Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Физика |
Көрсетілім: 9914 |
|
|
|
Архимед заңын тексеру
Сабақтың тақырыбы: Архимед заңын тексеру
Жұмыстың мақсаты
Білімділік Судағы денеге әсер ететін кері итеруші күш Архимед күшін және кері итеруші күш қандай
физикалық шамаларға тәуелді екенін анықтау
Дамытушылық Жұмысты орындап, есептеулерді реттеп жазып,шыққан қорытындыны тұжырымдай
білуге үйрету
Тәрбиелік Өзін-өзі басқаруға, бақылауға жетелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тәжірибелік, салыстыру, бағалау.
Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру (Оқушыларды құралмен жабдықтау)
ІІ Оқушы нені білу керек: Архимед заңы тақырыбына байланысты
оқушылар білімін тексеру
1. Архимед заңын қандай жерлерде кездестіруге болады.
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады.
3. Архимед күші қандай физикалық шамаларға тәуелді
4. Архимед күшінің математикалық формуласы
5. Архимед күші пайдалан отырып дене көлемін, дене тығыздығын қалай анықтауға болады.
Негізгі бөлім
1-тапсырма: су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу
Жұмыстың барысы:
1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау
2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g
Vд=V2-V1
V1-судың бастапқы көлемі
V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі
3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?
4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?
5. Кестеге алынған мәліметтерді жазу керек.
реті Дененің көлемі
Vсу (м3) Дене ығыстырған сұйық салмағы Р0 (Н) Дененің ауадағы салмағы Р (Н) Дененің судағы салмағы Р1(Н) Ығыстырушы күш Fы (Н)
Қорытынды: Ығыстырушы күш, дене ығыстырып шығарған судың салмағына тең.
2-тапсырма. Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне Vg байланысты екенін тексеру.
Құралдар: мектеп таразысы, әрқайсының массалары тең көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.
Жұмыстың барысы:
1. Жүктердегі таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе-теңдік қалпына келтіреміз.
2. Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішне батырсақ, таразы тепе-теңдігі бұзылады ма?
Қорытынды: Таразы тепе-теңдігі бұзылады, себебі көлемдері әр түрлі көлемі үлкен денеге әрекет ететін ығыстырушы күште көп болады.
3-тапсырма: Fы –ығыстырушы күш сұйықтың тығыздығына байланысты екенін тексеру.
Құралдар: Мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі жүк, су бар және судан басқа сұйық құйылған ыдыс.
Жұмыстың барысы:
1. Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп таразыны тепе-теңдік қалыпқа келтіреміз.
2. Егер бір жүкті суы бар ыдысқа екінші жүкті басқа сұйық құйылған ыдысқа салсақ (батырсақ) таразы тепе-теңдігі бұзылады ма?
Қорытынды: Таразы тепе-теңдігі бұзылады себебі екі түрлі сұйықтың тығыздықтары әр түрлі (ρ) тығыздығы көп болса, кері ығыстырушы күш те көп болады.
Сабақты қортындылау: Оқушы нені білгісі келді.
Архимед күші FA= ρc gVg
ρc- cұйықтың немесе газдың тығыздығы
g- 9,8=10Н/кг
Vg-дененің немесе газдың көлемі
Бүгінгі жасалған зертханалық жұмыс бойынша:
1. Егер (ρс) сұйықтың тығыздығы көп болса, FA-да көп болады.
2. Егер (Vg) сұйыққа батырылған дене көлемі үлкен болса, FA-даАрхимед күші де көп болады.
Сұйыққа батырылған дене өзі ығыстырып шығарған сұйықтың салмағыан тең салмақты жоғалтады. Оқушыларды бағалау зертханалық жұмысты тексеріп және бүгінгі жұмыс кезінде сұраққа жауап беріп ой бөлісіп отырған оқушылар ескеріледі.
Сабақты оқушылар қортыныдылап дәптерге жазып, зертханалық дәптерді мұғалімге тапсырады. Орнын жинастырып, үйге тапсырма алады.
Үйге тапсырма: §55. 29-жаттығ
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |