Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Механикадағы күштер


Механикадағы күштер

Механикадағы күштер

Тақырыбы: Механикадағы күштер

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға практикалық жұмыста тапсырмаларды орындаудың тәсілдерін қарастыру,  «Күш» ұғымына байланысты графиктік және экспериметтік тапсырмалар орындау кезінде оқушылардың теориялық алған білімдерін практикада қолдана білулерін ұйымдастыру;  

Дамытушылық: Оқушылардың зерттеушілік, талдау қабілеттерін және ғылыми дүниетанымын дамыту,   танымдық белсінділіктерін арттыру.

Тәрбиелік:  оқушыларды ұқыптылыққа, шығармашылыққа және еңбектенуге тәрбиелеу, күнделікті тұрмыстық жағдайды, қоршаған ортаны түсінеге жетелеу.

Сабақ түрі: жалпылау сабағы

Сабақ әдісі: практикалық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: динамометр, тұрғы, жүктер, сызғыш, интерактивті тақта, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: математика, геометрия,

абақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сынып дайындығын, оқушы бейнесін тексеру, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Қайталау. а)Үйге берілген есептің шығарылуын тексеру.

14-жаттығу №3. а) 20 Н; ә) 11 Н; б) 30 Н;  в) 20 Н.

ә) Өткен материалдарды қайталау мақсатында ойын ұйымдастыру: механикадағы күштерге байланысты виктариналық сұрақтарға жауап беру.

 Сұрақтар механикадағы күштерге байланысты теориялық, сапалық және практикалық сұрақтардан тұрады. Әр оқушыға бір сұрақтан, ауызша жауап береді.

 

ІІІ. Жаңа сабақ. Деңгейлік (графиктік, экспериметтік) тапсырмалар орындау

А деңгейі. (В.И.Лукашик, есептер жинағы)

 

№328. 64-65 суреттерде жүктерге қандай күштер әрекет етеді және олардың бағыты қандай? Жауабы: Fа- Жердің центріне қарай, Fсер-ауырлық күшіне қарсы бағытталған.

№334. Қай шардың салмағы ең үлкен және ең кіші; шарлардың тығыздықтары қандай (68-сурет)?

Жауабы: 10 кг массалы шардың салмағы мен тығыздығы ең үлкен, 2 кг шардікі ең кіші болады.

№4. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық жерде бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

Жауабы: F=μN=μmg, μ=F/mg=200 H/500=0.4

В деңгей. (графиктік есептер)

№1.

График бойынша серіппенің қатаңдығын есепте. 

Жауабы:   

k=F/∆l=20Н/0,04м=500 Н/м

Графикте резеңке бұраудың ұзындық өзгерісі мен оған түсірілген күштің тәуелділігі берілген. Қатаңдақты анықта

Жауабы: F= k ∆l,  ∆l1=0, Ғ1=0;  ∆l2=0,2м, Ғ1=4 Н, онда  k=F/∆l=(4Н-0)/(0,2м-0)=20 Н/м

С деңгей. (экспериметтік тапсырма)

Тапсырма: Динамометр сетіппесінің қатаңдығын есепте, ауырлық күшті мен массаның тәуелділігін график бойынша көрсет.

Қажетті құрал-жабдықтар:  тұрғы, динамометр, жүктер және сызғыш. 

 Жауабы:

IV. Бекіту.

Тест жұмысы (флипчарт бойынша тест жұмысын орындау)

  1. Күштің өлшем бірлігі
  2. Н
  3. м
  4. с
  5. м/с
  6. үстел үстіндегі кітаптың массасы 0,5 кг. Кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің шамасы
  7. 0,5 Н
  8. 5 Н
  9. 50 Н
  10. 500 Н
  11. Жерде салмақсыздық күйін сезінуге болады ма?
  12. Болмайды
  13. Ғарышкемесінде ғана сезінуге болады
  14. Болады, секірген кезде
  15. Мүмкін емес
  16. Серіппеге ілініп тұрған жүкті алып тастағанда, серіппе қандай күштің әсерінен сығылады?
  17. Серпімділік күші
  18. Ауырлық күші
  19. Үйкеліс күші
  20. Бүкіләлемдік тартылыс күші
  21. 1 Н күште қанша кН күш бар?
  22. 10 Н
  23. 100 Н
  24. 10-2 Н
  25. 10-3 Н
  26. Үйкеліс күшінің бағыты қандай?
  27. Жердің центріне қарай
  28. Қозғалыс жылдамдығының бағытына қарсы
  29. Қозғалыс жылдамдығымен бағыттас
  30. Жоғары қарай

VІІ.Үйге тапсырма. Денелердің өзара әрекеттесуі тарауын қайталау. Тарау бойынша тест құрастыру.   Бақылау жұмысына дайындалу.

VІІI. Бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Күшті өлшеудің практикалық тәсілдері.
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы
Күш. Күш түрлері
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Архимед күші
Механикадағы күштер
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 4975 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык