыс: күннің жылуы,

оттың жылыуы, ананың жылуы, алақанның жылуы т.б. жылудың мағынасын физикада жылу құбылыстары тарауында үйрендік. Жылу берілудің  үш түрі бар екендігін білеміз, олар: жылуөткізгіштік, конвекция және сәулелену.

 2-тапсырма.  Видеосуреттерді көру арқылы ой қозғау .Видеокөріністен көрген физикалық құбылыстарын диалог жүргізу арқылы мағынасын ашу. Ситуациялық сұрақтарды талдау. 

Мұғалім:

-Оқушылар видеороликте қандай құбылысты көрдіңіздер?-деген сұрақ қойылғанда

Айдана:

-Күннің жылынып жатқанын, қардың еріп жатқанын көрдік.

Нұрдәулет:

-Судың буланып, будың қайта жаңбыр, қар түрінде түсуін  көрдік.

Асима:

-Қарды, еріп жатқан өзендің буланып жатқанын көрдік.-деді.

Азамат:

-Жаңбырды, қарды, тұманды көрдік.

Мереке:

-Шықты көрдік.

- Мұғалім:

- Бүгінгі  тақырыбымыз, өздеріңіз көріп- айтқаныңыздай «Булану және конденсация».

 Булануды және конденсацияны тереңірек зерттейік:«үш күй» тобына

Булану қалай жүреді?

 «температура» тобына

Булану қарқындылығы қашан артады?

 «диффузия» тобына

Конденсациялану дегеніміз не?

 «жылу» тобына

Конденсация қалай жүреді?-деген сұрақтар берілді.

 1 топ «Үш күй» тобынан Салтанат

-Булану дегеніміз сұйық күйден газ күйіне өту құбылысы

Булану ауа температурасы көтерілгенде болады.

Мұғалім:

-Ауа температурасы көтерілсе булану болады-деген пікірге қосатындарыңыз бар ма?

3 топтағы  Азамат:

-Иә, солай болады.

 4 топтағы Саламат:

-Онда салқын су булана ма? Олай емес, су ыстық болса буланады.

3 топтағы Айзада

-Ыстық шайдың буы көрініп тұрады ғой, су қайнаса буланады.

2 топтағы Нұрдәулет:

-Тек қайнаса буланбайды, онда неге теңіздерде, өзендерде сулар буланып жатыр, онда су температурасы ауа температурасынан жоғары болғанда буланады.-деді.

Мұғалім:

-Иә, өте жақсы, солай етіп, булану процессі сұйық температурасы ауа температурасына жоғары болғанда жүреді екен.

2 топ. «температура» тобынан Нұрдәулет:

-Булану қарқындылығы сұйық температурасы жоғары болғанда     артады.

Мұғалім:

-Тағы

-Айдана 1 топтан:

-Ыдыстың беті кең болғанда

Мұғалім:

-Немесе, ыдыс бетінің ауданы үлкен болғанда

3 топ. «диффузия» тобынан Азамат:

-Газ күйден сұйық күйге айналу, немесе жаңбыр, қар болып қайта түсу.

4 топ. «жылу» тобы Асқар:

Конденсация  ауа салқындағанда жүреді, қар, жаңбыр, шық түседі, яғни, буланған сұйық газ күйден сұйық күйге қайта айналады.

3-тапсырма.

Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығу және есептер орындау.

1 топ.

Неліктен ыстық шай үрлегенде тез суиды?  Айдана:

-Себебі, сұйық бетіндегі буланып жатырған молекулаларды жел ұшырып кетеді.

2 топ. Бір ыдыста қайнаған су бар, екінші ыдыста сондай мөлшерде салқын су бар. Олар булана ма?  Мереке:

-Иә, бірақ ыстық су тез буланады, салқын судың температурасына байланысты.

3 топ. Ыстық су құйылған ыдыстың біреуі ашық, екіншісі жабық тұр. Қандай процесс байқалып тұр? Сали:

-Біреуі буланып кетіп жатыр, екіншісі буланып, конденсацияланып жатыр.

4 топ. Ыстық күнде шыққан тер денені салқындатады. Неліктен?

Саламат:

-Зат буланғанда, энергия жұтылады, сондықтан, салқындаймыз.

4-тапсырма.

Эксперименттік тапсырма орындау.

1 топ. Спирт, су және майдың қайсысы тез буланады? Неліктен? Салтанат:

-Спирт, заттың тегіне байланысты болады.

2 топ. Стақан мен табақшада теңдей мөлшерде су бар. Қайсысында су тезірек буланады? Неліктен? Айнұр:

-Табақшада, себебі бетінің ауданы үлкен

1топ. Бірдей ыдыста теңдей мөлшерде  бензин, су, май құйылған. Бірнеше күннен кейін бензиннің қалмағанын, судың жартылай буланғанын, майдың айтарлықтай өзгермегендігін көреміз. Неліктен?  Сали:

-Заттың түріне, тегіне байланысты болады.

4 топ.  Жаңбырдан қалған шалшық су қашан тез кебеді?

Саламат:

-Ыстық және жел күндері

5-тапсырма

Эйлер-Венн дөңгелегін салу.

Интертақтада 1 топтан  Асима орындады.

      Сабақты қорытындылау үшін оқушылар өздерін-өздері, топтар бір-бірін бағалау үшін қызыл парақша «5» бағасын, жасыл парақша «4» бағасын, сары парақша «3» бағасын білдіретін әр топқа парақшалар берілді.Айдана Нұрдәулеттің өте белсенді қатысқандығын, Саламаттың да өте жақсы қатысып отырғандығын айтып қызыл парақ берді.Айзада да қызыл парақ беріп бағалады, топтар бір-біріне парақшалар беру арқылы әр тапсырманы орындауын бағалады. Осылайша бір-бірін бағалап отырды.Әр топқа парақтардың орташа бағасын шығарып жиынтық баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және  мен дарынды балалар байқалды, яғни, Нұрдәулеттің,. Саламаттың  белсенділігі, қызығушылығы, теориялық білімдерінің жақсы екендігі байқалып отырды.

    Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылды. Үйге тапсырма берілді. Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, 10 жаттығуды орындау

 

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы
Қаныққан және қанықпаған бу
Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы
Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы
Молекулалық физика негіздері
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Булану және конденсация
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7357 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык