Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Физика |
Көрсетілім: 1966 |
|
|
|
Қайталау Есеп,теңдеу шығару
Cабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты: Жазбаша көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталау.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың жазбаша көбейту және бөлу тәсілдерін меңгеруін пысықтау.
2. Есеп,теңдеу шығару, мысалдарды есептеу біліктерін және ауызша есептеу дағдыларын арттыру.
3. Шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ.
Сабақтың типі: білімді қайталау,жүйелеу.
Көрнекіліктері: слайдтар,суреттер, смайликтер т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау,жинақтау,ойын, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,экономика,ана тілі,информатика.
Сабақтың барысы:
I.Сабақтың алғашқы басталуын ұйымдастыру кезеңі.
1.1. Класс оқушыларын түгендеу,бөлменің сабаққа дайындығы.
1.2. Оқушылар назарын сабаққа аударту.
II. Жаңа сабақты хабарлау.
2.1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірлесе отырып анықтау.
Есіңде болсын: Елімізде 1 минутта: 16теледидар,12 велосипед, 11 тоңазытқыш,80 сағат, 13 кір жуғыш машина, 18 радио шығарылады екен. Бүгінгі сабақта неше мысал, есеп шығара алатындарыңызды тексереміз. Сабақта ірі сауда орындары –гипермаркеттерді, супермаркеттерді аралап, тапсырмаларды орындаймыз.
2.2. Алдымыздан «Сиқырлы сандықша» кезікті.Берілген тапсырманы (№1.167бет)
ауызша есептеп,мысалдардың мәнін сандықшадан тапсақ, сандықша сендерге бұйырады.
12*3= 100:25= 888:4=
880:40= 360:6= 505:5=
864:2= 51*2= 31*3=
2.3. Супермаркет ішін аралап отырып, оқу құралдары, қажетті тауарлар бөлімінен заттарды сатып алу үшін, мына өрнектер бойынша есеп құрастыру керек. (№3.167бет)
а) 15*3+23*4 б)56*2-15*5
ә) 458+362+56 в)191*5-23*6.
2.4. «Суреттері қиылған лото» сатылып жатыр екен, лотода берілген тапсырмаларды орындап көрейік. (№4.168бет)
112см• 5 322м • 3 14см7мм : 7 6см6мм • 2
985 кг : 5 189мм : 9 2ц68кг : 4 2ц5кг * 3
2.5. Сергіту сәті.Жеңіл музыка ойнап тұрады.Қасымыздағы жолдастарымызға жылы сөз сыйлаймыз. (оқушылар дөңгеленіп тұрады.)
2.6.Супермаркеттің «Ойыншықтар» бөлімінде әр түрлі ойыншықтар көп екен. Оқулықтағы 168 беттегі №6 тапсырманы орындасаңдар, қалаған ойыншықтар сендердікі болады.
Балабақшадағы балаларға ойыншық сатып алу керек. Ойыншықтар біркелкі немесе әртүрлі де болуы мүмкін.Басты шарты – сатып алу құны 1000 теңгеден аспауы керек. Қандай ойыншықтар сатып алуға болады? Әртүрлі жағдайларды қарастырып,теңдіктер жаз.
III. Жаңа сабақты бекіту.
3.1. Супермаркеттегі қораптарды реттестіріп жинау керек,ол үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнап, 168беттегі 5-тапсырмадағы теңдеулерді шешеміз.
950-с=230+650+69 60*х=900-660
Х:3=1000-950 90+а=984:2
3.2. Фигуралардың боялған бөліктерінің аудандарын тап. (№4.168бет)
IV . Сабақты қорытындалау. Үйге тапсырма. №2 167 бет .
V. Бағалау.
Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар текшені алады.
-Кім бәрін түсіндім,сабаққа белсенді қатыстым, беске жауап бердім деп санаса, күлімсіреген фигурадағы «5-ті» аласыңдар.
-Кім жауапты толық бере алмадым, дұрыс жауап бердім,жақсы жұмыс істедім деп ойласа, екінші фигурадағы «4-ті» аласыңдар.
-Кім ойланатын нәрсе бар ,бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі жолы сабақта міндетті түрде тырысамын десе, көңілсіз фигурадағы «3-ті» аласыңдар.
-Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмайды деп ойлаймын. Бәрің де сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сабақ үшін рақмет,балалар
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |