Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Инерция. Кеңістік және уақыт


Инерция. Кеңістік және уақыт

Инерция. Кеңістік және уақыт

Сабақ тақырыбы: Инерция. Кеңістік және уақыт

Сабақ мақсаты:

1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы туралы, кеңістік пен уақыт және олардың қасиеттері   туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жолда абай болуға баулу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, иллюстрациялық, сұрақ-жауап, деңгейлік, проблемалық

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран, электрондық оқулық, флипчарттар, слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) амандасу

ә)  сабаққа дайындығын тексеру

б) зейіндерін аудару

в) мақсат қою

ІІ. Сергіту кезеңі: (флипчарт)

Төмендегі сөздерді мына қапшықтарға сәйкесінше орналастыру керек.

Өлшем бірліктер                          Физикалық шамалар             Физика бөлімдері

1)      м, км/сағ, тонна, мин, 0С, кг.

2)      жылдамдық, уақыт, масса, жол, температура

3)      механика, динамика, оптика, термодинамика, электродинамика

ІІІ. Өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар: (оқушылар тақтада орындайды)

№1. Үлестірме: мына сандарды стандарт түрде жазыңдар:

0,0006=6*10-4; 2500000=2,5*106; 0,0047=4,7*10-3

№2. Үлестірме: Амалдарды орындаңдар:

105*102;  109*10-5;   107:104;  10-11:10-3

№3Үлестірме: ХБЖ-ға келтіріңдер: 18 км/сағ=5 м/с,  1мин=60с, 20см=0,2 м

№4. Флипчарт. Заттың күйлері молекуласы бойынша сәйкестендіріңдер.

№5. . Флипчарт: Мына сөздерден МКТ-ң 3 қағидасын құрастырыңдар:

1)      барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады;

2)      молекулалар мен атомдар ретсіз қозғалыста болады;

3)      молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі

№6.. Флипчарт:Мына суреттерден траектория, орын ауыстыру, жолды анықтаңдар.

№7. Есеп

20 м/с жылдамдықпен қозғалатын велосипедші 10 мин ішінде неше километр  жол жүреді?

Жауабы: 20м/с*600с=12000 м =12 км

ІV. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

2. Орын ауыстыруды координаталар айырым арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

3. Қозғалыс заңының формуласын қалай жазуға болады?

4. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалым графигі қандай болады?

5. Үйге берілген есептердің орындалуын тексеру.

6-жаттығу

№3

Берігені                          Талдауы:                                              Шешуі:

s1=9 км                                                       s=9 км/сағ+27 км/сағ=36 км/сағ

ϑ1=36 км/сағ                   s=s1+s2t1=9/36=0,25 сағ

s2=27 км                           t=t1+t2t2=27/54=0,5 сағ

ϑ2=54 км/сағ                    t1=s1/ϑ1                                  t= 0.25cағ+0,5 сағ=0,75

ϑорт-?t2=s2 /ϑ2ϑорт= 36/0,75=48 км/сағ

Жауабы: ϑорт= 48 км/сағ

№4 (жеке оқушыларға берілген: С-деңгейге)

Берігені                          Талдауы:                                              Шешуі:

t1=0,5 cағ                          s2=25*0,2=5 км

s1=10  мs=s1+s2+s3t3=9/18=0,5 сағ

t2=12 мин=0,2cағ           t=t1+t2+t3s= 10+5+9=24 км

ϑ2=25 км/сағ                  s22*t2   t= 0.5cағ+0,5 сағ+0,2=1,2сағ

s3=9 кмt3=s3 /ϑ3ϑорт= 24/1,2=20 км/сағ

ϑ3=18 км/сағ                 

    ϑорт-?   Жауабы: ϑорт= 20 км/сағ

V. Жаңа сабақ.

Архимед:

«Барлық қозғалыстағы дене басқа дененің әрекетінен қозғалады. Әрекетсіз қозғалыс жоқ»

Галилео Галилей:

«Егер денеге басқа дене әсер етпесе, онда ол өзінің тыныштық күйі мен бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды»

Исаак Ньютон:

«Дене өзінің жылдамдығын басқа дене әсер етпесе сақтайды»

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты  түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:

Егер денеге басқа дене әсер етпесе, онда ол өзінің тыныштық күйі мен бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды.

Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Галилеоның инерция туралы тұжырымы (электронды оқулық)

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:

1)      Көліктің кез келген түрінде кетіп бара жатқан жолаушы көлік кенет тоқтағанда алға қарай еңкейіп, ал жылдамдығын күрт арттырғанда, артқа қарай шалқая қисаятыны мәлім.

2)      Қатты жүгіріп келе жатқан адам немесе тайғақ жолмен шапшаң қозғалған автомобиль жолдың бұрылысында бір кедергіге тіреліп барып бұрылады.

Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.

Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.

VI. Сабақты бекіту.

1. Дененің қозғалыс жылдамдығы оған  тек басқа дене әрекет еткенде ғана өзгеретініне көрсететін мысалдар келтіріңдер.

2. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол қандай күйде болады?

3. Инерция дегеніміз не?

4. өздеріңді қоршаған ортадағы, микроәлемдегі, ғарыштағы инерция бойынша қозғалатын денелерге мысал келтіріңдер.

5. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қисаяды? Неліктен?

6. Не себепті желдеткіш ток көзінен

4. Кеңістіктің негізгі қасиеттері қандай?

5. Уақыттың негізгі қасиеттері қандай?

VII. Қорытындылау.Бүгінгі сабақта не білдік? Не үйрендік?

VIIІ. Бағалау.

IX. Үйге тапсырма: §§21, 22. 12-тапсырма.

Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Инерция.Күш - денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі
Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу
Қозғалыс тарауын қорытындылау
Күш. Деформация
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Динамика негіздері тарауын қайталау
Материялық нүкте. Қозғалыс троекториясы. Жол және орын ауыстыру
Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7099 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык