Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Физика заңдылықтары


Физика заңдылықтары

Физика заңдылықтары

Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша «Физика заңдылықтары» тақырыбындағы қолданбалы курстың жоспары 11 сынып ( 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)

Мақсаты: - Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару. - Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын көрсету мақсатында семинар – сабақтарды ұйымдастырып беру. -

Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.

Міндеттері: - Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру. - Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.

- Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.

- Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту (рефераттар, зертханалық жұмыстар). Күтілген нәтижелер: қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:

- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.

- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу; - есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;

- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;

- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;

- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;

- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;

- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу; - электрондық оқу құралдарын тиімді пайдалана білу;

- ҰБТ –ден жоғары нәтижеге ие болу сияқты нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.

Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:

1. Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2006ж.

2. «Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.

3. Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.

4. Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.

5. Бейінді оқытуды ұйымдастыру (қолданбалы курс бағдарламасы). Алматы 2009ж

6. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 8-9 сынып». Алматы 2006ж.

7. Ы. Алтынсарин атындағы ҚБА «Бағдарламалар 10-11 сынып». Алматы 2006ж.

8. Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.

9. Электронды оқулық «физика 10 сынып».

10. В.С Волькенштейн «Жалпы физика курсының есептер жинағы». Алматы «мектеп» 1980ж.

11. Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».

Күнтізбелік жоспар

№ Тақырыбы Сағат саны Қосымша әдебиеттер Жылу құбылыстары 5 1 Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы 1 2 Балқу және қатаю, меншікті балқу жылуы, Булану, қайнау, меншікті булану жылуы. Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК 1 3 Жылу құбылыстарының тарауына есептер 2 Жылу құбылыстарының тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Электр құбылыстары 5 4 Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз 2 5 Электр тізбегіне арналған есептер 2 Электр құбылыстары тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Электр – магниттік құбылыстар 3 6 Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері, электро – магниттік индукция 1 7 Электр – магниттік құбылыстар тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Жарық құбылыстары 5 8 Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар 1 9 Линза көмегімен кескін алу, есептер шығару 2 Жарық құбылыстарына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Қозғалыс және денелердің өзара әсері 6 Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 2,1 заңдары, масса және салмақ. Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы 2 Механикалық қозғалысқа, динамика бөліміне есептер шығару 2 Механикалық қозғалысқа, динамика бөліміне тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Тербелістер мен толқындар 4 Тербелістер, резонанс, математикалық, серіппелі маятниктер 1 Тербелістер мен толқындар есептер шығару 1 Тербелістер мен толқындар тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Аспан сферасы 1 Жұлдызды аспан, жергілікті, белдеулік және бүкіл әлемдік уақыт. Кеплер заңы. 1 Атом ядросы, ядролық энергияны пайдалану 5 Фотоэффект, радиоактивтілік , Атом ядросына есептер шығару 3 Фотоэффект, радиоактивтілік , Атом ядросы тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Молекулалық физика және термодинамика 8 Молекулалық – кинетикалық теория негіздері 2 Термодинамика негіздері 2 Молекулалық физика және термодинамика тарауына есептер шығару 2 Молекулалық физика және термодинамика тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Электродинамика 4 Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы 1 Электродинамика, электростатика есептерін шығару 1 Электродинамика, электростатика тарауына тест алу 1 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Электродинамика (жалғасы) 7 Электромагниттік тербелістер, айнымалы ток, электромагниттік толқындар 1 Айнымалы токтың пайда болу заңдылығы 1 Оптика 2 Жарық толқындары, дифракция, жарықтың сынуы, линзалар 2 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 1 Кванттық физика 5 Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы 2 Физикалық логикалық есептерін шығару жолдары 3 Тест алу 2 Тест бойынша формулалармен жұмыс жасау (қатемен жұмыс) 2 Уақытқа есептер шығару 6


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым.
Физика пәнінен ҰБТ-ге дайындау жоспары
Жылу, электр және жарық құбылыстары
Физикадан компьютерлік практикум
ФИЗИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУ
Физика және эксперимент
Физика және Қазақстан энергетикасы
Физика – болашақ мамандықта
Физика және астрономия пәнінен КТЖ. (Колледждегі ФС тобына арналған.)
«Физика әлемі»
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 9829 | Қосты: Жакипова Айнур Азимхановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык