Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуразия материгінің жер бедері


Еуразия материгінің жер бедері

Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің жер бедері

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларға Еуразия материгі жер бедері ерекшелігінің тарихи дамуына байланысты екендігін ұғындыру.
Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ізденістерін ұйымдастыра отырып, олардың есте сақтау, ойлау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды саналы тәртіпке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Бейнелеу. Еуразияның физикалық картасы, жер қыртысы картасы, атлас, кесте, тірек сызба, плакат, жеке үлестірмелер, бүктеме. 
Сабақтың әдістері: ізденіс, интерактивті әдіс, әңгімелесу, сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс.
Сабақ типі: дәстүрлі аралас сабақ.
Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
1-кезең.Сәлемдесу, тілек айту. Оқушылардың ойын, зейінін тақырыпқа аудару.
2-кезең. Сынып тазалығына, жарықтануына, көрнекіліктің талапқа сай ілінуіне көңіл аудару, кезекшімен қысқа сұхбат.
3-кезең. Оқушының сабақ барысындағы жұмысын ұйымдастыру. (Оқулықтың 12,14,16-беттеріне, атластың 4-5-ші және 27-беттеріне қиынды салу).
 
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Этап Мұғалімнің қызметінің түрлері Оқушы қызметінің
түрлері
Ұйымдастыру
Сабаққа көңілін аудару.
Өткен сабақты пысықтау:
1 сұрақ: Қандай материк туралы оқып үйрендік? (Картадан көрсету)
2 сұрақ: Материктің физикалық-географиялық орнына сипаттама беріңдер.
3 сұрақ: Сандарды сөйлетейік. 54 млн км2; -405 м; 8848 м, 300 м; 950 м.
4. Тақтаға сөздер жазылған плакат ілу. Лобнор көлі, Хуанхэ, Янцзы өзендері, жабайы жылқы, жабайы түйе. Бұл сөздер қандай саяхатшы есімімен байланысты?
Тянь-Шань
Хан-Тәңірі
Ыстық көл
Осы саяхатшылар туралы не білесіңдер?
 
Өткен сабақты бекіту:
1-кезең. Тақтаға дидактикалық диктант ілінеді, көп нүктенің орнына сөздерді тауып жазу. Еуразия материгі ... мұхитпен де шектеседі. Оның ... бөлігі биіктеу. Оның ең төмен жатқан жері ... метр.
Материкті зерттеген саяхатшылар: 
2-кезең. Не білдік?
Не үйрендік?
1. Еуразия туралы жалпы мәліметтерді.
2. Еуразияның физикалық-географиялық орнын анықтауды.
3. Материктің зерттелу тарихын.
Мұғалім әрекеті.
Жаңа сабаққа кіріспе, міндеті мен мақсаты айтылады.
Сұрақ: Жер бедері деген не?
Тапсырма: Атластың 27-бетіндегі картадан материктегі таулар мен жазықтарды табыңдар.
Жаңа сабақ.
Еуразия материгі жер бедерінің жалпы ерекшеліктеріне әсер еткен қандай жағдайлар екендігін білу үшін оқулықтың 12-бетіндегі 6-сурет бойынша материкте қандай платформалар орналасқанын айту. 
Қандай басқа плиталармен шектеседі?
Тапсырма: 13-бетте «Егер біреуінің ...»деп басталатын жерінен оқыңдар. Егер біреуінің мұхиттық, ал екіншісінің материктік жер қыртысы бар плиталар өзара жақындасатын болса, онда теңіз астындағы плита иіліп, континеттің астына қарай «сүңгігендей» болады. Мұндай жағдайда терең сулы науалар, аралдар доғалары, тау жоталары пайда болады. 
Мысалы: Куриль науасы, Жапон аралдары. Ал материктік плиталар жақындасқанда шөгінді жыныстар қоса сығылып, қатпарға айналады да таулар пайда болады.
Мұғалім әрекеті.
2-кезең: 15-беттегі тапсырма.  «Жердің сейсмикалық белдеуі» тақырыпшасы бойынша сұраққа жауап. 
Сөнбеген жанартаулар мен жер сілкіну аймағы материктің қай бөлігінде шоғырланған?
 
 
Тапсырма: Атластың 3-4 беттерінен жанартауларды, жер сілкіну аймақтарын табу.
Жер қыртысында жанартаулардың атқылауы мен жер сілкінуді жердің қандай күштері деп айтамыз?
3-кезең. Жер бедерінің қалыптасуына
ішкі күштерден басқа қандай күш әсер етеді?
4-кезең. Мұз басу.
Қар ханшасы туралы ертегі.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жөні бөртеде солтүстікте «Мұзды арал» деген жерде Қар ханшасы хандық құрыпты. Ол өте ызғарлы суық болған. Өзінің зәулім мұз сарайларынан жел болып ұшып, боран болып ұйтқып, басқа жерлерге саяхатқа шығып тұрады екен. Жүріп өткен жерлердің бәрінде тіршілік мұзға айналып отырады. Бірде ол солтүстік-батысқа қарай ұшып ұйтқып келе жатып «Орман» патшалығына келіп жетеді. Зәулім ағаштарды, гүл жайнаған алқаптарды көргенде ханшаның іштарлығы ұстап: «Менде бір ғана арал, ал «Орман» патшалығында соншама жері бар» деп қаһарлана Мұхитты қаратып, оңтүстікке патшалық жеріне қарай итере бастады. Сөйтіп «Орман» патшалығын мұз басты. «Орман» патшалығы өзінің мейірімімен жерді жылытқан кезде мұздық шекарасы солтүстікке қарай ығысты. Ал Қар ханшасы ызғарланып ашуланғанда оңтүстікке жылжып отырады. 
Ертегінің соңы «Орман» патшасының 
Жеңісімен аяқталады. Бірақ Қар ханшасы итеріп әкелген тастар жер бетінде қалып, оларды морена деп атайды. Ал қалың мұз жиналған ойпаңдарда еріген соң пайда болған көлдері мореналық көлдер деп аталады. Балалар, айтыңдаршы, жер бедерінің қалыптасуына тағы не әсер етеді?
 
Жаңа сабақты бекіту.
1-кезең. Сонымен, балалар, Еуразия материгі жер бедерінің қалыптасуына, оның жалпы ерекшелігіне қандай жағдайлар әсер етеді екен? (Тірек сызба арқылы қайталау, талдау).
2-кезең. Биік таулар мен жазықтарды көрсету.
3-кезең. Не білдік? Не үйрендік?
1. Материктердің даму тарихын.
2. «Отты шеңбердің» пайда болуын.
3. Материкті мұз басуын.
4. Морена, мореналық көлдерді.
Бағалау.
Бағандық диаграмма және гистограмма бойынша сабақ бағаланады. 
Оқушылардың аттарын жазып қою арқылы бағаларымен таныстыру.
Талдау: Сыныптағы оқушылардың еңбектері.
Сабақты қорытындылап, балалармен қоштасу. 
 
Картадан көрсетеді.
 
Экваторға қарағанда солтүстік жарты шарда 00 меридианға қарағанда шығыс жарты шарда. Ұлыбритания аралы мен таулары батыс жарты шарда. Барлық мұхиттармен шекаралас. 
Оқушылар материктің көлемі жағалауының ұзындығы ең биік, ең аласа нүктелерін картадан табады.
Оқушы жауабы: Николай Михайлович
Пржевальский
Оқушы жауабы:
Петр Петрович Семенвтың атымен байланысты. Оқушы кез келген сөзбен байланыстырып, әңгімелеп беруіне болады.
 
Дәптерге жазып алады да нүкте орнына: төрт, азиялық, Өлі теңіз, 
-405 м, Пржевальский, Семенов, Уәлиханов, т.б. зерттеушілер.
 
 
Оқушы жауабы:
1.Материктің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді көрстеуді. 
2.Материктің географиялық орнын карта бойынша анықтай білуді. 
3. Кескін картаға түбектерді, теңіздерді түсіре білуді.
 
Көлемі, шығу тегі және жасы жөнінен өзара айырмашылығы болатын ойлы-қырлы жер бетін жер бедері дейді.
Материктің физикалық картасынан ірі таулар мен жазықтарды көрсету. 
 
Шығыс Еуропа, Арабия, Үндістан, Қытай-Корей, Сібір, Оңтүстік Қытай.
15-бет. Литосфералық плиталардың шекараларында қозғалмалы аймақтарда жанартаулар шоғырланады. (Ключи Шоқысы, Кракатау т.б.)
(Отты шеңберін» картадан көрсетіп сипаттама беру.
 
Ішкі күштер.
(Оны тақтаға ілу)
«Мұз басу» деп жазылған сөзді тақтаға ілу.
1. Картадан жануарларды табу.
2. Атлас карталарын салыстыра білу.
3. Сөздік жасап отыру.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік Америкаға саяхат
Еуразия материгінің географиялық орнының ерекшелігі. Материктердің қоныстану тарихы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Еуразия климаты
Солтүстік жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Еуразияның жер бедері
Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы
Еуразияның географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы
Еуразия жер бедері мен пайдалы қазбалары
Африкаға саяхат
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 2620 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык