Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Озық ойлы оқушы


Озық ойлы оқушы
Сабақ тақырыбы: Озық ойлы оқушы.
 
Мақсаты: а) Оқушының физика пәні бойынша алған білімін кеңейтіп, ой-өрісін тереңдету.
ә) Өз мүмкінділігін пайдалана отырып, ойын анық жеткізе білуге бағыттау.
б) Зерделікке, логикалық ойлануға тапқырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
 
Сабақ түрі: Танымдық ойын, сайыс сабағы.
Сабақ әдісі: Оқушылардың білім-білігін, дағдысын қалыптастыру, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелерді қоя білуге үйрету әдісі.
Сабақ көрнеклігі: Өлшеуіш құралдар, кесте, карточкалар,  тест сұрақтары.
Сабақ барысы:  1. «Ой қозғау».
                             2. «Бәйге».
                             3. «Ойлы болсаң, озып көр».
1- бөлім бойынша оқушылардың алдына бірдей деңгейде тест сұрақтары беріледі. ( Ой қозғау) Әр жауапқа 1ұпайдан беріледі.
2- бөлім бойынша әр оқушыға 7 сұрақ оқылады. Дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі. 
3-бөлім бойынша 5 тақырыпқа сәйкес тапсырмалар қойылып, деңгейіне қарай ұпайлары беріледі.                 
                                 Тақырыптары                          Ұпайлары
                              1) Формулалар                        10 20 30 40 50  60
                              2) Өлшеуіш құралдар 
                              3) Өлшем бірліктер
                              4) Мақал-мәтелдер
                               5) Ұлы адамдар
2-бөлімдегі тапсырманың сұрақтары.
1) Қиярды, балықты тұздау қандай физикалық құблысты түсіндіреді. (Диффузия)
2) Қоянның жылдамдығы 54 км/сағ, оны м/с –пен өрнекте. (15 м/с)
3) Ұзындықтың өлшем бірлігі (м)
4) Біз таксиге не үшін жолақы төлейміз ( жол үшін)
5)  Ашық ыдыс көлемінің 50%-ын газбен толтыруға бола ма (Жоқ, газ барлық жерге жайылады.)
6) Қатынас ыдыстың 1 тармағына су, 2-ші тармағына керосин құйылған, қай сұйықтың деңгей жоғары (Керосин) 
7) Fa ˃FA болса, қандай шарт орындалады. (дене суға батады.)                                     
 
1. Мына сөздердің  қайсысы «зат» ұғымына жататынын көрсетіп ата (автоқалам, мыс, аудан)
2. Жердің табиғи серігі (ай)
3.Сағаттың минуттық тілінің қозғалыс траекториясы (дөңгелек)    
4. Бөлмеде әтір иісінің таралуының қандай құбылысқа жататынын ата (диффузия)
5. График неғұрлым тік болса жылдамдық соғұрлым (үлкен) қандай болады.
6. Дене жерге түсті қандай күш жұмыс істейді (ауырлық күші)
7. Қатынас ыдыстың бір тармағына су екінші тармағына сынап құйылған қай сұйықтың деңгейі үлкен (судың )
1. Біз ұшақа не үшін жол ақы төлейміз жол үшін бе әлде орын ауыстыру үшін бе ( орын ауыстыру)
2.Диффузия затың қай күйінде шапшаң жүрелі (газ күйінде)
3.Дене температурасын өлшейтін құрал (термометр)
4.Дельфиннің жылдамдығы 72км\сағ оны м\с пен өрнекте (20м\с)
5Көктайғақта жолға неге құм  себеді (үйкеліс күшін көбейту үшін)
6.Жер қазғанда неліктен ұшты күректі пайдалану тиімді (аудан аз болса қысым көп болады)
7.Ағаш суда қалқып жүр ауырлық күші мен Архимед күшін салыстыр (екі күш тең)
1. Қардың еруі , күннің салқындауы ,қорғасынның балқуы қандай құбылыс  (жылулық құбылыс)
2. Заттың  ұсақ бөлшегін құрайтын бөлшек қалай  аталады ( атом)
3. Дененің жылдамдығы  қандай шама. (векторлық)
 4. Қ оянның жылдамдығы 54 км\сағ, ал дельфиннің жылдамдығы 20 м\с олардың қайсысының жылдамдығы үлкен. ( дельфиндікі)
 5. М.К.Т. теориясының қағидалары.
6. Ға , Архимед күшінен артық болса қандай шарт орындалар еді ( дене суға батады)
7. Қалыпты атмосфералық қысым (760 мм.сын.бағ.)
3 - ші бөлімнің тапсырмалары (Мақал -мәтелдер сайысы)
1. Қандай физикалық шама немесе қандай құбылысқа негізделген. 
2. Адамтануда және сезімін қалыптастырудағы көрінісі мағанасы.
     10-ұпай. Басқан жерде із қалар, айтқан жерде сөз қалар. (қысым, ауыздан шыққан сөздің салмағына мән беру)
     20- ұпай. Бір сасық құмалақ бір қарын майды шіртеді. (диффузия, бір жаман ісіңмен барлық   істеген жақсы ісіңді жоясың )  
       30-ұпай.  Шапқан озар , жатқан қалар ( инерция, іс бітіру үшін әрекет ету  керек)
        40- ұпай.  Қол жұмылмай   жылынбайды ( жылулық  құбылыс,бірігіп істеген  іс жеңіл болады)
         50- ұпай.  Қыс арбаңды,  жаз  шанаңды  сайла. ( үйкеліс күштерінің түрлері, қыс қамын жаз ойла....)
Ф о р м у л а л а р .
       10. Дененің тығыздығы  мен көлемінің көбейтіндісі .....
        20. Деформацияланған  серіппенің потенциялдық энергиясы.....
       30. Істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа                                           бөлсек қандай физикалық  шаманы алуға болады, қалай жазылады.
      40. Ыдысқа һ биіктікке дейін су құйылған сол судың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымын  қалай анықтауға болады.
       50. Массасы  m дене F күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді, үйкеліс коэффицентін қалай анықтауға болады.                       Өлшеуіш   құралдар
( Қандай физикалық шамаларды өлшеуге арналған құрал, құрлысы.) . .
    10.    Т а р а з ы -
    20.    Д и н о м о м е т р -             
    30.    Борометр – анероид –
    40.    А р е  о м е  т р –
    50.    Т е л е с к о п –
 
                              Ұ л ы        а д а м д а р.
      
10-ұпай.   Физика гректің фюзис –табйғат  дегенді білдіреді.Бұл сөздің ғылыми мағанасын байытуда тарихта(екінші ұстаз) атанған біздің ұлы бабамыз
                           (Әбу Насыр әл-Фараби.)
20-ұпай.   Ертедегі грек ғалымы  барлық заттар б өлінбейтін  өте кішкентай  ұсақ  бөлщентерден түрады деп жорамал жасаған және ол бөлшекке атау берген кім. ( Демокрит)
 
30 –ұпай.  Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық  кедергі жойылған болса , ол дене қалай қозғалар еді , деген сұраққа жауап  берген қай елдің ғалымы, кім (Италияның атақты ғалымы Галилео Галилей.)
40-ұпай.   «Жер  қозғалмайды»  деген жобаны теріске шығарып  Жер өз осін    айнала отырып, барлық планеталармен бірге кеңестікте  Күнді  айнала қозғалады деп көрсеткен және аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасауда 324 шаманы есептеп шығарған ұлы поляк ғалымы кім. ( Николай коперник.)
50-ұпай.  Барлық  кеңестікті жайлаған  тартылыстан  «жеті қат көкке ұшсақтақ»,  «жеті қабат  жер  астына енсек те құтыла алмаймыз , әлемдегі денелердің  бір  біріне  тартылуы яғни  бүкіл  әлемдік тартылыс  заңын  ашқан  ағылшын  ғалымы кім.  (Исаак Ньютон.)
 
 
                                   Ө л ш е м         б і р л і к т е р .
 
10-ұпай.     Тығыздықтың   өлшем бірліктерін ата.  ...
20-ұпай.      Еселі өлшем бірліктер  - гекто, кило, мега  қалай жазылады. Үлестік өлшем бірлік –онның  минус екі ,минус үш ,минус        алты  дәрежелері қалай оқылады 
30-ұпай.     Қандай физикалық  шамалардың өлшем  бірліктері  бірдей .
40-ұпай.      Бір  киловатт – сағат (кВт. сағ) джоульмен  өрнекте
50-ұпай.      1 кг  денені   1с   ішінде    1 м\с  жылдамдық беретін қандай
                           шама  және  оның   өлшем  бірлігі  қандай.
 
Қорытынды
Оқушыларды ұпай сандары бойынша марапаттау.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Қазына» танымдық сайысы.
Интеллектуалды білімпаз
Жас физик
Глоссарий
«Физика және табиғат» физикалық сайыс
ФИЗИКА ҒЫЛЫМЫНА САЯХАТ
Архимед күші
Динамика негіздері тарауын қайталау
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің массасы. Күш
Архимед заңын тексеру
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 2409 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык