|
|
«География лидері» атты сайыс сабақ
Қазіргі теледидарда көрсетіліп жүрген XXI ғасыр лидері интеллектуалдық шоудың ізімен жүретін ойын сабақ.
Сайыс сабағының мақсаты: ойынға қатысушылар арасынан лидерді анықтау,оларды тез ойлауға ,алғырлыққа,тапқырлыққа,ізденуге баулу. Сайыс VI кезеңнен тұрады.
I кезең «Бәйге»
II кезең«Құрастыр »
III кезең «Тапқырлар»
IV кезең "Ғажайып ондық»
V кезең"Толысу"
VI кезең"Қорытынды"
Әділқазылар мен таныстыру .
Халық айтса қалт айтпайды ,
Әрқашанда нанымды ,-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар .
Қазылар алқасы:
География пәнінің мұғалімі:Карагулова.Г.Б
Тарих пәндерінің мұғалімдері:Төлепбергенов .А,Әліпбаев.Н
Қатысушылар:
Сатмуллдин Самрат,Алтынбаева Айдана,Жалғас Бекасыл
Жумагазин Адилхан,Мейрамбекова Қазына,Тоқтар Ақдана
Білім деген биік шың.
Бақытқа сені жеткізер.
Білімді деген ақылшың
Қиындықтан өткізер , – деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз.
I кезең «Бәйге»
20 Сұрақ (әр дұрыс жауапқа 10ұпай)
1.Қазіргі жер шарындағы халық саны ?
Жауабы :6млрд
2. Қай елдің халық саны 1 млрд 300 млн адам?
Жауабы :Қытай
3. Үндістер байырғы қай елдің халқы ?
Жауабы : Американың
4.Дүние жүзінде кең таралған тіл?
Жауабы :ағылшын
5.Қой өсірудің негізгі аймағы?
Жауабы :Аустралия
6.Халқы тек бір ұлттан тұратын мемлекет?
Жауабы :Жапония
7.Барлық мередиандар түіскен материк ?
Жауабы :Антарктида
8.Жер бетінің қанша пайызын дүние жүзілік мұхит сулары алып жатыр?
Жауабы:71
9.Африка неше мұхитпен шектеседі ?
Жауабы:2
10.Аустралия материгінде ғана мекендейтін жануар?
Жауабы: кенгуру
11. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км кв?
Жауабы:361 млн кл кв
12. Африка материгі неше мұхитпен шектеседі?
Жауабы:2 мұхитпен
13.Тынық мұхитының Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болатын жойқын жел атауы ?
Жауабы:тайфун
14. Толысу мен қайту құбылысы ненің әсерінен болады?
Жауабы: Айдың тартылыс күшінің әсерінен
15. Мадагаскар аралы қай мұхитта орналасқан?
Жауабы:Үнді мұхитында
16. Ұлы географиялық ашылудың басталған кезеңі
Жауабы:ІX – ғасыр
17. Орталық Азияға бірінші өтіп, оның батыс бөлігі-Қашғарияның табиғат жағдайлары, халқы, тарихы жайында мәлімет жинаған ғалым кім ?
Жауабы:Ш.Уәлиханов
18. Қай материкте 16 ел ғлыми стансаларын орнатып, оны табиғаттың жан-жақты зерттейді?
Жауабы:Антрактидада
19.Ауданы аралдарымен қосып есептегенде 30,3млн км;-ты құрайтын материк?
Жауабы:Африка
20 Жапония елі қай материкте орналасқан?
Жауабы:Еуразия
1 кезеңнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығады.
II кезең
«Құрастыр» Бұл кезеңде тақтаға алфавит бойынша 25 әріп беріледі. Сол әріптерден география пәніне байланысты сөздер құрау.(10 сөз)
а б в г ғ д е ж з и к л м н о ө ұ ү п р с т ш х я
ІІІ кезең « Тапқырлар»
Бұл кезеңде тұрған қағаздын үстіндегі су толтырылған стаканды ауызбен жеткізу.
(3ші кезеңнен кейін ұпайы аз 2 оқушы шығады)
IV кезең. "Ғажайып ондық".Бұл шартта 10 ұяшықта пәнге байланысты сұрақтар жазылған. Ұпайы жоғары оқушы бастайды. Дұрыс жауап 5 ұпай.
1-ұяшық.
Орталық Азия мемлекеттерін атаңыз?
Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан.
2-ұяшық.
Бұл материктің шеткі нүктелері мынадай:
Солтүстік нүктесі – Мэрчисон
Оңтүсттік нүктесі – Марьято
Батыс нүктесі – Принц Уэльс
Шығыс нүктесі – Сент – Чарльз қай материк?
Жауабы: Солтүстік Америка
3-ұяшық.
Ең жас эра?
Жауабы: кайназой
4-ұяшық.
Құлау биіктігі 1054 метрден асатын сарқырама атауы?
Жауабы: Анхель
5-ұяшық.
Оңтүстік Американың ең үлкен аралы?
Жауабы: Отты жер аралы, көлемі 47000 км кв;
6-ұяшық.
Ауа қысымын өлшейтін құрал?
Жауабы: барометр
7-ұяшық.
Ыстық су мен бу атқылап тұратын бұлақ?
Жауабы: гейзер
8-ұяшық.
Үндістер мен негрлердің некелесуінен тараған ұрпақ атауы?
Жауабы: самбо
9-ұяшық.
Орталық Азия шөлі?
Жауабы: Гоби
10-ұяшық.
Индонезияның ең үлкен аралы?
Жауабы: Калимантан
V кезең"Толысу"
Бұл кезеңде әділ қазы алқалары екіге бөлініп сайысқа қатысушыларға топ жанкүйірлері ретінде сұрақ қойяды.Барлығы 2 сұрақ, дұрыс жауап 10 ұпай.
1 сұрақ.1991 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасында қандай өзгерістер болды? (ТМД ға мүше болды)
2 сұрақ.1992 жылы 2 наурызда қазақ елінде қандай өзгерістер болды?
(БҰҰ ға кірді)
VI кезең."Қорытынды"
Сайыс өз мәресіне жеткен соң, әділ қазы алқалары барлық ұпайларды есептеп, жеңімпаз оқушыны анықтайды.
Осымен біздің бүгінгі "География лидері" сайысымыз аяқталды. Бүгінгі жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! География пәніне қызығушылығын одан әрі арттыруға көмек болды деп есептеймін.
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |