Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі


Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі

Сабақтың тақырыбы:

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі

Мақсаты:

Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, қозғалыс графигі жөнінде деректерді беріп практикалық түрде қолдана алу дағдысын қалыптастыру

Сабақтың түрі:

Түсіндірмелі-практикалық

Күтілетін нәтижелер:

А. бірқалыпты түзусызықты қозғалыс график арқылы анықтай алады;

В. Бірқалыпты қозғалысты берілген шамаларға тәуелді графигін сала алады;

С. әртүрлі жағдайларға байланысты қозғалыстың графигі қандай болатындығын және теңдеуін құру арқылы дәлелдей алады.

Керекті жабдықтар:

Шыны ыдыс, қағаздан жасалған балық, қармақ, ақ беттер, бояу, деңгейлі тапсырмалар, бағалау парағы, рефлексия парағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Жеке, жұптық, топтық, «Алтын балыққа арналған аквариум», «Айналмалы бекет», «Ыстық орындық»

Тапсырмалар

Сұрақтар мен тапсырмалар, А,В,С деңгейлі тапсырма

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе 5минут

 

1. Тұлға аралық байланысты орнату.

2.  Сыныппен амандасу.

3. Оқушыларды шеңберге шақыру

 

-мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- шербер құрып орналасады

 

 

Тұсаукесер

Үй тапсырмасын «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісінде әрекетті үш рет қайталату арқылы 3 оқушыға қалған оқушыларға сұрақтар қойдырту арқылы тақырыпты сұрау.

оқушы өтілген тақырып бойынша қойылған тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.

Алтын балықты ұстаған оқушы, сыныптастарының қойған сұрақтарына жауабын айтады.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақтың мазмұнын меңгерту үшін жетелеу сұрақтарын қоя отырып, топтың мәтінді оқып, талдауына ықпал ету.

Тақырыпқа сай мысалдарды басқа қырынан ұсыну үшін топқа тапсырма беру:

  1. берілген мәндер бойынша график салу
  2. графикке қарап, қозғалыс теңдеуін жазу
  3. кестедегі мәндерге қарап теңдеу құру.

Жасыл-түсіндім

Қызыл-түсінбедім

Топтың ұсынуы бойынша сыныптағы оқушылардың меңгеруін білу үші «Бармақ» әдісін қолдану

Берілген мысалдарды флипчартка орындап ұсыну

Топ бірін-бірі басбармақтары арқылы бағалайды

Қорытынды

Сабақты топтаса қортындылау үшін«Айналмалы бекет» әдісі қолданылады. 3 топқа деңгейлі 3 есеп беріп, топтардың топтаса жүріп орындауына мүмкіндік беру, жауаптарының дұрыстығын тексеру үшін шешуі жазылған парақты беру, дұрыс бұрыстығын қарап төмендегі фигуралар бойынша бағалайды.

Жеке жұмыс: Кім жылдам?

Сағат тілі бағытымен оқушылар топтаса жүріп бір бетке 3 топта берілген есептерді шығарады және берілген шығару жолы бойынша қызыл қаламмен тексеріп  бағалау критерийіне сәйкес баға қояды.

Келесі сабақта енгізетін өзгертулер

 


 

Сабақта қолданылатын дидактикалық және көрнекі материалдар

Үй тапсырмасы:

  1. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе ол қандай күйде болады?
  2. Инерция деп нені айтады?
  1. Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды? Неліктен?
  1. Жылдам келе жатқан көліктің алдынан кесе көлденең өту қауіпті болатыны неліктен?
  1. Бір дененің екінші денеге әрекеті қалай байқалады?
  2. Физикада күш деген сөзді қалай түсінеміз?
  3. Күш дененің қозғалыс сипатына қалай әрекет етеді?
  4. Күш немен сипатталады?
  5. Күш бірлігі ретінде не қабылданған?
  6. Қандай күш 1Н-ға тең болады?
  7. Сүрінгенде адам қай жаққа қарай және неге құлайды?
  8. Ордан неге жүгіріп барып секіру неге  жеңіл?
  9. Аққу, шортан, хамшаян мысалындағы арбадағы жүк неге қозғалмайды?

Жүкке түсірілген күш туралы не айта аласыз?

  1. бірқалыпты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтамыз?
  2. инерцияның пайдасы жайлы не айтасың?
  3. инерцияның зияны жайлы не айтасыз?

С Ә Т Т І Л І К

А-1. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жаз.

А-2. Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады?Формуласын жаз.

В-1. егер бастапқы координата   -10м, қозғалу жылдамдығы 5м/с болса, бір қалыпты түзусызықты қозғалыстың координатасының сызығы қандай болар еді?

В-2. Суретте көрсетілген бір қалыпты қозғалысқа сай бөліктерді таңдап алып, сондағы жылдамдықты табыңдар. ОА бөлігіндегі қозғалыс сипатының ВС бөлігінен айырмасы неде?


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бір орында және қозғалыс кезінде сәлемдесу тәсілдерін орындау, сәлемдесуге қозғалыс кезінде жауап беру
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Түзу сызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу
Қисық сызықты қозғалыс . Материалдық нүктенің шеңбер бойымен қозғалыс. Бірқалыпты қозғалыс.
Инерция. Кеңістік және уақыт
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі
Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу
Практикалық жұмыс: Жол, орын ауыстыру және бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7100 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык