Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биосфера туралы ұғым


Биосфера туралы ұғым

Биосфера туралы ұғым

 Сабақтың  мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға тіршілік қабығы биосфера туралы,оның шекаралары туралы білімдерін кеңейту.

2.Дамытушылық:Оқушылардың  сөйлеу, ойлау ,есте сақтау шеберліктерін қалып тастырып пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелілік:Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға,ұтымды пайдалануға , отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,үлестірмелі қағаздар,суреттер.

Пәнаралық байланыс: Экология,Биология

Сабақтың барысы :   I.   Ұйымдастыру

II.  Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ

IV. Бекіту

V   Қорытынды

I. Ұйымдастыру

1.Амандасу

2.Түгендеу,белгілеу

3.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. I.                  деңгейлік тапсырма.Ауызша сабақ сұра
  2. II.               деңгейлік  тапсырма.Семантикалық карта      
  3. III.           деңгейлік тапсырма. Топтастыру стратегиясын қолдану.

III.Жаңа сабақ

Жоспар

  1. Биосфера дегеніміз не?  Биосфераның шекаралары.
  2. Ағзалардың өзара байланысы? Биоценоз.

Биосфера

Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналадыОл гидросфера қабатын түгеліменатмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысыньң жоғарғы бөліктерін қамтиды.

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. 
Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатырЛитосфера – жердің қатты қабатыЖоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды

Биоценоз – тірі организмдердің жануарлардыңөсімдіктердіңсаңырауқұлақтардыңмикроорганизмдердің,бір жерде бір-бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.

Биоценоз деген атауды немістің ғалымы Карл Мебиус 1877 жылы Солтүстік теңіз устрицларын зеріттегенде ең бірінші болып ғылымға енгізген еді.

IV.Бекіту

Ой толғау (шығармашылық жұмыс)

1. Биосфера қабығының маңызы

Сәйкестікті табу

V.Қорытынды. Сонымен қоршаған ортаны қорғау әрбірімізге парыз.

Табиғатқа, 
Тартпай қоймас - Адамдар, 
Суда балық, 
Көк жүзінде қыран бар. 
Жеңе алмайды, тірліктегі - бірлікті 
Ашылса да алты алауыз - арандар! 

VI.Үйге тапсырма:         §46  (144-145беттер)

VII.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жануарлардың көптүрлілігі және маңызы.
Жердің құрылысы
Биосфера тарауын қайталау сабағы
Биосфера туралы ұғым
Организмнің қоректену тізбектері мен зат және энергия алмасу
Экология негіздері
Биоэкология қолданбалы курсы
Жердің құрылысы
Ғаламшардағы тіршілік
Табиғат кешені ашық сабақ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 13958 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык