Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қаныққан және қанықпаған бу


Қаныққан және қанықпаған бу

Сабақтың тақырыбы

Қаныққан және қанықпаған бу

Сілтеме

Электрондық оқулықтан, слайдтан тапсырма көздері, тәжірибе құралдары.

Жалпы мақсаттар

Қаныққан және қанықпаған бу құбылысын үйрету,булану қарқындылығы немесе баяулығы буланудың қандай ортада болып жатырғандығына байланыстылығына тәжірибе жасау арқылы тақырыпты ашуға ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдаланып оқушылардың белсенділігін арттыру,қарапайым эксперименттік сапалық тапсырма мен есептерді шығару арқылы қабілеттілікті және дарындылықты байқау, өзін-өзі бағалауды, топтардың бағалауын және қорытынды жиынтық бағалауды жүргізу, салыстыру тапсырмасын бергенде жас ерекшеліктерін ескеру.

Оқыту  нәтижесі

Өаныққан және қанықпаған бу түсінігі қалыптасады. Ақпарат көздерін білім алуда пайдалануды,өз пікірлерін білдіруді,АКТ ны қолдана білуді,алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді үйренеді,қосымша деректермен жұмыс жасауды үйренеді,ғылыми көзқарасы қалыптасады. пікірлерін айта алады,өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін-өзі реттейді.

Негізгі идеялар

Қаныққан бу мен қанықпаған будың қасиеттерінің айырмашылықтары, бізді қоршаған ортаның буланып, коденсациялануы қанықпаған бу екендігі және бул фактор  ауа райы өзгерісіне, қысымына, тіршілікке тікелей әсер ететіндігі

Тапсырмалар

1-тапсырма.  Топтарға бөлу.

 Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен  физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне байланысты пікірлерін постерге салу /5мин/

2-тапсырма.  Тәжірибе көру арқылы ой қозғау.

1 топ. Қаныққан будың қасиеттерін анықтаңдар.

2 топ. Қанықпаған будың қасиеттерін анықтаңдар.

3 топ. Қоршаған ортаның булануы және конденсациялануы процестерінің мағынасын түсіндіріңдер.

4 топ. Адамзат үшін судың маңызын түсіндіріңдер.

/20 мин/

         3-тапсырма.

Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығуларын орындау.

1 топ. Ауадағы су буы қаныққан жағдайда қандай физикалық құбылыс байқалады?

2 топ. Неліктен шық түседі?

3 топ.Ауа ыстық кезде неге жапырақтар салқын тартып тұрады?

4 топ. Неге теңізге, көлге немесе мұхитқа жақын аймақтардың климаты жайлы келеді?

/15 мин/

4-тапсырма.

Суретпен жұмыс жасау. Оқулықтағы  47-суреттен пайдаланып,

1  топ. Тропосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.

2 топ. Стратосферақабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.

3 топ. Мезосфера  қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.

4 топ. Термосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.

/5 мин/

5-тапсырма

Эйлер-Венн дөңгелегін салу.

/2 мин/.

Кейінгі тапсырмалар

Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру.

Тақырыпты, қосымша әдебиеттерден пайдаланып мәліметтер жинау.

Кері байланыс

Бағалау, өзін-өзі бағалау, формативті бағалау, жиынтық бағалау

 

Қорытынды

Өздеріне сенімді бола бастады, еркін пікірлей алды

 

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбалары

1-тапсырма.  Топтарға бөлу. Суреттің бөліктерін жинау арқылы топтарға бөлінді. Мысалы «су» суретін құрастырғандар «су» тобы,  «жер» суретін құрастырғандар «жер» тобы, аспанды құрастырғандар «ауа» тобы, қандай-да денені құрастырғандар «дене» тобы болып бөлінді.

   Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен  физикалық шамаларды қалай меңгергендігіне, тобының атына  байланысты пікірлерін постерге салды.

2-тапсырма.  Тәжірибе көру арқылы ой қозғау. Қайнаған су стақанға құйылып, бетіне тегіс  пластина қақпақ жабылды.

1 топ. Қаныққан будың қасиеттерін анықтаңдар.

2 топ. Қанықпаған будың қасиеттерін анықтаңдар.

3 топ. Қоршаған ортаның булануы және конденсациялануы процестерінің мағынасын түсіндіріңдер.

4 топ. Адамзат үшін судың маңызын түсіндіріңдер.

1 топ. Азамат:

-Жабық ыдыста буланған бу қаныққан бу деп аталады, уақыттың өтуімен булану тоқтайды.

2 топ. Айдана:

-Қанықпаған буға ашық ыдыстағы булану процессі мысал болады. Табиғаттағы судың булануы қанықпаған бу болады.

3 топ. Саламат:

-Қоршаған ортаның булануы қанықпаған буға мысал бола алады, буланған су буы ауда конденсацияланып қайта жаңбыр, қар болып түседі.

4 топ: Нұрдәулет:

-Адамзат үшін судың маңызы зор, сусыз тіршілік жоқ, ал булану және конденсациялану табиғи процесс, бұл ауа райының өзгеруіне ықпал жасайды, яғни, ауа райы да адам үшін өте маңызды.

3-тапсырма.

Электрондық оқулық тапсырмаларын, жаттығуларын орындау.     

1 топ. Ауадағы су буы қаныққан жағдайда қандай физикалық құбылыс байқалады? Асима:

-Жаңбыр, қар, шық түседі.

2 топ. Неліктен шық түседі? Мереке:

-Ауа райының күрт өзгеруі, күні боцы буланған су буы түн салқындығынан конденсацияланып шық болады.

3 топ. Ауа ыстық кезде неге жапырақтар салқын тартып тұрады? Асқар:

-Буланғанда зат энергиясы жұтылады.

4 топ. Неге теңізге, көлге немесе мұхитқа жақын аймақтардың климаты жайлы келеді? Нұрдәулет:

-Себебі, су буланып жақын аймақтарды ылғалдылығы сақталады, сондықтан жайлы келеді.

4-тапсырма.

Суретпен жұмыс жасау. Оқулықтағы  47-суреттен пайдаланып,

1                  топ. Тропосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Сали:

–Тропосфера ең төменгі ауа қабаты, оның биіктігі 20 км-ге жуық, атмосфераның 90%-ы жинақталған, тығыздығы 1000-100 кг/м3, қысымы 10,13 Па-0,124 Па

2                  топ. Стратосфера қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Ерлан:

-25-55 км-ге жуық биіктігі,10-0,1 кг/м3  тығыздығы, 0,124Па- 0,0025 Па қысымы

3 топ. Мезосфера  қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар.Айзада:

-Биіктігі 80 км, температурасы -90ºC, , тығыздығы

 0,1-10-3кг/м3,қысымы 0,0006-2,5·10-4 Па.

4 топ. Термосфера   қабатының қысымы, биіктігі, тығыздығын анықтаңдар. Батухан:

-Биіктігі 300км, температурасы 3000 К, қысымы 4,9·10-5 Па-дан 4·10-6 Па-ға дейін.

5-тапсырма

  Эйлер-Венн дөңгелегін қаныққан және қанықпаған будығ айырмашылығын табу үшін  3 топтан Қамар орындады.

     Сабақты қорытындылау мақсатында кері байланысты жүзеге асыра отырып, яғни, оқушыларға өткен тақырыпты    сұрақтармен бекітіп, бағалау парақтарын беріп, оқушылар өздерін-өздері, топтар бір-бірін бағалау үшін қызыл парақша «5» бағасын, жасыл парақша «4» бағасын, сары парақша «3» бағасын білдіретін әр топқа парақшалар берілді және бағалар қойылды. Айдана Нұрдәулеттің өте белсенді қатысқандығын, Саламаттың да өте жақсы қатысып отырғандығын айтып қызыл парақ берді. Айзада ға Асима жасыл парақ, Саламат қызыл парақ, Айданаға Сали қызыл парақ, Нұрдәулет жасыл парақ т.с.с беріп бағалады, топтар бір-біріне парақшалар беру арқылы әр тапсырманы орындауын бағалады. Осылайша бір-бірін бағалап отырды.Әр топқа парақтардың орташа бағасын шығарып жиынтық баға қойылды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту жүзеге келді талантты және  мен дарынды балалар байқалды.

Сабақ қорытындыланып, жиынтық баға қойылды. Үйге

 тапсырма берілді. Оқулықтағы қосымша сұрақтарға жауап беру, тақырыпты, қосымша әдебиеттерден пайдаланып мәліметтер жинау тапсырылды.

 

 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Булану және конденсация. Қаныққан және қаныкпаған булар.
Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау. Ауаның ылғалдылығы
Булану және конденсация
Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы
Заттың агрегаттық күйлері. Қатты денелердің балқуы және қатаюы. Балқу және қатаю температурасы
Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Булану және конденсация
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6264 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык