Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Ішкі энергия» тарауын қайталау


«Ішкі энергия» тарауын қайталау

«Ішкі энергия» тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Ішкі энергия» тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін,танымдық әрекетін, ой-өрісін, танымдық әрекетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, төзімділікке, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта.

Түрі: Модульдік технологияның «Бақытты сәт» ойыны түріндегі сабақ.

Типі: Білімді тексеру, сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: Химия, география, математика,технология,информатика  пәндерімен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды түгендеп, сыныпты екі топқа бөліп ұйымдастыру.

ІІ. Мұғалімнің сөзі.

ІІІ.  І-гейм. «Бой сергіту». Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.

А-тобына берілетін сұрақтар:

 1. Жылу берілудің қай түрі қатты денелерді  қыздыруға негізделген?

  1. Жылу берілудің қай түрі энергияның тасымалдануы негізінде жүзеге асады?
  2. Ауа мен алюминийдің  қайсысының жылуөткізгіштігі жоғары?
  3. Ағаш ұнтағы мен мыстың қайсының  жылуөткізгіштігі төмен?
  4. Қай кастрюлдегі сұйық жылдам суиды: қақпағы жабық  кастрюлдегі ме, әлде қақпағы ашық кастрюлдегі ме?
  5. Ауасыз кеңістікпен бөлінген денелер арасында болатын жылуберілу түрін анықта.
  6. Ағаш есік пен оның темір тұтқасы  қандай температурада бірдей қыздырылған тәрізді көрінеді?
  7. Егер қанша энергия шығарып, соншалықты энергияны жұтатын болса, дене температурасы қалай өзгереді?
  8. Металдарды дәнекерлеу мен балқытап пісіру процесі қандай құбылысқа негізделген?

Б-тобына берілетін сұрақтар:

  1. Сұйықтарда жылу берілудің қай түрі жүзеге асады?
  2. Конвекцияның түрлерін ата?
  3. Болат пен ағаштың қайсысының жылуөткізгіштігі аз?
  4. Темір мен мақтаның  қайсысының жылуөткізгіштігі жақсы?
  5. Құм мен ауаның қайсысында  жылу берілу конвекция түрімен беріледі?
  6. Қандай температурада ағаш есікке қарағанда металл тұтқаның температурасы салқындау көрінеді?
  7. Жылу берілуінің түрлерін ата?
  8. Егер көп энергия шығарып, аз энергия жұтатын болса, дене температурасы қалай өзгереді?
  9. Тәжірибе жасау үшін пайдаланылатын жез және болат өзекшелердің қайсысының жылуөткізгіштігі жоғары?

ІІ-гейм. «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». «  Команда мүшелері бөшкеден шыққан шарлардың нөмірлеріне сәйкесті сұрақтарға жауап береді.  

А тобы

  1. Массасы 300г болат бөлшекті 400С дан 12400С ға дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.
  2. Массасы 500г қорғасынды 270С дан 470С ға қыздыру үшін 1140 Дж жылу мөлшері қажет. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.
  3. Массасы 0,9кг алюмий шәйнекті  массасы 4 кг суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет. Судың бастапқы температурасы 220С.

Б тобы

  1. Массасы 0,8кг мыс кесегін 2820С  дан 320С ға салқындату үшін қанша жылу мөлшері бөлінеді.
  2. Массасы 5,5кг торфты жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
  3. Температурасы 100С болатын 8кг салқын суды температурасы 850С, массасы 4 кг ыстық сумен араластырды. Қоспаның температурасын анықтаңдар.

ІІІ– гейм. «Сен – маған, мен – саған».   Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды. (Үй тапсырмасы)

IV -гейм.  «Жұмбақтас». Сұраққа жылдам жауап берген команда ұтады. Дайын болса қолдарын көтеру керек. 

  1. Кеседегі ыстық шәйді стөлден сөреге алып қойды. Осы жағдайда шәйдің ішкі энергиясы қалай өзгереді?
  2. Автомобиль қозғалғанда өзінің жылдамдығын 36 км/сағ – тан 90 км/сағ –қа өзгертті. Осы жағдайда оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?
  3. Массалары тең екі мыс шар бірдей биіктіктен құлады. Біріншісі – балшыққа құлады, екіншісі – тасқа құлап, серпіліп көтерілгенде біршама биіктіктен қолмен ұстап алды. Осы шарлардың қайсысы ішкі энергиясын көбірек өзгертті?
  4. Автомобиль қашан көп жанармай жұмсайды: аялдамасыз жүргенде ме, әлде аялдамаға тоқтап жүргенде ме? Неге?
  5. Құрлықта күндіз ыстық, ал түнде температураның 00С қа дейін төмендеуі неге байланысты?
  6. Жаздыгүні өте үлкен су қоймаларына жақын жерлерде, одан алыс жерлерге қарағанда онша ыстық болмау себебі неде?

V- гейм.  «Көсемдікке ұмтылу»

А тобы

  1. Берілген екі нақты заттың қайсысының меншікті жылусыйымдылығы көп екендігін қалай тексеруге болады?
  2. Ауа жылуды қалай өткізеді?Оны экспериментті түрде қалай көрсетер едің?

Б тобы

  1. Металдар жылуды қалай өткізеді? Оны экспериментті түрде қалай өрсетер едің?
  2. Сұйықтар жылуды қалай өткізеді? Оны экспериментті түрде қалай өрсетер едің?

ІV. Сабақты қорытындылау:Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Жылу құбылыстары
Жылу процестеріне есептер шығару
Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Балқу және қатаю кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі. Меншікті балқу жылуы
Молекулалық физика негіздері
Қайнау. Меншікті булану жылуы
Физика пәнінен формулалар жинағы
№2 Зертханалық жұмыс. «Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.»
Энергия тарауын қайталау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 2764 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык